Әңгімені мәнерлеп, түсініп оқу

Сабақ туралы мәлімет

Сабақтың тақырыбы
«Наурыз көже» (34–35-сабақ), Әдебиеттік оқу
Сабақ түрі
Аралас
Әдісі
Сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс
Дүниетану, салауаттану

Сабақтың мақсаты

Білімдік

  • Әңгімені түсініп, мәнерлеп оқуға және мазмұнын жүйелі әңгімелеуге үйрету.
  • Наурыз көже туралы түсінік қалыптастыру.

Тәрбиелік

  • Ұлттық тағамдарды қадірлеуге, салт-дәстүрді сақтауға тәрбиелеу.
  • Ел байлығын ұқыпты әрі орынды пайдалануға баулу.

Дамытушылық

  • Көркем сөйлеу дағдысын дамыту, тіл байлығын арттыру.
  • Ойын анық әрі дәл жеткізе білуге жаттықтыру.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

  • Оқу құралдарын түгендеу.

II. Өткен сабақты пысықтау

  • Ертегіден түсінгендерін айту.
  • «Құстар — біздің досымыз» тақырыбында әңгімелеу.
  • «Қарлығаштың ұясы» тақырыбында шығарма жазу.

Фонетикалық жаттығу: таңырқау

Біз әдемі киім көрдік. Біз қалай таң қаламыз?

«Ай-ай-ай, ай-иә, қандай әдемі!»

Барлығыңыз менің соңымнан асықпай қайталаңыз.

III. Жаңа сабақ

Кіріспе әңгіме

Жаңа жыл! Жаңа жыл! Бақыт жылы болғайсың!

Бізге беріп жаңа жыр, бізден алғыс алғайсың.

Сұрақтар

  1. «Жаңа жыл» деп қай мерекені айтып тұр?
  2. Наурыз мерекесін біз қалай қарсы аламыз?
  3. Қандай салт-дәстүрлерді білеміз?
  4. Ұлттық тағамдарымызды атаңдар.
  5. Биыл қай жылды қарсы аламыз?
  6. Өткен Барыс жылы туралы әңгімеле.

Сергіту сәті (есте сақтауды дамыту)

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды соғайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып алайық.

Оқулықпен жұмыс

  • Мәтінді түсініп, мәнерлеп оқу.
  • Наурыз көженің қашан және қалай жасалатыны айтылған бөлікті тауып оқу.

Тапсырмалар

Наурыз көже неліктен қасиетті тағам саналады?

Наурыз көжеге неше түрлі тағам қосады? Атап бер.

IV. Сабақты бекіту

  • Наурыз мерекесі бейнеленген сурет бойынша әңгімелеу.
  • «Қош келдің, Наурыз» әнін орындау.
  • Біздің мектеп Наурыз мерекесін қалай қарсы алатынын әңгімелеу.

V. Үй тапсырмасы

  1. Әңгімені түсініп, мәнерлеп оқу.
  2. «Қош келдің, Наурыз!» тақырыбына шығарма жазу.

VI. Бағалау

Оқушылардың белсенділігіне, мәтінді түсініп оқуына және тапсырмаларды орындауына қарай бағалау.