Проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен шешуге үйрету

Сабақтың тақырыбы

«Зорлық-зомбылықсыз күн»

Мақсаты

  • Оқушыларға зорлық-зомбылық ұғымын түсіндіру.
  • Адам құқықтарын сақтау мәдениетін қалыптастыру, өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындығын дамыту.
  • Әр адамның бостандығы мен құқықтарын қорғауға құқылы екенін дәлелдеу және түсіндіру.
  • Құқықтық сауаттылықты қалыптастыру және адамгершілік құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу.
  • Өз болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
  • Логикалық ойлау, өзіндік түйін жасау және ой қорыту дағдыларын дамыту.
  • Өз құқықтары мен еркіндіктерін белгілі бір шекте ұстау міндеті бар екенін ұғындыру.

Адамгершілік құндылықтар

Оқушылардың бойына адамгершілікті сіңіру үшін төмендегі ұстанымдардың маңызын түсіндіру көзделеді.

Қарым-қатынас мәдениеті

  • кішіпейілділік
  • әдептілік
  • инабаттылық

Ізгі әрекет

  • көмек беру
  • достық
  • жақсылық жасау

Ішкі жауапкершілік

  • ар-ұят
  • имандылық
  • тазалық

Қоғамға қызмет ету және отансүйгіштік

қызмет ету елін сүю жерін сүю

Қажетті құрал-жабдықтар

  • Интерактивті тақта
  • Тақырып жазылған плакаттар
  • Тірек сөздер (карточкалар/жазбалар)

Міндеттер

  • Оқушыларға «адам құқығы», «бала құқығы», «құқықтық алаң», «оқушының құқығы мен міндеті» ұғымдарын меңгерту.
  • Проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен шешуге үйрету.

Мұғалім сөзі

Бүгінгі тақырыбымыз бәрімізге таныс. Сабақты шағын әңгімеден бастайық.

«Сырғанақта»

Күн жылы еді. Мұз айдыны жарқырап тұр, бірақ адамдар аз болатын. Бір кішкентай қыз бір орындықтан екіншісіне қарай абайлап қадам басып, сырғанап жүрді. Ал Мұрат мұз айдынында бірде бір аяғымен сырғанап, бірде шыр көбелек айналып, түрлі әдіспен мәнерлеп сырғанайтын.

Автор туралы мәлімет

Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Андас батыр ауылы, №3 орта мектеп.

Информатика пәнінің мұғалімі: Абдуллаева Сымбат Жайылхановна