Сабақтың аяқталғанын хабарлау

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Пәні
Дүниетану (4-сынып)
Тақырыбы
Таулар
Сабақ түрі
Сайыс сабақ
Әдістері
Сұрақ-жауап, түсіндіру
Пәнаралық байланыс
Математика, әдебиеттік оқу, қазақ тілі
Көрнекіліктер
Қазақстанның физикалық картасы, слайдтар, суреттер, өлеңдер

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Таулар, олардың пайдасы және Қазақстандағы таулар туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық

Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту.

Тәрбиелік

Табиғатқа сүйіспеншілікті арттырып, оны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру

Сайыс форматы және топқа бөлу

  • Оқушылардың назарын сабаққа аударту, сабақтың сайыс түрінде өтетінін хабарлау.
  • Сыныпты 3 топқа бөлу: «Алғырлар», «Тапқырлар», «Білгірлер».
  • Қазір қай мезгіл екенін сұрау; күздегі табиғат құбылыстарын және жапырақтың неге сарғаятынын талқылау.
  • Сайыс ұпайлары күзгі жапырақтар арқылы есептелетінін ескерту.

II. Үй тапсырмасын тексеру

«Кім білгір?» бөлімі

  • «Жазықтар» тақырыбы бойынша сұрақ-жауап.
  • Үй тапсырмасын қорытындылау кезінде INSERT стратегиясын қолдану: «Білемін» және «Білмеймін» кестелері.
  • Интерактивті тақтадан жазықтардың суреттерін көрсету арқылы қорытындылау.

INSERT сұрақтары

  1. Құрлық бетінің тегіс алқабы қалай аталады?
  2. Жазықтың түрлерін ата.
  3. Жазықтардың пайдасы қандай?

III. Жаңа сабақ

Тақырыпқа кіру және карта жұмысы

Жұмбақ

Үлкен-үлкен түйені,
Тастапты атам шөгеріп.

Жауабы: Тау

  • Дәптерге күнді жазып, сабақтың тақырыбын белгілеу.
  • Мұғалімнің түсіндіруі: биік таулар және аласа таулар.
  • Слайдтан Ұлытау, Тянь-Шань, Көкшетау суреттерін көрсету.

«Кім тапқыр?»

Қазақстанның физикалық картасынан таулардың орналасқан жерін мүмкіндігінше тез табу.

1-топ

Сарыарқа таулары

2-топ

Алтай таулары

3-топ

Тянь-Шань тауы

Сергіту сәті

Тақтадан «Алтай таулары» атты бейнеролик көрсету.

«Кім жылдам?»

  • Таудың төбе мен қыраттан айырмашылығын ата.
  • Биік тау мен аласа таудың айырмашылығы қандай?
  • Таудың шаруашылық үшін маңызы қандай?

«Ойна да, ойла»

Әр топ өзіне берілген таудың биіктігін разрядтық қосылғыштарға жіктейді және картадан жылдам табады.

1-топ

Ұлытау — 1134 м

1134 = 1000 + 100 + 30 + 4

2-топ

Алтай — 4506 м

4506 = 4000 + 500 + 6

3-топ

Хан Тәңірі — 6995 м

6995 = 6000 + 900 + 90 + 5

IV. Ұғымды бекіту

«Ой-толғаныс» және әдеби байланыс

1-топ

І. Жансүгіров

«Көкшетау»

2-топ

И. Байзақов

«Алтай»

3-топ

Ж. Жабаев

«Таулар»

Оқушылардан тау туралы білетін өлеңдерін сұрау және талқылау.

V. Үй тапсырмасы

Келесі сабаққа дайындық

  • «Таулар» тақырыбын оқу.
  • Тау суретін салып келу.

VI. Бағалау

Ұпай санау және кері байланыс

Әр топтың жинаған ұпайларын анықтау, сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.

VII. Қорытынды

Сабақты түйіндеу

«Талаптарың таудай болсын!»

Сабақтың аяқталғанын хабарлау.