Елтаңба авторлары
Тәрбие сағатының сценарийі: «Менің сүйікті Елбасым»
Бұл тәрбие сағаты Тәуелсіздік кезеңіндегі ел тарихын, тұңғыш Президенттің өмір жолын және мемлекеттік рәміздердің мәнін түсіндіруге бағытталған. Сценарий оқушылардың Отанға сүйіспеншілігін арттырып, азаматтық жауапкершілік пен патриоттық сезімді тереңдетуді көздейді.
Мақсаты
-
Қазақ халқының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы туралы мәлімет беру: туған жері, балалық шағы, білім алған және еңбек еткен орындары.
-
Ел өміріндегі тарихи кезеңдерді үлгі ете отырып, Отанды сүюге, ержүректілікке, азаматтық ұстанымға және патриоттық сезімге тәрбиелеу.
-
Оқушы жүрегінде Елбасыға деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімін ояту.
Көрнекілігі
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін халықтың басын біріктіріп, Н. Ә. Назарбаев тұңғыш Елбасы болды. Елбасының бастауымен Қазақстан әлемге танылды: еліміз елдігін көрсетті, ерлігін танытты.
Қазақ халқы егемендік алып, Тәуелсіздікке қол жеткізген шақта «өз алдымызға ел бола аламыз ба?» деп күмәнданғандар да болды. Алайда ар-намысты ту еткен Елбасымыздың және ел үшін еңбек еткен азаматтардың қажырлы еңбегі бүгінгі жарқын күнге жеткізді.
Өлең және көркем сөз
Ердәулет
Қ. Аманжолов
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған.
Бұл далада жылап келіп, уанған,
Бұл даланы көріп алғаш қуанған.
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
Елбасының өмір жолы: негізгі деректер
Аянат
1940Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында дүниеге келді. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті: үлкендерге мал бағу, бау-бақша күту ісіне көмектесіп, шөпшек теріп, отын жарды. Мектепте жақсы оқып, сапалы білім алды, ата-анасын ерекше құрмет тұтты.
Дінислам
Еңбек жолыОл ерте есейді. Орта мектепті бітірген соң Кеңес Одағындағы ірі Қарағанды металлургия комбинатының құрылысына аттанды. Біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықпен бірге Украинаның Днепродзержинск қаласына барып, металлург-жұмысшы мамандығын меңгерді. Шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі болып жұмыс істеді, кейін инженер дәрежесіне көтерілді.
Өмірзақ
БасшылықСол жылдары оның басшылық қабілеті айқын көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық деңгейде жауапты қызметтер атқарды: металлургиялық комбинатта партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономика саласына жауапты хатшы болды.
Санжар
44 жасОл Қазақстан Үкіметін басқарған кезде 44 жаста еді. Осы кезеңнен бастап оның саяси өмірбаяны жаңа белеске көтерілді.
Тәуелсіз Қазақстанның негізгі белестері
Ернар
1991 · 1 желтоқсанРеспублика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан Республикасының Президенті етіп сайлады.
Бекжан
1991 · 16 желтоқсанҚазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясында Қазақстан тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет деп жарияланды.
Нариман
1992 · 4 маусымЖаңа мемлекеттік рәміздер — Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді. Елтаңба авторлары: Жандарбек Мәлібекұлы және Шотаман Уәлиханов.
Елтаңба мәні
Айнара
Шаңырақ — «Отан отбасынан басталады» ұғымын білдіреді: ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген тілек.
Уықтар — ел-жұрттың бір ниетпен ұйысуын, береке мен қуаттың артуын меңзейді.
Қос пырақ — жүректілік, қырағылық, қайрат және шапшаңдық секілді қасиеттердің нышаны.
Бес бұрышты жұлдыз — «бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арман.
Мемлекеттік Ту туралы
Диана
1992 · 4 маусымМемлекеттік Ту 1992 жылғы 4 маусымда қабылданып, 6 маусымда күшіне енді. Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген. Көгілдір матаның сол жағында ұлттық өрнек орналасқан. Жалаудың өлшемі: ұзындығы — 2 метр, ені — 1 метр. Жобасын жасаған — суретші Шәкен Ниязбеков.
Ән
«Көк тудың желбірегені»
Ұлттық валюта — Теңге
Өмірзақ
1993 · 15 қарашаҚазақстан Республикасының ұлттық ақшасы — Теңге — айналымға енді.
Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,
Білдім дербес елімнің үлгісі деп.
Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым,
Беттерінен көз тартып тұрды сурет.
Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,
Құт-береке болшы бір елге келген.
Өз туы, елтаңба, әнұраны бар,
Айтыңдаршы, енді елім кем де неден?
Конституция — Ата Заң
Ернар
1995 · 28 қаңтарТәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Ата Заңы қабылданды.
Ермек Өтетілеуұлы
Көркем сөз
Ата Заң — азат елдің басталған айқын жолы тәрізді,
Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.
Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз,
Ата-баба мұра еткен тұтастығын жеріміз.
Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды,
Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды.
Дейді заңы мемлекет үлкенге де, балаға:
«Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!»
Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір,
Бізде 30 тамыз — Ата Заңның күні бұл.
Астана туралы
Шұғыла
1997Астана — Қазақстан Республикасының саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы бұрынғы астана Алматыдан Президент кеңесі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Парламент осында көшіп келді. Ел басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.
Нүркен
1998 · 10 маусым1998 жылғы 10 маусымда жаңа астананың ресми тұсаукесері өтті. Қала Есіл өзенінің оң жағалауында, Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.
Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,
Жаңарып қалам, жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық жүгін,
Кетпейді ойдан отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім,
Таниды сені бар әлем бүгін.