Саяхат пен көлік

Үздік ашық сабақ бәйгесі Категория: ағылшын тілі

Getting from A to B: Travel and Transport

А-дан Б-ге жету. Саяхат пен көлік.

Сабақ мақсаты (сабақ соңында)

Барлық оқушылар

  • Саяхат түрлері мен көліктерді сипаттай алады.
  • Көлік түрлерін ажыратып, олардың атқаратын қызметтерін атап береді.

Оқушылардың көпшілігі

Жаңа сөздерді және олардың антонимдерін қолдана отырып, тасымал түрлерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттайды.

Оқушылардың кейбірі

Қазақстанға саяхат барысында Наурыз мейрамымен танысу тақырыбында жаңа сөздерді қамтитын мәтін құрастырады.

Сабақ құрылымы

Басы

Кіріспе
  • Амандасу, оқушыларды түгендеу.
  • Үй жұмысын тексеру.

Ортасы

35 минут

Quizlet арқылы жаңа сөздер

Барлық жаңа сөздер алдын ала quizlet.com сайтына енгізіледі. Сөздер оқушыларға презентация түрінде ұсынылып, суреттері мен қысқаша анықтамалары беріледі.

Follow-up: сәйкестендіру ойыны

Әр оқушы мобильді телефоны арқылы қатыса алатын ойын. Ол жаңа сөздерді есте сақтауға көмектесіп, оларды тәжірибе жүзінде қолдануды қамтамасыз етеді.

“Turn and Talk” жұптық жұмыс

  • Оқушылар видеоның атауына сүйеніп, мазмұны бойынша болжам жасайды.
  • Видеоны қарау барысында маңызды ақпаратты түртіп отырады.

Өзіндік жұмыс

Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді және түсінгенін дәлелдейді.

“In-group Discussion” топтық талқылау

Топпен ақылдаса отырып, Наурыз мейрамына байланысты мәтін құрастырады. Мәтінде жаңа сөздер міндетті түрде қолданылады.

“Inner–Outer Circle” мәтінмен бөлісу

Оқушылар екіге бөлініп, ішкі және сыртқы шеңбер құрады. Әр жұп өз мәтінін оқып, негізгі ойлармен алмасады және бір-біріне кері байланыс береді.

Қорытынды

“Твиттермен жарияла” кері байланыс

3 минут

Оқушыларға твит үлгісінде дайындалған, сұрақтары бар парақтар беріледі. Сұрақтарға жауап беру арқылы сабақ бойынша қорытынды жасап, қысқа әрі нақты кері байланыс ұсынады.

Не үйрендің?

Жаңа сөздер мен негізгі ұғымдарды қорытындыла.

Не қиын болды?

Қай тұста қолдау қажет екенін белгіле.

Келесі қадам

Бір нақты мақсат қой.

Автор және ұйым

Білім беру ұйымы

Астана қаласы, Есіл ауданы, Білім–Инновация лицейі (дарынды қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты) КММ.

Мұғалім

Ағылшын тілі пәні мұғалімі: Бузыкаева Салима Асхатовна.

Толық нұсқасын жүктеу Құжат/сілтеме қажет болса, URL енгізіңіз