Жас қазақ

1916 жылғы көтеріліс: алғышарттары мен себептері

Бұл материал 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күніне арналған «Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз» атты үздік сабақтар бәйгесіне ұсынылған 11-сыныпқа арналған сабақ жоспарының өңделген нұсқасы. Мазмұн оқушының тарихи ойлауын дамытуға, дерекпен жұмыс істеуге және ҰБТ-ға жүйелі дайындалуға бағытталған.

Сынып
11-сынып
Тақырып
1916 жылғы көтерілістің алғышарттары, себептері
Формат
Кезеңдік сайыс-сабақ (бәйге, көкпар, тапсырмалар)

Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижесі

Мақсаты

  • Оқушылардың ойлау және сөйлеу дағдысын дамыту.
  • Өз ойын жан-жақты, нақты әрі толық жеткізе білуге үйрету.
  • Ізденіс дағдыларын қалыптастыру және есте сақтау қабілетін арттыру.

Күтілетін нәтиже

  • Оқушылардың ой-өрісі кеңейеді, тарихи құбылыстарды талдау дағдысы дамиды.
  • Тақырыптың негізгі түйіндерін меңгеріп, маңызын ажырата алады.
  • Тапсырманы тиімді орындауға және білімді қолдануға үйренеді.
  • ҰБТ-ға дайындық жүйеленеді.

Жеті модуль аясындағы ұстанымдар

АКТ Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Сыни тұрғыдан ойлау Оқытуды басқару және көшбасшылық

Сабақ құрылымы: кезең-кезеңімен

Сабақ сайыс үлгісінде ұйымдастырылады: әр кезең оқушының білімін тексеруге, дерекпен жұмыс істеуге және тарихи тұлғалар мен оқиғаларды байланыстыра ойлауға бағытталған.

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды сапқа тұрғызу.
  • Қазақ елінің астаналары бойынша топқа бөлу.
  • Психологиялық ахуалды жақсарту.
  • Тақырыпқа кіріспе ретінде бейнетаспаны қолдану.

Негізгі кезеңдер

  1. Бәйге (сұрақ-жауап)
  2. Мені түсін (қосымша деректермен жұмыс)
  3. Кім тапқыр? (тарихи және әдеби шығармаларды сәйкестендіру)
  4. Ойлан — тап (бірдей түстермен белгілеу)
  5. Бұл кім? (тұлғаларды тану)
  6. Көкпар (тест арқылы жинақтау)

1-кезең: «Бәйге» — сұрақ-жауап

Мақсат — І дүниежүзілік соғыс кезеңі, ұлттық баспасөз, Алаш қозғалысы және 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысты базалық білімді жылдам тексеру.

  1. І дүниежүзілік соғысқа қанша мемлекет қатысты?
  2. І дүниежүзілік соғыста Ресей империясы қандай әскери одаққа кірді?
  3. «Қазақ халқының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» деп жазған кім?
  4. Азамат соғысы қай жылдары болды?
  5. «Қазақ» апталық газетінің редакторы кім?
  6. Алашорда үкіметінің төрағасы кім?
  7. 1916 жылғы 25 маусым жарлығы бойынша қанша жастағы азаматтар армияның тыл жұмысына шақырылды?
  1. «Қалың мал» романының авторы кім?
  2. Шертпе күй дәстүрін қалыптастырған тұлғалардың бірі кім?
  3. Құрманғазының «би күйлерін» атаңыз.
  4. 1916 ж. Торғайдағы көтеріліс басшылары кімдер?
  5. 1916 ж. Жетісуда көтерілістің ең ірі ошағы болған қала қайсы?
  6. «Жас арбакештер одағы» қай қалада құрылды?
  7. 1917 ж. Ақпан төңкерісінен кейін Ресейде қай әулет билігін тоқтатты?

2-кезең: «Мені түсін» — дерекпен жұмыс

Мақсат — мәтіндік деректер арқылы авторды тану, негізгі ойды анықтау және тарихи контексті түсіндіру.

Дерек 1

«Тағы соғыс» мақаласында соғыстың әділетсіз екенін, күшті мемлекеттердің зорлық саясатын дәлелдеп жазады:

«Бұл соғыстан жалпы жұртқа пайда жоқ. Нарлар алысар, ал шаруасын бұзып, қанын төгетін — сорлы халық болар. ХХ ғасыр Еуропа патшалықтарының қылған ісі кімнің алдында ақталмақ?»

Жауабы: Ә. Бөкейханов

Дерек 2

«Төңкеріс және қазақтар» мақаласында Ресей халықтары құқықтарының декларациясы жариялануын ұлт мәселесіне мұқият қараудың басталуы ретінде бағалайды:

«Колчак өкіметінен Кеңес өкіметін артық көргенде біз қателескен жоқпыз деп мен шын жүректен айта аламын және өз жолдастарымның көңілін орнына түсіре аламын».

Жауабы: А. Байтұрсынов

3-кезең: «Кім тапқыр?» — сәйкестендіру

Мақсат — тарихи кезеңді көркем және ғылыми еңбектер арқылы тану, авторлар мен туындыларды дұрыс байланыстыру.

