Балалар қоян құр келмепті
Сабақ туралы мәлімет
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы, «Балауса» балабақшасы. Тәрбиеші: Сисенова Жадыра. Сабақ тақырыбы: «Ойыншықтар әні».
Мақсаты
- Балалардың жан-жақты дамуына ықпал ету, сөздік қорын дамыту.
- Есте сақтау қабілетін арттыру.
- Ойыншықтардың атауын, түсін, қандай материалдан жасалғанын (жекеше/көпше түрде) ажыратуды үйрету.
- Ойыншықпен дұрыс ойнау тәсілдерін түсіндіріп, ұқыптылыққа және әсемдікке тәрбиелеу.
- Балалардың ойыншықтарға қызығушылығын арттырып, сүйікті ойыншығын күтіп ұстауға баулу.
Әдіс-тәсілдер, көрнекілік және сөздік жұмыс
Әдіс-тәсілдері
Түсіндіру, көрсету, сипаттау, сұрақ-жауап, қайталату.
Көрнекілігі
Ойыншықтар: машина, доп, ыдыс-аяқтар, қуыршақ және т.б.
Сөздік жұмыс
Сабақ барысы
Шаттық шеңбері
Балалар орнымыздан тұрып, бір-бірімізге жылы лебізімізді білдірейік.
Айда біреу аспанда,
Күнде біреу аспанда.
Тұратұғын елжіреп,
Бәрімізде бір жүрек.
Әңгімелесу: Қыс мезгілі
Сұрақ
Қазір жылдың қай мезгілі?
Жауап
Қыс мезгілі.
Сұрақ
Қыс мезгілінің қандай ерекшеліктері болады?
Жауап
Күн суық болады, қар жауады, жел соғады.
Қосымша сұрақтар
Қардың түсі қандай? Ақ.
Жел қалай соғады? «Гу-гу-гу-гу».
Ғажайып сәт
Есік қағылады. Ішке машинамен қоян келеді. Қоян құр келмепті — қолында балаларға арналған сыйлық бар. Балалар жаңа ойыншықтарды көріп, олардың атауын, түсін және қасиеттерін бірге талқылайды.
Ойыншық: Доп
- Пішіні қандай?
- Түсі қандай?
- Қимылы қандай? Секіреді.
Қимылды тапсырма
Барлығымыз доп сияқты секірейік.
Тақпақ (Айым)
Добым, добым, домалақ,
Тоқтамайсың, домалап.
Үстел үстін бүлдірдің,
Тарелкені сындырдың.
Ойыншықтар: Қуыршақ, машина, ыдыс-аяқ
Қуыршақтың әдемі шашы мен әдемі көйлегі бар. Балалар қуыршақ сияқты жүріп көреді.
Тақпақ: Машина (Бекзат)
Үлкенмін ғой міне мен,
Ойыншықтарды жинаймын.
Машинаға мінер ем,
Кабинаға сыймаймын.
«Ыдыс-аяқты не үшін қолданамыз?» деген сұрақ арқылы балалар тұрмыстағы қолданылуын айтады: аналарымыз тамақ пісіреді, ата-әжелеріміз шай ішеді. Шай ішу тәсілі көрсетіледі.
Тақпақ: Ыдыс-аяқ (Айқын)
Кесе, шыны, пияла,
Оларсыз шай құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейміз,
Бәрінің атын не дейміз?
Қорытынды: «Ойыншықтар әні»
Балалар ойыншықтарды ортақ атаумен атап, сабақтың негізгі бөлігін әнмен бекітеді.
Ән мәтіні
Біздерде де бар қуыршақ,
Бұзау, қозы, құлыншақ.
Ойыншықтар ойнайды,
Айтқаныңды тыңдайды.
Балалар әуенмен бірге орындайды.
Сұрақ
Бізге қонаққа кім келді?
Жауап
Қоян.
Сұрақ
Қоян қандай сыйлық әкелді?
Жауап
Ойыншықтар.
Кері байланыс
Балалар ойыншықтар мен әннің ұнағанын айтады. Қонаққа ризашылық білдіріп, шығарып салады.
Қорытынды сөз
Бүгінгі сабаққа барлығыңыз белсенді қатыстыңыздар. Рахмет!