Бүгінгі бастауыш сыныптар арасында өтетін аудандық пәндер олимпиадасына қош келдіңіздер
Ашылу салтанатының сценарийі
СҚО, Ақжар ауданы, №2 Ленинград орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Байгожина Асемгүл Серікбаевна дайындаған бастауыш сыныптар арасында өтетін пәндер олимпиадасының ашылу салтанаты.
Мақсаты
Ең білімді, ең үздік, ең озат оқушыларды анықтау және білімге деген қызығушылықты арттыру.
Ерекшелігі
Аудан бойынша бастауыш сыныптар олимпиадасы бесінші рет өткізілуде.
Кіріспе және жүргізушілер
Фанфары ойналады. Египет киімін киген екі қыз сахнаға шығады.
I египет қызы
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
II египет қызы
Бүгін №2 Ленинград орта мектебінде Ақжар ауданының бастауыш сыныптары арасында пәндер олимпиадасы өтеді.
I египет қызы
Жарыстан қапы қалып қоймаңыздар!
II египет қызы
Өз білімдеріңізді көрсетуге асығыңыздар!
I египет қызы
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
II египет қызы
Бүгінгі бастауыш сыныптар арасында өтетін аудандық пәндер олимпиадасына қош келдіңіздер!
Олимпиада тарихына шолу
Олимпиада — ертеден келе жатқан сайыс. Алғашқы жарыстар Олимп елінде өткен. Бұл сайысқа Зевс құдайдың бес ұлы қатысқан екен. Ағайындылардың үлкені — Геракл — барлық жарыста жеңіске жетіп, зәйтүн жапырағынан жасалған тәжбен марапатталған.
Сол күннен бастап Геракл мұндай сайыстардың әр бес жыл сайын өтетінін жариялаған. Олимпия еліндегі жарыстардың құрметіне бүгінгі таңда спорт пен білім сайыстарының бәрі «Олимпиада» деп аталып жүр.
Бүгінгі біздің олимпиаданың мақсаты — ең білімді, ең үздік, ең озат оқушыларды айқындау.
Олимп елінің елшісі
(Рим музыкасы ойналады. Елші сахнаға шығады.)
Елші
Бүгінгі бастауыш сыныптар арасындағы пәндер олимпиадасының өтілуі құтты болсын. Биылғы олимпиада ерекше, өйткені бастауыш сыныптар олимпиадасы аудан бойынша бесінші рет өткізілуде.
Бұл сайысқа аудан мектептерінен таңдаулы, білімді, зерек оқушылар келіп отыр. Сендердің білімдерің болашақта мектебіміздің, ауданымыздың, еліміздің көркеюіне зор үлес қосады деп сенемін.
Өсиет сөз:
Оқу, білім — жанған шырақ, ойласаң,
Үйренерсің, іздеп көрсең, қоймасаң.
Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал,
Пайда аларсың, қаужанарсың тоймасаң.
Бүгінгі олимпиаданың ашылу салтанатына білім елінің есігін ашатын кілтін ала келдім. Олимпиада №2 Ленинград орта мектебінде өтетін болғандықтан, бұл кілтті осы мектептің директоры Ережепова Сайран Қадылқанқызына табыс етуге рұқсат етіңіздер.
(Фанфары. Кілт салтанатты түрде табыс етіледі.)
II египет қызы
Аудандық бастауыш сынып оқушыларының пән олимпиадасы ашық деп жариялаймыз.
I египет қызы
Салтанатты жиынымыздың алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры Ережепова Сайран Қадылқанқызына беріледі.
Құттықтау сөздер
II египет қызы: Аудандық білім бөлімінің әдіскері Бастыбаева Азиля Егінбайқызына сөз беріледі.
I египет қызы: Олимпиада қатысушыларын құттықтау үшін мектеп оқушылары сахнаға шақырылады.
Оқушылардың құттықтауы
1-оқушы
Қайсарлы Қазақстан ұланымыз,
Еліме лайық болу — ұранымыз.
Шығарып қазақ атын бар әлемге,
Сөнбесін әрқашанда жыр-әніміз.
2-оқушы
Бақытты елдің ұл-қызымыз,
Әркімнің маңдайдағы жұлдызымыз.
Елдерді бір-бірімен жалғайтұғын,
Болашақтың ертеңгі ұланымыз.
3-оқушы
Бақытты балғын баламыз,
Өседі ой-санамыз.
Білімнің нәрін сусындап,
Биікке самғап барамыз.
4-оқушы
Балалар, бұл — жол басы даналыққа,
Келіңдер, түсіп байқап қаралық та.
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па?
5-оқушы
Шырқаймыз асқақтата жыр-әнді біз,
Қашаннан қайсар елдің ұланымыз.
Ертеңге қанат қағып самғайтұғын,
Болашақтың қыраны — қыранымыз.
6-оқушы
Жарысып ойнап желменен,
Биікке талмай өрлеген.
Бағыттан тайып көрмеген,
Қашаннан қайсар ұланбыз.
7-оқушы
Көңілін қиял кернеген,
Өмірін шаттық тербеген.
Ертеңге қанат сермеген,
Қашаннан қайсар ұланбыз.
Музыкалық нөмір
Ән: «Үйретеді»