Мезгіл үстеудің сөйлемдегі қызметі
Сабақ тақырыбы: Үстеу. Үстеудің мағыналық топтары
Сабақ мақсаты
Үстеудің басқа сөз таптарынан ерекшелігін және мағыналық топтарын ажырата білуге, сөйлем ішіндегі қызметін анықтай білуге үйрету. Топ ішінде жұмыс істеу барысында қажетті мәліметті алады, өзгені мұқият тыңдап, үстеу тақырыбын меңгереді.
Негізгі ұғым
Үстеу — іс-әрекеттің орнын, мөлшерін, мезгілін, мақсатын білдіретін сөз табы.
Жұмыс форматы
- Сұрақ-жауап арқылы ой қозғау
- Видеоматериал бойынша талдау
- 3 топтық тапсырма: топтастыру, сәйкестендіру, сөйлем талдау
Сабақ барысы
Кіріспе сұрақтар
- —Балалар, кімнің көңіл-күйі жақсы? Қол көтерейік.
- —Кімнің достары бар?
- —Бүгін сабақта не істейтінімізді кім біледі?
- —Ал кім білмейді?
Видеофильм бойынша жұмыс
Қазір назарларыңа шағын видеофильм ұсынамын. Назар қойып бақылаймыз. Көрген видеоклип бойынша сұрақтарға жауап береміз.
Сұрақтар
- Оқиға қай кезде болды?
- Құмырсқалар қалай жүрді?
- Құмырсқалар қанша қант тасыды?
- Олар қандай жәндіктер?
- Қанша уақыт еңбектенді?
- Қантты не үшін тасыды?
Қорытынды тұжырым
Сендер өз жауаптарыңда қолданған сөздерді үстеу дейміз. Үстеу іс-әрекеттің түрлі қырларын (мекен, мезгіл, мөлшер, мақсат т.б.) білдіреді.
Тақырыпты жалғастыру үшін үш топқа бөлінеміз.
Топтық тапсырмалар
1-топ тапсырмасы
Үстеу құрамына қарай (2 түрі)
Үстеулерді топтастыр:
Зорға, бүгін, әрең, қасақана, амалсыздан, кейде, балаша, күні бойы, ең, кеше, бұрын, таңертең, кешке дейін, емін-еркін, бекер, жоғары, көп, жаздыгүні
Үстеу тұлғасына қарай (2 түрі)
Үстеулерді топтастыр:
Өте, қазір, қыстай, түнде, әрең, сәбише, бірге, босқа, осылайша, бекерге, нағыз, осында, баяғыда, тым, көзінше, жазбайынша, жорта, аз, кеше
Сұрақтарға жауап бер
- Үстеу дегеніміз не?
- Күрделі үстеу дегеніміз не?
- Туынды үстеу деген не?
2-топ тапсырмасы
Берілген үстеулерді топтастыр
Жоғары, кеше, аз, кеше, зорға, амалсыздан, бекер, тым, әжептәуір, зорға, түнде, аса, әдейі, біршама, бекер, таңертең, осында, кезекпен, босқа, ең
Үстеулерді сәйкестендір
Мағыналық топтар
Мекен, мезгіл, себеп-салдар, қимыл-сын, мөлшер, күшейткіш, мақсат
Үстеулер
Емін-еркін, көп, ілгері, әдейі, босқа, бұрын, өте
Сұрақтарға жауап бер
- Үстеулер мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
- Әрқайсысы қандай сұраққа жауап береді?
- Қай үстеудің түрі сын есімнің асырмалы шырайын құруға қатысады?
3-топ тапсырмасы
Үстеуді тап және сөйлемдегі қызметін анықта
- Мен амалсыздан үйге кеттім.
- Данышпандар ертеңгіні ескере, көре сөйлейді.
- Бүгін — Ұлыстың ұлы күні.
- Мен сенімен біргемін.
- Жақсылықтың ертең-кеші жоқ.
- Ол кейінірек барады.
- Ол мені кешеден тосып жүр.
- Мен елімнің ертеңімін.
- Оңашада жылап та алдым.
- Аса қадірлі қонақтарды күттім.
Морфологиялық талдау (бір үстеуге)
- Сөз табы
- ...
- Сұрағы
- ...
- Тұлғасына қарай
- ...
- Құрамына қарай
- ...
- Мағынасына қарай
- ...
- Сөйлемдегі қызметі
- ...
Сұрақтарға жауап бер
- Үстеу қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарады?
- Мезгіл үстеуінің сөйлемдегі қызметі қандай?
- Күшейткіш үстеу қай сөз табымен тіркессе, бір сөйлем мүшесі болады?
Қорытынды
Әр топ тақырып бойынша «Үш қалың, үш жұқа» сұрақтарын құрастырады: яғни, үш күрделі (терең) және үш жеңіл (нақты) сұрақ дайындайды.