Тәрбие отбасынан басталады Ашық тәрбие сағатының мақсаты

Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы

Тәрбие отбасынан басталады

Мақсаты

  • Ұрпақ тәрбиесінде ата-бабамыз ұстанған жолды таныту және баланың отбасындағы орнының жоғары бағаланатынын көрсету.
  • Салт-дәстүр, мақал-мәтел, нақыл сөздер арқылы оқушыларды үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға баулу.
  • Өзара сыйластыққа, адамгершілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

Сөзжұмбақ Суреттер Нақыл сөздер Жұмбақтар Мақал-мәтелдер Шарлар

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу
  • Түгелдеу
  • Топқа бөлу

II. Негізгі бөлім

Мұғалім: Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбын анықтау үшін сөзжұмбақ шешеміз. Әр топ өзіне берілген сөзжұмбақты шешіп, нәтижесін тақтаға іледі.

Сөзжұмбақ тапсырмалары

Төмендегі сұрақтарға жауап беру арқылы отбасыға қатысты негізгі ұғымдарды еске түсіреміз.

I топ

  1. Кітапты көп оқитын, немерелерін жақсы көретін, ақ сақалды кісіні кім дейміз?

    Жауабы: ата

  2. Өзі салмақты, байсалды; бос уақытын балаларымен өткізгенді ұнатады. Циркке, саябаққа апарады, отбасын қорғайды. Ол кім?

    Жауабы: әке

  3. Ер баладан кіші қызды кім дейміз?

    Жауабы: қарындас

  4. — ананың бауыр еті.

    Жауабы: бала

  5. Әкеңнің әпке-қарындастарының балалары кім болады?

    Жауабы: жиен

  6. Өте мейірімді, ақ шашты; тәтті бауырсақ пісіреді, жылы қолғап, шұлық тоқиды. Ол кім?

    Жауабы: әже

II топ

  1. Әке — отбасының .

    Жауабы: қорғанышы

  2. Інісі бардың — бар.

    Жауабы: тынысы

  3. үй — базар, баласыз үй — қу мазар.

    Жауабы: балалы

  4. сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.

    Жауабы: ана

  5. бардың — жағасы бар.

    Жауабы: ағасы

  6. Үш жұрттың бірі.

    Жауабы: нағашы

  7. көңілі — балада, баланың көңілі — далада.

    Жауабы: ананың

  8. Баланың ісі — .

    Жауабы: шала

  9. Ас атасы — .

    Жауабы: нан

III топ

  1. Ұлы дана ақын.

    Жауабы: Абай

  2. Ең ардақты жан.

    Жауабы: ана

  3. Кіші қыз үлкен қызға кім болады?

    Жауабы: сіңлі

  4. Ырыс алды — .

    Жауабы: ынтымақ

  5. Талды кесуге арналған құрал.

    Жауабы: ара

  6. Ер, жігіт сөзіне синоним.

    Жауабы: ұл

  7. Өзіңнен үлкен ер адамды кім дейміз?

    Жауабы: аға

  8. Емдейтін маман иесі.

    Жауабы: дәрігер

  9. — елдің көркі, гүл — жердің көркі.

    Жауабы: қыз

Осы тапсырмалар арқылы бүгінгі тақырыбымыз айқындалады: «Тәрбие отбасынан басталады». Сабақ барысында отбасы — адамға ең қымбат, ең жақын орта екені, мейірім мен сүйіспеншіліктің, имандылық пен ізгіліктің бастауы екені туралы әңгіме өрбітеміз.

Негізгі ой: тәрбие — үзілмейтін үрдіс

Ұлттық тәрбие туралы түсінік

Қазақ халқының салт-санасы мен әдет-ғұрпы — ғасырлар бойы қалыптасқан өмірлік қағида. Әр халық ұрпақ арқылы өз үмітін жалғайды: адам баласы жетпеген арманына, шықпаған биігіне ұрпағы арқылы жетуді мақсат етеді.

Сол себепті халық баланың болашағын ең алдымен тәрбиеден бастайды. Тәрбие үлгілерін «кешегі, күні өткен дүние» деу — қате. Тәрбие өнегесі ұрпақтан ұрпаққа ауысып, жалғасатын, мәңгі жасайтын құндылық.

Қазақ тағылымының бағыты

Қазақ тағылымының өзегі — ата-бабаның үлгі-өнегесі, ақыл-кеңесі, дүниеге шынайы көзқарасы, еркіндік пен дербестікке ұмтылысы. Қазақ өмірінің өзі — тәрбие мектебі.

Дерек

Орыс жазушысы, этнограф В. И. Даль 1832 жылғы күнделігінде: «Мидай дала, ешбір мектеп, кітап жоқ, айнала қараңғылық, бірақ Мәулен өте ғажайып тәрбиеленген» — деп жазған.

Ұлағатты сөздер

М. О. Әуезов

«Бала ата-ананың тағылымымен өседі».

Абай (19-қара сөз)

«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды; естіп, көріп, ұстап, татып, ескерсе, дүниедегі жақсы мен жаманды таниды. Сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады».

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деген Абай өсиеті — адамды сүюдің, адамды танудың бастауын көрсетеді. Ал мейірім, сүйіспеншілік, қайырымдылық — ең алдымен әркімнің өз отбасынан басталады.

Сұрақ-жауап және талқылау

Жұмбақ

Маған да, саған да — жақын туыс бес адам.

Үш әріптен тұратын, оңға оқы, солға оқы — өзгермейді еш одан.

Бәрі де өз жұратың. Айтшы, қане, кім атын?

апа ата ана іні аға

Талқылауға сұрақ

Отбасы деген не? Оқушылар өз ойларын айтады.

Сызбанұсқамен жұмыс

Отбасы мүшелерін атап көрейік: ата, әже, әке, ана, бала, аға, іні, қарындас және т.б.

«Бала — адамның бауыр еті»

Қазақ халқы баланы — ғұмырдың жалғасы, тіршіліктің тұғыры деп бағалаған. Қай халық болсын үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді: шаңырақтың отын өшірмей, түтінін түтететін — кейінгі буын.

Халқымыз балалы болу бақыты мен ұрпақ тәрбиесін байлыққа да, мансапқа да айырбастамаған. Бала — көз қуанышы, шаңырақ иесі.

Қуанып жан жүрегі қақ жарылды,
Қасірет басындағы қалды арылып.
Ұл-қыз көріп дүбірлі той жасайды,
Атқан соң маңдайынан таң жарылып.

Ата-әжеге құрмет

Балалар, отбасымыздағы ең үлкен, ең ардақты, өзіне тиген тәттінің жақсысын бізге сақтап қоятын кім? Дұрыс — ол біздің ата-әжелеріміз.

Кім өз ата-әжесіне арнап тақпақ айтып береді?

(Оқушылардың орындауына арналған бөлім.)