Тығыздықтың өлшем бірлігі
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Мектеп
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ж. Қалдығараев атындағы орта мектеп
Пән мұғалімі
Физика пәні мұғалімі — Мусаева Арайлым Мирмановна
Сабақ тақырыбы
Күш. Деформация.
Сабақ түрі
Аралас сабақ
Сабақтың мақсаты мен міндеттері
Оқушыларға жаңа физикалық шама — күш ұғымын, оның түрлерін, деформация түсінігін және күштің векторлық шама екенін түсіндірмелі-иллюстративті түрде меңгерту.
Білімділік
«Күш» және «деформация» ұғымдары бойынша білімді жетілдіру, қалыптастыру.
Дамытушылық
Жүйелі ойлауға, ізденуге бағыттау; білімге құштарлықты арттыру.
Тәрбиелік
Физикалық заңдылықтардың өмірмен байланысын көрсету; күш пен деформацияны дұрыс қолдануға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар
Көрнекілік
Компьютер, слайдтар, пластилин, шар, серіппе, сызғыш, доп, карточкалар, резеңке, Исаак Ньютонның портреті, болат екі шар.
Құрал-жабдықтар
Секундомер, таразы, мензурка.
Неге керек?
Өлшеу, салыстыру, тәжірибе жүргізу және құбылысты нақты көрсету арқылы ұғымдарды бекіту үшін.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгендеу.
- Сабаққа дайындығын тексеру.
- Сынып тазалығына назар аудару.
Қызықты кіріспе: «Физикалық шамаларға шеру»
Оқушыларға жұмбақтар жасырылады. Дұрыс жауап берген оқушы физикалық шаманың атауын және өлшем бірлігін айтады.
Білімді тексеру: тест сұрақтары
-
1) Заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шама:
A) Заттың тығыздығы B) Дененің массасы C) Дененің көлемі
-
2) Тығыздықты табатын формула:
A) m = ρV B) V = m/ρ C) ρ = m/V
-
3) Тығыздықтың өлшем бірлігі:
A) кг B) кг/м³ C) м³
-
4) Бірқалыпты қозғалатын дененің жылдамдығын анықтайтын формула:
A) v = S/t B) S = v·t C) m = ρV
-
5) 72 км/сағ неше м/с-қа тең?
A) 10 м/с B) 20 м/с C) 15 м/с
-
6) Денеге басқа денелер әсер етпегенде өз жылдамдығын сақтау құбылысы:
A) Диффузия B) Инерция C) Материя
-
7) Уақыттың негізгі өлшем бірлігі:
A) Секунд B) Метр C) Грамм
-
8) Денелердің өзара әрекеттесуі кезіндегі жылдамдықтың өзгеру дәрежесін сипаттайтын шама:
A) Масса B) Жол C) Уақыт
Өлшеу құралдарын тану
Оқушылар өлшеу құралдарының атын атап, қызметін түсіндіреді, содан кейін суреттің артында жасырылған есептерді шығарады:
- Секундомер
- Мензурка
- Таразы
II. Жаңа сабақ: «Күш. Деформация»
Өмірмен байланыс (сұрақ-жауап)
Күнделікті өмірде бір дененің екінші денеге әрекетін жиі байқаймыз: қолдың допқа әсері, желдің ағаш бұтағына әсері, баланың әткеншекке әсері, хоккейшінің шайбаға әсері, магниттің темірге әсері және т.б.
Сұрақ:
Бұл әрекеттер қалай жүзеге асады? Ненің әсерінен болады?
Жауап:
Күш.
Әдебиетпен байланыс:
«Білегі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады», «Көптің күші — бірлікте» сияқты мақал-мәтелдер арқылы ұғымды бекіту.
Негізгі анықтамалар
Күш
Күш — денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама. Ол дененің қозғалыс жылдамдығын өзгертуге немесе пішіні мен өлшемін өзгертуге (деформациялауға) себеп болады.
Күш — векторлық шама
Күш сандық мәнімен және бағытымен сипатталады, сондықтан ол — векторлық шама. Күш F әрпімен белгіленеді.
