Квадрат түбір
Мектеп: Есілбай ЖОББМ
Мұғалім: А.С. Абылгазинова
Сынып: 8-сынып
Сабақ тақырыбы
Квадрат түбір
Оқу мақсаты
Оқушылар квадрат түбір туралы түсінік қалыптастырады.
Сабақтың бағыты
Тақырыпты меңгеру, қасиеттерін қолдану, жуық мәндер арқылы есеп шығару.
Қарастырылатын тақырыптар
-
1) Квадрат түбір
-
2) Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері
-
3) Квадрат түбір және квадрат түбірдің жуық мәндері
-
4) Қасиеттерді қолданып есептер шығару
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар
- Квадрат түбір туралы негізгі ақпаратты табады.
- Тақырып бойынша мәліметке шолу жасап, зерттейді.
- Квадрат түбірге анықтама құрастырады.
Оқушылардың басым бөлігі
- Квадрат түбірдің мәнін және мағынасын түсіндіреді.
- Түбір белгісін (√) анықтап, қолдану аясын түсіндіреді.
- Санның квадрат түбірін табу тәсілдерін қолданады.
Кейбір оқушылар
ТжДО
Теңсіздікті қанағаттандыратын ең үлкен бүтін санды және өрнектің мәнін тиімді тәсілмен табады.
КҚЕО
Маршруттық карта арқылы теңсіздікті қанағаттандыратын ең үлкен бүтін санды және өрнектің мәнін тиімді тәсілмен табады.
Тілдік мақсат
- Оқушылардың назарын ғылыми тілге бағыттау.
- Пән мазмұнына қатысты терминдер мен сөз тіркестерін дұрыс қолдану.
Негізгі сөздер мен тіркестер
Түбір, квадрат, математикалық амал, дәреже, дәреженің көрсеткіші, таңба, мән, өрнек, мағына, айнымалы, теңдеу, теңсіздік, рационал, иррационал, жуықтау.
- Терминдерді пайдаланып тақырыпты түсіндіреді.
- Ұғымдар арасындағы байланысты көрсетеді.
- Өз ойын дәлелді түрде жеткізеді.
Диалог және жазылымға арналған тілдік бірліктер
Талқылауға арналған сұрақтар
- Түбір ұғымын енгізудің қажеттілігі неде?
- Квадрат түбір мен арифметикалық квадрат түбір ұғымдарының айырмашылығы неде?
- Квадрат түбір белгісін (√) қандай жағдайларда қолданамыз?
- Саннан квадрат түбірді тапқанда қандай нәтиже аламыз?
- Кез келген дәлдікпен арифметикалық квадрат түбірдің мәнін қалай табуға болады?
- Дәрежеге шығару амалына кері амал бар ма? Егер болса, ол қалай сипатталады?
- Сіз неліктен бұл тұжырым дұрыс (немесе қате) екенін айта аласыз ба?
Жазылым бойынша ұсыныстар
Үлгі сөйлем: Түбірдің оң мәнін санның арифметикалық квадрат түбірі деп есептеймін, өйткені …
Үлгі сөйлем: Егер a теріс емес сан болса және оның квадрат түбірі деп квадраты a-ға тең санды алсақ, онда …
Алдыңғы оқу
- Санау дағдысы.
- Түбірге қатысты амалдарды орындау дағдысы.
- Мәтінді өзгертіп қайта айту дағдысы.
Құжаттың толық нұсқасы
Қажет болса, материалдың толық нұсқасын жүктеп, сабақ жоспарын кеңейтіп пайдалануға болады.