Мысықтың тапсырмасы

Пысықтау сабағы (3-сынып)

Бұл сабақта оқушылар 6-ға көбейту және 6-ға бөлу тақырыптары бойынша алған білімін бекітеді. Сабақ ойын элементтері арқылы ұйымдастырылып, практикалық ойлау қабілетін дамытуды, ұқыптылық пен тиянақтылыққа тәрбиелеуді көздейді.

Сабақтың мақсаты

  • 6-ға көбейту және бөлу жағдайларын пысықтау.
  • Практикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
  • Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Ұйымдастыру

  • Сабақтың түрі: пысықтау сабағы.
  • Әдісі: сұрақ-жауап, ойын түрлері.
  • Көрнекілігі: тірек сызықтар.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа дайындап, зейінін шоғырландыру. Қажетті құралдарын (дәптер, кітап, қалам) дайындау.

2) Психологиялық дайындық

Ал, қанекей, балалар,
Берi қарай қарайық.
Қажет құрал, кітапты,
Алдымызға алайық.
Алаңдамай басқаға,
Сабаққа назар салайық.
Дұрыс есеп шешімін,
Мұқият қарап шығайық.

Бүгін біз 6-ға көбейту және бөлу туралы білімімізді тиянақтаймыз. Ол үшін «Қысқы орманға саяхат» сабағын өткіземіз.

Қысқы орманға саяхат: кіріспе

Сұрақ: Қыс айларын атаңдар.

Жауап: желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Орманда қандай аңдар мен үй жануарлары кездеседі, олардың қысқа дайындығы қандай екенін бірге байқаймыз.

Аю және «құлпынай» тапсырмалары

Ормандағы аю тәттілерді көп жеп семіреді де, апанына жапырақ төсеп, қысқы ұйқыға дайындалады.

Ормандағы аюдың құлпынайы көп екен — теріп, қалтамызға салайық.

Үй тапсырмасы: 2-тапсырма

а) Сатушы 6 сатып алушыға 8 кг-нан алма өлшеді. Барлығы қанша килограмм алма өлшенді?

Шешуі: 6 × 8 = 48

Жауабы: 48 кг

ә) 42 алмұрт бірнеше тәрелкеге тең бөлінді. Әр тәрелкеде 6 алмұрттан болса, неше тәрелке қажет?

Шешуі: 42 ÷ 6 = 7

Жауабы: 7 тәрелке

б) 54 кг кәмпит 6 қорапқа тең бөлінді. Әр қорапта неше килограмм кәмпит бар?

Тапсырма: оқушылар өздері есептеп, жауабын дәлелдейді.

Күннің жадысы және «Мысық» жұмбағы

Тікірейіп құлағы,
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып, керіліп,
Беті-қолын жуады.

Жауабы: Мысық.

Мысық: «Қыс келді, мені үйлеріңе ала кетіңдерші». Ол үшін мысықтың тапсырмасын орындаймыз. Кім дұрыс шығарса, сол оқушы мысықты «алады».

Мысықтың тапсырмасы: 1-тапсырма (ауызша)

Оқушылар 6-ға көбейту және бөлуге арналған қысқа сұрақтарға жылдам жауап береді.

Қоян және «сәбіз» тапсырмалары

«Өзінше ноян, қорқақ — не?» (Қоян) Қоян сәбіз жегісі келеді — оған көмектесейік.

4 сәбіз: №2 — баған түрінде шығарып, дұрыстығын тексер

№1 (сәбіз)

359 + 67 = 426

№2 (сәбіз)

56 + 485 = 541

№3 (сәбіз)

561 − 209 = 352

№4 (сәбіз)

888 − 619 = 269

Қоян алғыс айтады да, үйге тапсырма береді.

Үй тапсырмасы: 4-тапсырма (108-бет).

Ит және «Кім жылдам?» ойыны

Ит: «Кім жылдам?» ойынын ойнайық дейді.

№3 — өздік жұмыс

Өзара байланысты сандар арқылы теңдіктер құрастыру (берілген үлгі бойынша x белгісізін қолдану).

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз демалып алайық.

Түлкі және «Балық аулау» ойыны

«Өзі қу, жүрген жері айқай-шу» — Түлкі. Түлкі қақпанға түсіп қалыпты. Оны босату үшін «Балық аулау» ойынын ойнаймыз.

Ойын шарты

Балықтардың суреті бойынша «есе артық», «есе кем» тіркестерін қолданып, 1–2 амалмен шығарылатын есептер құрастыру және шешу.

7-тапсырма — «Топтастыру» стратегиясы

  • Әр топ кез келген цифрларды таңдап, үш таңбалы сандар құрастырады.
  • Сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысына жіктейді.
  • Құрылған санда неше жүздік, ондық, бірлік барын анықтайды.

Мысал

700 + 80 + 8 = 788

7 жүздік, 8 ондық, 8 бірлік.

Мысал

500 + 20 + 1 = 521

5 жүздік, 2 ондық, 1 бірлік.

Түлкі алғыс айтады.

Тиін және логикалық есеп

«Туғаннан жаңғақ жеп жетілген, бұтақтан-бұтаққа секірген» — Тиін. Тиін қысқа саңырауқұлақтарды кептіріп, қор жинап жүр. Біз де көмектесейік.

Логикалық тапсырма

Тігінен де, көлденеңінен де қосқанда 9 шығатындай етіп, бос орындарға 1, 2, 3, 4, 5 сандарын орналастыр. Сұрақ белгісінің орнында қай сан тұрады?

Тапсырма: жауапты дәлелдеп түсіндіру.

Бағалау және қорытынды

  • Оқушылардың тапсырмаларды орындау белсенділігі мен дәлдігі бойынша бағалау.
  • Үй тапсырмасын нақтылап беру: 4-тапсырма (108-бет).