Есептік және реттік сан есім
Сабақтың тақырыбы
Есептік және реттік сан есім
Сабақтың мақсаты
1) Білімділік
Сан есім бойынша алған білімдерін пысықтау. Сан есімді сөйлем ішінен тауып, оған дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету.
2) Дамытушылық
Сөз таптарын ажырата білуін және мәнін терең түсінуін дамыту арқылы танымдық белсенділігін арттыру. Ойлау қабілетін, тілдік қорын дамыту.
3) Тәрбиелік
Оқушыларды ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, білім ордасын құрметтеуге, тазалыққа және адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Көрнекілігі
- Слайдтар, тірек сызбалар, гүлдер, смайликтер
- Сабақтың түрі
- Аралас сабақ
- Сабақтың әдістері
- СТО элементтері, көрнекілік, ойын, талдау, жаттығу
- Пәнаралық байланыс
- Ана тілі, дүниетану
- Қолданылатын стратегиялар
- Қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Сынып ережелерін еске түсіру.
2) Психологиялық дайындық
Оқушылар қол ұстасып тұрып, тілек өлеңін хормен айтады:
Біз тілейміз бар балаға, Бақытты өмір сүргенін. Туған елге еркелеп, Қуанғанын күлгенін. Сусынымыз қанады, Өнер-білім нәрімен. Әлемдегі баланың, Дос боламыз бәрімен.
3) Үй тапсырмасын тексеру
14-жаттығу
Құрамында сан есімі бар сөздерді сөзбен жазу:
Берілгендері
- К+2+лік
- 7+к
- тү+1
- к+3+ік
- жел+90
- 6+бақан
- 8+көз
Мысал жауаптары
- Кекілік
- Жетік
- Түбір
- Күшік
- Желтоқсан
- Алтыбақан
- Сегізкөз
Сан есімнің ережесі
Сан есім — заттың санын және ретін білдіретін сөз табы.
Сұрақтары
Қанша? Неше? Нешінші?
Мысалдар
Үш, бес, оныншы, тоғызыншы
4) Жаңа сабақ: есептік және реттік сан есім
Есептік сан есім
- Сұрағы
- Қанша? Неше?
- Мағынасы
- Заттың нақты санын білдіреді.
Реттік сан есім
- Сұрағы
- Нешінші?
- Мағынасы
- Заттардың реттік санын білдіреді.
- Жасалу жолы
- -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнақтары арқылы жасалады.