Арыстан мен Тышқан мысалын видеодан көрсету
Атырау қаласы • Томарлы селосы • Қ. Смағұлов атындағы орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі: Көптілеуова Гүлнар
Сабақ тақырыбы
Әдебиеттік оқу (4-сынып): «Арыстан мен тышқан»
Білімділік
Мысал жанрын таныта отырып, негізгі ойы мен идеясын ұғындыру. Көркем шығарманы оқуға қызығушылықты арттыру.
Дамытушылық
Ой-өрісті кеңейту, түсініп және мәнерлеп оқу дағдысын нығайту. Өз ойын еркін айтып, дәлелдей білуге үйрету.
Тәрбиелік
Адалдыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу және қоршаған ортадағы тіршілік иелерін аялауға баулу.
Сабақтың барысы
-
1) Ұйымдастыру
Сыныптың оқу үдерісіне дайындық деңгейін анықтау, топтарға бөліну.
-
2) Үй тапсырмасын тексеру
1-топ
«Ара мен шыбын» — сахналау.
2-топ
Венн диаграммасы арқылы салыстыру.
Ара
Еңбекқор, қонақжай, талапты, адал, пайдалы.
Шыбын
Жалқау, еріншек, жаман, лас, зиянды.
Ортақ белгі
Екеуі де жәндік; табиғатқа белгілі бір дәрежеде пайда келтіреді.
3-топ
Бірлік пен ынтымақ туралы мақал-мәтелдер айту.
- Бірлік еткен озар, бірлеспеген тозар.
- Тазалық — денсаулық кепілі.
- Ынтымақ түбі — игілік, тірлік түбі — бірлік.
-
3) Жаңа тақырыпқа кіріспе
- «Арыстан мен тышқан» мысалын бейнематериал арқылы көрсету.
- «Мысал дегеніміз не?» сұрағы арқылы оқушылардың анықтамасын тыңдау.
-
4) Автор туралы мәлімет
Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 23 қазанда Баянауыл ауданында малшы отбасында дүниеге келген. Әкесі кедей болғанымен, хат таныған. Бір жасында анасынан айырылып, жетімдікті көріп өскен. Қуанышсыз балалық шақ пен жоқшылықты бастан өткерген ақын небәрі 27 жыл өмір сүрді.
«Арыстан мен тышқан» мысалында ол күштінің әлсізді менсінбеуін, тәкаппарлық пен кішіпейілдіктің ара салмағын шебер ашады.
-
5) Оқулықпен жұмыс
- Іштей оқу.
- Рөлге бөліп оқу.
- Мазмұнын айтқызу, түсінгенін сұрақтар арқылы нақтылау.
-
6) Сөздік жұмысы
Мәтіндегі жаңа немесе түсініксіз сөздерді талдау, мағынасын контекст арқылы ашу.
-
7) Сергіту сәті
«Көңілді күн» — қысқа қимыл-қозғалыс жаттығуы.
-
8) Топтық жұмыс
1-топ: «Арыстан» туралы 5 жол өлең
Не? Арыстан
Қандай? Айбатты, жыртқыш, мақтаншақ
Не істеді? Ызаланды, ақырды
2-топ: Сурет салу және қорғау
Мысал мазмұнына сәйкес иллюстрация дайындап, негізгі ойды түсіндіру.
3-топ: «Тышқан» туралы 5 жол өлең
Не? Тышқан
Қандай? Тапқыр, ақылды
Не істеді? Ойнады, құтқарды, жалынды
Арыстан қандай аң?
Жыртқыш, ірі, аң патшасы, батыл, өте күшті. Етпен қоректенеді, бірнеше жылда ұрпақ береді.
Тышқан қандай жануар?
Кеміргіш, ұсақ, қорқақ, әлсіз. Тағам талғамайды, тез көбейеді, қауіп-қатерге жиі ұшырайды.
Талқылау сұрағы
Мысалдан адамның бойындағы қандай мінез-құлықтар байқалады?
-
9) Идеяны ашатын мақал-мәтелдер
- Түйедей бойың болғанша, тарыдай сыйың болсын.
- Күлме досқа — келер басқа.
- Досы көпті жау алмайды.
-
10) Үй тапсырмасы
«Арыстан мен тышқан» тақырыбы бойынша ойдан ертегі құрастыру.
-
11) Бағалау және қорытынды
Оқушылардың оқу, талдау, топтық жұмыс және сөйлеу дағдылары бойынша қалыптастырушы бағалау жүргізіледі. Соңында «мысалдан қандай ой түйдік?» сұрағы арқылы түйін жасалады.
Сабақ түйіні
Нағыз дұшпан артық жаман досыңнан.
Тығырыққа тірелер күн туғанда,
Арыстан да көмек сұрар тышқаннан.
Көрнекіліктер
-
Интерактивті тақта
-
Суреттер
-
Сызбалар