Өлшем бірлігі
SI жүйесінде күштің өлшем бірлігі — Ньютон (Н). 1 Н — тыныштық күйіндегі массасы 1 кг денеге 1 с ішінде 1 м/с жылдамдық беретін күш. Үлкен бірлік ретінде килоньютон (кН) қолданылады: 1 кН = 1000 Н.
Бақылау арқылы түсіндіру: күш қозғалысты қалай өзгертеді?
Үстел үстімен шарды домалатсақ, ол біраз уақыт бірқалыпты қозғалады. Егер шардың жолына кесе көлденең дене қойсақ, шар тоқтайды.
Ал қозғалыстағы шардың жолына басқа шарды қойсақ, соқтығысудан кейін қозғалыстағы шардың жылдамдығы бәсеңдейді және қозғалыс бағыты өзгеруі мүмкін.
Қорытынды:
- Күш денені қозғалысқа келтіруі мүмкін.
- Күш жылдамдықты арттырады немесе кемітеді.
- Күш қозғалыс бағытын өзгерте алады.
Деформация ұғымы
Анықтама
Дененің пішіні немесе өлшемдерінің өзгеруі деформация деп аталады (лат. deformatio — «бүліну, бұзылу»).
Деформация түрлері:
- созу
- сығу
- бұрау
Серпімді және пластикалық деформация
Серпімді деформация
Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін дене бастапқы пішіні мен өлшеміне қайта келсе, мұндай деформация серпімді деп аталады.
Пластикалық деформация
Күштің әсері тоқтағаннан кейін дене бастапқы күйіне толық қайтпаса, мұндай деформация пластикалық деп аталады.
Серпімділік күші
Тәжірибелер деформациялаушы күшке қарама-қарсы бағытталған жаңа күш пайда болатынын көрсетеді. Бұл күш серпімділік күші деп аталады.
Қызықты тәжірибе
Күнделікті тұрмыста қолданылатын денелер арқылы (резеңке, серіппе, пластилин, шар және т.б.) деформация құбылысын жасап көрсету ұсынылады.
Зиялылар әлемі: Исаак Ньютон туралы қысқаша дерек
Исаак Ньютон (1643 ж. 4 қаңтар — 1727 ж. 31 наурыз) — ағылшын физигі, математигі, астрономы және табиғи философ. Оның 1687 жылы жарық көрген Philosophiæ Naturalis Principia Mathematica («Табиғи философияның математикалық бастамалары») еңбегі ғылым тарихындағы ең ықпалды шығармалардың бірі саналады. Бұл еңбекте Ньютон қозғалыс заңдарын және бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдап, классикалық механиканың негізін қалады.
III. Бекіту және тәрбиелік бөлім
Мақалдың мәні: «Білегі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады»
Физикалық мағынасы: білек күші — күштің әрекетін, яғни адамның денеге әсер етуін білдіреді.
Тәрбиелік мәні: күшке ғана сеніп, әлсізге зорлық көрсетуге болмайды; қиындықты ақылмен, біліммен жеңу керек.
Жұмбақтар арқылы бекіту
Жұмбақ 1
Өзі затты құрайды, теңгеруге таразыны сұрайды.
Жауабы: Масса
Жұмбақ 2
Қозғалысқа келтіріп, жылдамдығын береді. Өлшемін қарасаң — Ньютонға келеді.
Жауабы: Күш
Өлең арқылы түсіндіру: тең әсерлі күш идеясы
Өтебай Тұрманжановтың өлеңі (үзінді)
Қасақана болып қас,
Жолда жатты қара тас,
Сүрініп талай құладым,
Жабырқап талай жыладым.
Жатпа! — деп жолда, тас шіркін,
Алыстым таспен бір дүркін,
Жалғыз күшім жетпеді,
Тас жатты, мыңқ етпеді.
...Көмекке келді Түгелбек,
«Төртеудің күші түгел» — деп,
Төртеуміз түгел күш салдық,
Жолдан ап тасты тастадық.
IV. Үй тапсырмасы
- § 33. Күш
- § 34. Деформация