Сара Алпысқызы туралы мәлімет суреттер
Өнеге сағаты
Алтын жүректі ана
Бұл өнеге сағаты Өзін-өзі тану пәнінің негізін салушы, Қазақстанның бірінші ханымы, ел анасы Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы мен қоғамдық қызметіне, сондай-ақ туған күніне арналады.
Тақырып
Алтын жүректі ана
Түрі
Өнеге сағаты
Көрнекілігі
- Сара Алпысқызы туралы мәліметтер мен суреттер
- Нақыл сөздер
- Слайдтар, бейнероликтер
Мақсаты
Қазақстанның бірінші ханымы, «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолын таныстыру; оның жалпыадамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық бастамаларын түсіндіру.
Еліміздегі адамгершілік-рухани білім берудің дамуына қосқан өлшеусіз үлесін айқындап, жер бетіндегі барша халықтың ортақ арманы — өзара түсіністік пен сыйластықты сақтау қағидасының мәнін ашу.
Өзін-өзі тану әлемінің басты мұраты — ұл-қыздарымызды өзімен және өзін қоршаған ортамен үйлесімде өмір сүруге баулу. Сара Алпысқызының ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың жүрегінде өмірге, ата-анаға, ең жақын жандарға, жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат, достық секілді ізгі қасиеттерді тәрбиелеу.
Негізгі ой
Адам баласының ең биік мұраты — бір-бірін түсініп, құрметтей білу, мейірім мен ізгілікті өмір салтына айналдыру.
Кіріспе (жүргізуші сөзі)
Фанфары
1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, мейірімді аналар және тәрбиелі оқушылар!
«Өзіңді танысаң, өзгені де танисың» — демекші, Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы онкүндігінің аясында, Өзін-өзі тану пәнінің негізін салушы, Қазақстанның бірінші ханымы, мейірім мен ізгіліктің символы, ел анасы С. А. Назарбаеваның туған күніне орай ұйымдастырылған өнеге сағатына қош келдіңіздер!
Бұл бөлім оқушыларды рухани-адамгершілік құндылықтарға жетелейтін ой-толғамға бағыттайды.