Автор Шығарма
С. Асфендияров «1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс»
М. Әуезов «Қилы заман»
С. Мұқанов «Ботагөз»
Ж. Аймауытов «Қартқожа»
С. Сейфуллин «Тар жол, тайғақ кешу»

4-кезең: «Ойлан — тап»

Тапсырма түрі: бірдей түстермен белгілеу арқылы ұғымдар мен деректерді топтастыру (мұғалім дайындаған карточкалар/кесте негізінде).

5-кезең: «Бұл кім?» — тұлғаларды тану

Мақсат — 1916 жылғы көтеріліс және оған қатысты тарихи тұлғаларды ажырату, олардың рөлін талқылау.

Оспан Шоңов

Амангелді Иманов

Ә. Жанбосынов

Кейкі батыр

Бекболат Әшкеев

Нұрлан Қияшов

Кротов

Әліби Жангелдин

Долматов пен Федотов

Демко мен Аркадьев

К. Көкімбайұлы

Ұ. Монай

Тоқаш Бокин

6-кезең: «Көкпар» — тест арқылы жинақтау

Бұл бөлімде оқушылар тест сұрақтары арқылы негізгі даталар, тұлғалар және саяси оқиғалар бойынша білімін бекітеді.

  1. Қарқара жәрмеңкесін қоршауға қанша көтерілісші қатысты?
    а) 10 мың; б) 5 мың; в) 1 мың
  2. Жетісу көтерілісі қашан талқандалды?
    а) 1916 ж. қазан; б) 1916 ж. тамыз; в) 1917 ж. ақпан
  3. Ұлтаралық қақтығыстар тудыру мақсатында арандату шараларын қолданған кім?
    а) Генерал Лаврентьев; б) Генерал-губернатор Фольбаум; в) Генерал Кравченко
  4. 1916 ж. қарашада Торғайдағы көтерілісшілер саны қаншаға жетті?
    а) 15 мың; б) 20 мың; в) 50 мың
  5. Торғай облысының Уақытша үкімет комиссары кім болды?
    а) Ә. Бөкейханов; б) М. Шоқай; в) Т. Рысқұлов
  6. 1917 ж. 19–20 қыркүйекте Түркістанда қандай партия құрылды?
    а) «Жас қазақ»; б) Солдаттардың орыс-мұсылман ұйымы; в) «Иттифак-и-муслимин»
  7. Уақытша үкіметтің 1916 ж. көтеріліс кезінде қазақтарға күш көрсеткен орыстарға кешірім беру туралы қаулысы қашан шықты?
    а) 1917 ж. наурыз; б) 1917 ж. мамыр; в) 1917 ж. қыркүйек
  8. Қара жұмысшылар одағы қай қалада құрылды?
    а) Верныйда; б) Ақмолада; в) Әулиеатада
  1. Алаш партиясының төрағасы кім?
    а) Ә. Бөкейханов; б) М. Тынышбаев; в) М. Дулатов
  2. Алашорда Уақытша Халық Кеңесінің қанша мүшесі болды?
    а) 37; б) 52; в) 25
  3. Ақсүйектердің 9 өкілі хан көтерілген уездер:
    а) Ырғыз, Торғай; б) Семей, Нарым; в) Жетісу, Верный
  4. Ә. Жангелдин экспедициясы қай майданға қару-жарақ жеткізді?
    а) Шығыс майданына; б) Орынбор майданына; в) Ақтөбе майданына
  5. 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс кезінде Қарашақ болысында хан болып кім жарияланды?
    а) А. Иманов; б) О. Шоңов; в) Ә. Жанбосынов
  6. ҚазАКСР Атқарушы комитетінің төрағасы:
    а) В. А. Радус-Зенькович; б) М. Сералин; в) С. Мендешев
  7. Қазақ жерінде ерекше қатігездік көрсеткен атамандар:
    а) Колчак пен Юденич; б) Дутов пен Анненков; в) Колчак пен Алексеев
  8. Қара жұмысқа Түркістан мен Дала өлкесінен қанша адам алу көзделді?
    а) 5 мың; б) 50 мың; в) 500 мың

Жинақтау

Оқушылар шығармашылық тапсырма арқылы (қысқа жауап, дәлел, қорытынды) тақырыпты тұжырымдайды. Қажет болған жағдайда тест нәтижелері бойынша түзету жұмысы жүргізіледі.

Бағалау

Бағалау шкаласы мен бағалау парақтары таратылады. Әр кезең бойынша ұпай жинақталып, қорытынды баға шығарылады.

  • Қалыптастырушы бағалау
  • Өзін-өзі және өзара бағалау
  • Қорытынды ұпайды тіркеу

Үй тапсырмасы

«1916 жылғы көтерілістің алғышарттары мен себептері» тақырыбын қайталау, негізгі ұғымдар мен тұлғалар бойынша қысқаша конспект дайындау.

Рефлексия

Оқушылар стикерге бүгінгі сабақ туралы ойын жазады және ББҮ кестесін толтырады.

Білемін

Тақырып бойынша бұрыннан білетінім…

Білгім келеді

Маған әлі түсініксіз, зерттегім келетіні…

Үйрендім

Бүгінгі сабақтан түйгенім…

Автор туралы мәлімет

Мектеп

Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, № 6 жалпы білім беретін орта мектеп

Мұғалім

Тарих пәні мұғалімі — Амирова Рымгүл Ахметбековна