Обал мен сауап
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Мұғалім және сынып
- Өңір: Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы
- Мектеп: Қарауылкелді орта мектебі
- Пән: Өзін-өзі тану
- Сынып: 2-сынып
- Мұғалім: Әріпова Марал
Тақырып және бағыт
- Тақырып: Обал мен сауап
- Құндылық: Дұрыс әрекет ету
- Қасиеттер: мейірімді, ұқыпты, еңбекқор, қабілетті, үнемді болуға тәрбиелеу
Мақсат пен міндеттер
Бұл сабақтың негізгі мақсаты — мейірімділіктің адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін тереңдетіп, оқушылардың күнделікті өмірдегі таңдауларына бағыт беру.
- Түсінік беру: обал мен сауаптың мәнін ашу.
- Қызығушылық арттыру: халықтың дәстүрлі игі әдет-ғұрыптарын тануға жетелеу.
- Тәрбиелеу: үнемшілдікке, қамқорлыққа, мейірімділікке баулу.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Оқу құралдарын түгендеу және сабаққа дайындыққа назар аудару.
5T
- Тәртіп
- Талап
- Тазалық
- Тыныштық
- Татулық
Тыныштық сәті
Күн түс ауа бере күрт өзгеріп, аспанды қара бұлт басты. Лезде жапалақтап қар жауа бастады. Терезеден сыртқа қарап отырған мен далаға жүгіріп шықтым. Екі алақанымды қарға тосып тұрдым. Ұлпа қар қолыма қонып, бойымды қуаныш пен шаттыққа толтырды. Екі алақаным аппақ қарға толып, үйге кірдім.
Талқылау сұрақтары
- Көзімізді жайлап ашып, алақанымызға қараймыз: қар бар ма?
- Қар неге еріп кетті деп ойлайсыңдар?
Қорытынды ой: алақандағы жылу — жай ғана жылу емес, ол бір-бірімізге жақсылық, мейірім, қуаныш сыйлайтын жылу.
Үй тапсырмасы
- «Текті білу — тегін емес»: отбасы альбомы бойынша әңгімелеу.
- Жеті атаны айтып шығу.
Дәйексөз
«Обалды біліп өссең — сауапқа кенелесің»
Бұл халық даналығында терең мән бар: үлкендер «обал болады» деп, жасамауға тиіс қылықтардан сақтандырады; «сауабын аласың» деп, жақсы істерге жетелейді. Яғни жақсы іс — алғысқа бөлену, жақсылыққа жету деген ойды білдіреді. Үлкеннің сөзін тыңдау — өзімізді жақсылыққа бағыттау.
Оқушыларға оқыту үлгісі: ұл балалар 2 рет, қыз балалар 2 рет қайталайды.
Жаңа сабақ: «Обал мен сауап»
Өлең
Жас түйнек көк алма
Түсіп қапты көгалға.
Көктей жұлған оларды
Сотқар бала оңар ма?
Сауап пенен обал да
Көкейіне қонар ма?
Мәуе берер ал күзде —
Қайдағы алма оларға?
Соны неге білмейді,
Құлағына ілмейді.
Күтіп-баптап неге ертең
Тәтті алма жеп жүрмейді?
Әңгімелесу
- «Обал» дегенді қалай түсінесіңдер?
- Обал мен сауаптың айырмашылығын қалай ажыратуға болады?
Оқушы жауабының мазмұны: обал — жақсы нәрсенің қадірін білмесең, соңы өкінішке әкелетінін ескертетін ұғым; сауап — адамға жақсылық жасау, табиғатқа қамқор болу, игі іс істеу.
Мәтінмен жұмыс: «Обал деген не?»
- Егер сендер осы балалардың орнында болсаңдар, не істер едіңдер?
- Нан дастарханға қандай еңбекпен келеді?
- Нанды жерге тастау дұрыс па?
Мұғалім сыйы
«Ырысты жер» (Алдар көсе оқиғаларынан)
Шығармашылық жұмыс (топтық)
1-топ
Жыртылған кітап
2-топ
Сынған гүл
3-топ
Алғашқы екі топтың іс-әрекетін бақылап, пікір айту және қорытынды жасау.
Суреттерге қарап, қандай жағдайларда обал болатынын айтыңдар.
Сергіту сәті
- Аппақ болып таң атып — құшағын кең ашады.
- Түтін тікке ұшады — қолдарын толқындата жоғары көтереді.
- Қарлығаштар қанатын жаяды — самғап биік ұшады (құсша қимылдайды).
Жағдаятты шешу: «Жалғасын тап»
Бір күні ауа райы салқын әрі дымқыл еді: далада жаңбыр жауып тұрды. Мархаба үйіне қайтып келе жатты. Ол қатты тоңғандықтан, тезірек үйге жетіп, жылы жерде болғысы келді. Анасының дәмді тамағын жесем деп ойлап келе жатқанда, кенет аянышты дыбыс естілді. Алдымен тыңдамай өте шыққысы келді, бірақ тоқтап, айналасына қарады: жаңбыр астында бүрсеңдеп отырған мысықты көріп, оны аяп кетті.
Сұрақ
Мархаба мысыққа көмектеседі деп ойлайсыңдар ма?
Мәтін бойынша жауап
Ол мысықты көтеріп алып, қойнына қысты.
Ситуациялық сұрақтар
- Егер сен мысық тауып алсаң, не істер едің?
- Мысық Мархабаға қарап «не айтты» деп ойлайсыңдар?
- Мархаба қандай бала? Ол қандай іс жасады?
Мысық Мархабаның жылы алақанын жалап, көңілді кейіппен оған қарады.
«Ұйқасын тап» тапсырмасы
Құстың ұясын бұзба.
Үлкеннің алдынан кесіп өтпе.
Ақты төкпе.
Адасқанға жол сілте.
Малды теппе.
Дәптермен жұмыс
20-сабақ, 25-бет. «Торғай» әңгімесін өз ойларыңмен жалғастырып жазу.
Үйге тапсырма
Обал және сауап туралы мақал-мәтелдерді жаттау.
Қорытындылау
Бүгінгі сабақта біз обал мен сауап туралы түсінігімізді кеңейттік. Қазақ халқы баласының адал, жақсы болып өсуін, айналасына жақсылық жасайтын ізетті адам болып қалыптасуын қалаған. Сондықтан «тағамды төкпе, шашпа, ысырап етпе», «көктi жұлма» сияқты тыйым сөздер арқылы ұқыптылық пен қамқорлыққа тәрбиелеген. «Біреуге жақсылық етсең — сауабын аласың» деп, игі іске баулыған.
Соңғы тыныштық сәті
«Тыныштық бар жерде — тыныштық. Бүкіл әлемде тыныштық».
Сабақ соңында естелік ретінде оқушыларға «Мейірім гүлі» сыйға тартылады.
Әнмен аяқтау
«Мен әдепті баламын»
- Сөзі: У. Бекетов
- Әні: И. Нүсіпбаев