Шеңбер кішкентай

Білім беру саласы

Сала

Қатынас

Бөлім

Көркем әдебиет

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Балаларға жыл мезгілдері, ондағы өзгерістер мен ерекшеліктер туралы мағлұмат беру.

Тәрбиелік

Табиғаттың әсем көріністерін тамашалай білуге, қоршаған ортаны сүюге және қорғауға тәрбиелеу.

Дамытушылық

Жыл мезгілдері туралы мағлұмат бере отырып, балалардың дүниетанымын, ой-өрісін және сөздік қорын дамыту.

Сабақтың сипаттамасы

Типі

Жаңа сабақты меңгерту

Түрі

Аралас сабақ

Әдістері

  • Әңгімелеу және түсіндіру
  • Жұптық және жеке жұмыстар
  • Сұрақ-жауап

Көрнекілігі

  • Үлгі суреттер
  • Интерактивті тақта
  • Үлестірмелі материалдар

Пәнаралық байланыс

  • Тіл дамыту
  • Жапсыру

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі (мотивациялық қозғаушылық)

Мұғалімнің әрекеті

  • Оқу құралдарын түгендейді, балалардың назарын сабаққа аударады.
  • Балаларды шеңберге шақырып, шеңбердің көлемі мен пішіні туралы сұрақ қояды.
  • «Шар сияқты үрлейік» жаттығуын жасатады.
  • «Деніміз сау болсын!» деп өзін-өзі қолдау сөздерін айтқызады.
  • «Сиқырлы айна» ойынын ұйымдастырады: әр бала айнаға қарап, өзіне жылы тілек айтады.

Балалардың әрекеті

  • Қызығушылық танытып, сұрақтарға жауап береді.
  • Шеңбердің кішкентай екенін айтып, оның допқа және шарға ұқсайтынын атап өтеді.
  • Шеңберді «үрлеу» қимылын орындайды, тілектер айтады.

II. Жаңа сабақты меңгерту: «Суреттер сөйлейді»

Интерактивті тақтадағы суреттер арқылы жыл мезгілдері таныстырылады. Балалар суреттегі әрекеттер мен табиғат белгілеріне қарап, әр мезгілді атайды.

Қыс

Айнала аппақ қар. Балалар аққала жасап, шанамен сырғанайды. Су қатып, мұз болады.

Көктем

Жер көктейді, бәйшешек гүлдейді. Күн жылынады, көбелектер ұша бастайды. Балалар құстарға ұя жасап, ағаш отырғызады.

Жаз

Күн ысып, айнала жап-жасыл болады. Жемістер піседі. Құстар ән салып, ағаштарға қонады. Балалар суға шомылады.

Күз

Күн салқындайды, жаңбыр жиілейді. Жапырақтар сарғайып, дала сары түске боялады. Жеміс-жидек пен көкөністер піседі.

Тірек сөздер арқылы талдау

Ауа райы

Жылыну, салқындау, жауын-шашын, аяз

Табиғат өзгерісі

Қар, көктеу, гүлдеу, сарғаю

Адам еңбегі

Ағаш отырғызу, баптау, өнім жинау

Киім үлгісі

Жылы киім, жеңіл киім, жаңбырлық

Жұптық жұмыс

Мақсаты: балаларды жұппен бір-біріне көмектесіп, ақылдасып жұмыс жасауға және ой қорытындылауға үйрету.

Ойын: «Ойлан, тап!»

Балалар суреттер мен тірек сөздерге сүйене отырып, берілген белгінің қай мезгілге тән екенін анықтайды.

Бағалау

Балалар өз жұмыстарын «бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды.

Сергіту сәті

Қыс мезгіліне арналған қимыл-қозғалыс жаттығулары (физминутка).

Сабақты қорытындылау (жеке жұмыс)

Мақсаты: баланың ойын арқылы өз бетінше жұмыс жасауына, шешім қабылдауына және ойлануына дағдыландыру.

Тапсырма: «Артық затты тап»

Берілген суреттер арасынан белгілі бір мезгілге сәйкес келмейтін затты тауып, таңдауын дәлелдейді.

Қорытынды сұрақтар (жуан-жіңішке)

  • Күз мезгілінде ауа райы қандай болады?
  • Қыс мезгілінде қандай киімдер киеміз?
  • Көктем мезгілінде қандай мерекелерді тойлаймыз?
  • Жаз мезгілінде адамдар қалай еңбек етеді?