Соқыр теке
Шығыс Қазақстан облысы • Бородулиха ауданы • Новая Шульба ауылы
Новая Шульба облыстық балалар үйі КММ • Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі: Молжигитов Рауан Серикович
Наурыз мерекесіне арналған сайыс: Қазақтың ұлттық ойындары
7 «А» және 7 «Б» сыныптары арасында ұйымдастырылған ұлттық ойындар сайысының сценарийі. Екі топ: «Жасұлан» (7 «А») және «Тұлпар» (7 «Б»).
Жүргізуші 1
Ерітіп қарын даланың,
Жайнатып гүлін даланың,
Жетелеп жұмсақ самалын,
Келді Наурыз — жыл басы.
Күлімдеп қарап күміс Күн,
Аспанын бүркеп пүліш түн,
Ұлы күні Ұлыстың —
Келді Наурыз — жыл басы.
Жүргізуші 2
Көгіме Күнін өрлетіп,
Ешкі мен қойын төлдетіп,
Келді Наурыз — жыл басы.
Теңеліп түн мен күндізі,
Ымдасып Ай мен Күндізі,
Жайраңдап елдің ұл-қызы —
Келді Наурыз — жыл басы.
Наурыздың мәні мен дәстүрі
Жыл басы — жаңару уақыты
Наурыз — көне иран сөзі, қазақша мағынасы «жаңа жыл» дегенді білдіреді. Қазақ халқы үшін 22 наурыз — жыл басы, күн мен түн теңелетін қасиетті мезет. Сондықтан бұл мереке «Ұлыстың ұлы күні» деп аталған.
Көрісу және ақ тілек
Ұлыстың ұлы күні ағайын-туыс бір-бірімен кездесіп, құшақ жайып көріседі. Ақжарма тілектер айтылады:
- Амансыз ба, Ұлыс оң болсын!
- Ақ мол болсын! Қайда барса, жол болсын!
- Ұлыс бақытты болсын! Төрт түлік ақты болсын!
- Ұлы береке берсін, бәле-жала жерге енсін!
Бата — бірлікке бастар сөз
Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көрісіп, бір-біріне жақсылық тілеп, бата береді. Ел ішінде мейірім мен ынтымақ артып, көңілдер жаңарады.
Ұлыс күні кәрі-жас
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өріскен.
Шалдар бата беріскен,
«Сақтай гөр», — деп терістен.
«Кел, таза бақ, кел!» — десіп,
«Ием, тілек бер!» — десіп.
Наурыз көже және думан
Халық «барды-жоқты қазанға салып, көпке берсе, жыл берекелі болады» деп түсінген. Наурыз күні жеті түрлі тағам қосылған наурыз көже дайындалып, ойын-сауық ұйымдастырылып, өнер көрсетіледі.
Сайыс құрылымы
Халқымыздың ежелден келе жатқан дәстүрін жалғастыра отырып, бүгін көрші отырған екі «ауылдың» жастары ұлттық ойындардан сайыс өткізеді. Бұл — достықты бекемдейтін, шымырлықты шыңдайтын және ұлт рухын асқақтататын ортақ мереке.
1-сайыс: Таныстыру
Әр топ өз атауын және ұранын таныстырады. Бұл кезеңде тапқырлық, ұйымшылдық және сахналық мәдениет бағаланады.
Денсаулық — зор байлық
Ұлттық ойындардың адамға тигізер пайдасын халық ертеден білген. Денсаулық жастайынан қалыптасады, ал ойын — соның табиғи мектебі.
Әділ бәсеке рухы
Бүгінгі сайыста екі топ та жеңісті оңайлықпен бере қоймайды. Алайда ең бастысы — өзара сыйластық пен ынтымақ.
Ұлттық ойындар бағдарламасы
Арқан тартыс
КомандалықОйынға ұзындығы 8–10 метр жуан кендір арқан қажет. Арқанның тең ортасына орамал (немесе шүберек) байланып, белгі қойылады. Екі жақтан ойыншылар арқанды қос қолдап ұстап, белгі бойынша өз жағына қарай тартады. Қай топ орталық белгіні қарсы жаққа бірінші сүйреп өткізсе, сол топ жеңімпаз атанады.
Соқыр теке
Ойын-сауықҚатысушылар саны 5 баладан аспағаны дұрыс. Оқушылар шеңбер құрып тұрады да, ортасына көзі байланған «соқыр теке» шығарылады. Шеңбердегі балалар оны білдіртпей түрткілейді. «Соқыр теке» өзін түрткен ойыншыны ұстап, атын табуы керек. Егер қателессе немесе басқа ойыншыны ұстап алса, ұсталған оқушы жаңа «соқыр теке» болады.
Қазақша күрес
СпорттықҚазақтан ертеден келе жатқан спорттық ойындардың бірі. «Күш атасын танымас» деген нақыл осы сайыстың мәнін айқындайды. Әр топтан бір-бір оқушы шығып, күш сынасады.
Кір тас көтеру
ЖекеӘр топтан бір оқушы шығып, кір тасты мүмкіндігінше бір қолымен көтереді. Жаттығу ептілік пен төзімділікті талап етеді.
Күш сынасу
ЖаппайБұл сайысқа екі топтың барлық оқушылары қатысады. Негізгі мақсат — ұйымшылдықты арттыру, қайрат пен жігерді шыңдау.
Қорытынды
«Тұлпар» мен «Жасұлан» топтары арасындағы ұлттық ойындар сайысы осымен аяқталды. Ендігі кезек — нәтижені шығарып, жеңімпаздарды анықтайтын төрешілер алқасында.