Құндылықтарды дамыту

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақ тақырыбы

Кеңістікте бағдарлану және допты бір-біріне беру дағдыларын дамыту

Сынып

7-сынып

Мектеп

№24 Жалғызқұдық

Мұғалім

Зампай Өнербек

Қатысушылар

Қатысқандар саны

Қатыспағандар

Оқыту мақсаттары

7.1.2.2

Әртүрлі физикалық жаттығуларды орындау кезінде комбинациялық қозғалыстарды жетілдіру.

7.2.4.4

Қызметті оңтайландыру және баламаларды әзірлеу аясында жеке жаттығуларды құрылымдық тәсілдер арқылы орындау ережелерін көрсету.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар

  • Шағын ойын тапсырмалары барысында топта қауіпсіз жұмыс істейді.
  • Бәсекелестік ойында негізгі шабуыл және қорғаныс стратегиялары мен тактикаларын қолданудың түрлі жолдарын табады.
  • Ойын кезінде қорғаныс пен шабуылда шығармашыл болудың маңызын түсінеді.

Оқушылардың көпшілігі

  • Сандық артықшылық тапсырмалары кезінде командада тиімді жұмыс істейді.
  • Сәтті ойын үшін аралық қорғаныс және шабуыл стратегиялары мен тактикаларын өзара байланыстырады.
  • Ойын барысында шығармашыл жүгіру, пас беру және қозғалыс дағдыларын дамытады.
  • Басқа оқушыларды бақылап, олардың шығармашылығын дамытуға арналған тәсілдер ұсынады.

Кейбір оқушылар

  • Бастамашылдық, қиял және шығармашылықты көрсететін озық қорғаныс және шабуыл тактикаларын әзірлейді.
  • Озық шабуыл және қорғаныс стратегиялары мен тактикаларын талдап, сынақтан өткізеді.

Бағалау критерийлері

  • Оқушы допты еденге соғып, кедергілер арасымен бағытты өзгерте отырып алып жүру техникасын біледі.
  • Оқушы әртүрлі жағдайда әріптесіне допты ирек сызық бойымен беру тәсілдерін меңгереді.
  • Оқушы топпен алаңда бағдарлап қозғалу кезінде белсенділік көрсете алады.

Тілдік мақсат

Ойын барысында өзінің және өзгелердің орындауын түсініп, талдау; жаңа тактика мен стратегияларды құрастыру және оларды негіздеу.

Кілт сөздер мен тіркестер

  • Шабуыл элементтері бар ойындар
  • Жүру, өту, бағыттау, қабылдау, қағып алу
  • Күрес: оқшаулау, допты қағып әкету
  • Соққы, пас, беру
  • Шабуылдау, қорғау, қарсылас
  • Ынтымақтастық, бәсекелестік
  • Тактика, стратегия
  • Жүгіру, жалтару, бағыт пен жылдамдықты өзгерту
  • Ұпай есептеу жүйесі, ережелер, тәуекелдерді басқару

Сыныптағы талқылауға арналған сұрақтар

  • Қорғаныс ойыншысын жеңудің қандай тәсілдерін білесіңдер?
  • Есепті жүргізу үшін қандай ойын әрекеттерін білесіңдер?
  • Неліктен шабуыл кезінде назарды бір ойыншыға шоғырландырған тиімді?
  • Допты қағып алу немесе ұстап қалу үшін қандай тактикаларды қолдандыңдар?