Шаңғы спорты

Сабақ туралы мәлімет

Мұғалім

Сәлімгереев Әсет Кенжебекұлы

Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Қайыңды ауылы, Абай атындағы орта мектеп

Тақырып

Шаңғы тебудің әдіс-тәсілдері

Сабақ түрі

Дәстүрлі сабақ

Сабақ мақсаты

  • Шаңғы спортының мазмұны, ережелері мен ерекшеліктерін түсіндіру.
  • Шаңғы тебудің негізгі әдіс-тәсілдерін және шаңғыны күтіп ұстауды теориялық тұрғыда үйрету.
  • Спортқа қызығушылықты арттыру, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
  • Отанды сүюге, елін-жерін қорғауға, адамгершілікке және ұқыптылыққа баулу.

Сабақ әдістері

  • Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
  • Ақпараттық технология
  • Түсіндіру, баяндау, ассоциация
  • Сұрақ-жауап

Көрнекіліктер

Компьютер, интерактивті тақта, теледидар, шаңғы, жалаушалар, жетондар, плакаттар, сөзжұмбақ, эмблемалар, оқулықтар.

Пәнаралық байланыс

Математика, физика, әдебиет, тарих, информатика.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу. Психологиялық тренинг.

Тренинг мәтіні

Денің сау болсын десең,

Ұзақ өмір сүргің келсе,

Жаңа достар тапқың келсе,

Көңілің сергек болсын десең,

Зиянды әдеттен аулақ болғың келсе,

Арманыңа жеткің келсе,

Үлгілі болам десең,

Таза болам десең,

Өнерлі болғың келсе,

Салауатты ғұмыр кешем десең —

Өз еркіңе тоқтау салып, спортпен шұғылдан!

II. Үй тапсырмасын тексеру

Шаңғы құрылымы және өлшемдері

  • Шаңғы табаны
  • Шаңғы таяғы
  • Шаңғы бәтеңкесі

Өлшемдердің дұрыстығын теледидардағы материал арқылы тексеру.

Қауіпсіздік ережелері

Шаңғымен жүру кезінде арақашықтық сақтау, таяқты дұрыс ұстау, төмен түсу мен бұрылуда бақылауды жоғалтпау, жабдықтың жарамдылығын алдын ала тексеру.

III. Негізгі бөлім

Қызығушылықты ояту: қысқы спорт түрлері

  • Шаңғы спорты
  • Конькимен сырғанау
  • Хоккей

Шаңғы спортының бағыттары

  • Мәнерлеп сырғанау
  • Биатлон
  • Трамплиннен секіру
  • Тау шаңғысы
  • Қос сайыс

Әр спорт түріне қысқаша сипаттама беріліп, категориялық топтастыру жүргізіледі.

Шаңғы тебудің негізгі әдіс-тәсілдері

Жүру және қозғалу түрлері

  • Таяқсыз жүру
  • Алма-кезек екі адымды жүріс (табиғи жүріс)
  • Бір мезгілдегі екі адымды жүріс
  • Конькиші жүрісі

Өрге көтерілу әдістері

  • Шырша әдісі
  • Жартылай шырша әдісі
  • Саты әдісі

Тежеу және түсу

  • Соқа тәсілі
  • Сырғанай түсу

Әдістер жеке-жеке түсіндіріліп, бейнематериал арқылы көрсетіледі.