Апам мені
Өзін-өзі тану
Мақсаты
-
Білімділік: Оқушылардың мейірімділік пен қайырымдылық туралы түсінігін кеңейту, мейірімді болуға және қайырымдылық көрсетуге дағдыландыру.
-
Дамытушылық: Мейірімділікті танып-білу, оны іс-әрекетте көрсете алу іскерлігін дамыту.
-
Тәрбиелік: Қамқорлық жасауға жетелеу, мейірімділікке тәрбиелеу.
Ой-түйін
Өзін-өзі тану курсы адамға өзін анықтауға, жақсы қасиеттерін ашуға, өзіне адал болуға және абыройын сақтай отырып, үнемі «Адам» деген сөздің толық мағынасында адам болып қалуға көмектеседі.
Сара Алпысқызы Назарбаева
Үй тапсырмасы
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ —
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой —
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Абай Құнанбаев
Абайдың қара сөздерінен (Он төртінші сөз)
«Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздің қазақтың “жүректі кісі” дегені — “батыр кісі” дегені. Одан басқа жүректің қасиеттерін анықтап біле алмайды. Рақымдылық, мейірбандылық — әртүрлі істе адам баласын “өз бауырым” деп, өзіне ойлағандай оларға да игілік тілей білу — бұлар жүрек ісі».
Сергіту сәті
Қане, сапты түзейік,
Тіземізді бүгейік.
Ыршып алға түсейік,
Ыршып артқа түсейік.
Көбелекше ұшамыз,
Отырамыз, тұрамыз.
Сергітуге мың алғыс!
Жаңа сабақ: Мейірімділік – асыл қасиет
Мен апамның ай мен күні.
Апам мені: «Айым» — дейді,
Мен мұңайсам, уайым жейді.
Апам мені: «Күнім» — дейді,
Мен қуансам, күлімдейді.
Ойланайық, пікірлесейік
Сұрақ 1
Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?
Сұрақ 2
Өздеріңе мейірімділік көрсетілген сәтте қандай сезімде болдыңдар?
Ой толғаныс
-
Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?
-
«Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер?
-
Ал сендер мейірімділік пен қайырымдылықты кімдерден үйреніп жүрсіңдер?
Қорытынды өлең
Күн нұрындай көңілім,
Даламдай кең пейілім.
Жүрегім толы мейірім,
Бәріне ортақ шуағым,
Мен мейірімді баламын!
Мейірімділік — күнделікті өмірде байқалатын қарапайым әрекеттерден басталады: жылы сөз айту, көмектесу, кешіре білу, жанашырлық таныту. Осындай қадамдар адам жүрегін жұмсартып, айналаға шуақ шашады.