Тәуелденіп барып септелген сөзді белгілеңдер

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Мұғалім

Зарубаева Лилия Елеуханқызы

Қарағанды қаласы, № 74 ЖББОМ

Орыс сыныптарына қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Тақырып

Нәтиже сабақ: «Менің достарым»

Пысықтау (нәтиже) сабағы

Әдістер мен көрнекілік

  • Сұрақ-жауап, әңгімелеу
  • Ойын, тест
  • Суреттер, тапсырмалар

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушылардың дос және достық туралы білімдерін тексеру, өткен материалды қайталау, сұрақтарға дұрыс жауап беру дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық

Нақты мысал келтіру арқылы оқушының сөйлеу дағдысын дамыту, қисынды ойлау қабілетін қалыптастыру.

Тәрбиелік

Достықты бағалай білуге баулу, әдептілікке және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа дайындау.

II. Жаңа сабақ

  1. 1) Сабақтың тақырыбы, мақсаты және барысымен таныстыру.
  2. 2) Мұғалімнің сәлемдесуі және ынталандыру өлеңі:

    – Сәлеметсіңдер ме, балалар?

    Сабағыңды жөндеп

    Әзірленсең — еңбек.

    Қиындықтың бәрін

    Еңбек қана жеңбек!

  3. 3) Тест сұрақтарына жауап беру.

Тест тапсырмалары

Төмендегі тапсырмалар өткен материалды жүйелеуге бағытталған. Әр сұрақта дұрыс жауапты таңдаңыз.

1. Жіктелмейтін сөзді көрсетіңдер.

  • А) мұғалім
  • В) кітап
  • С) ұшқыш
  • Д) келді

2. Тура мағынада тұрған сөзді белгілеңдер.

  • А) терең ой
  • В) терең өзен
  • С) мінезі ауыр
  • Д) білім кілті

3. Тәуелденіп тұрған сөзді табыңдар.

  • А) оқушылар
  • В) оқушының
  • С) оқушысы
  • Д) оқушымын

4. Ауыспалы мағынада тұрған сөзді көрсетіңдер.

  • А) қызыл алма
  • В) адамның басы
  • С) жұмсақ нан
  • Д) қара шаңырақ

5. Тәуелденіп барып септелген сөзді белгілеңдер.

  • А) досыма
  • В) досым
  • С) доссыңдар
  • Д) достар

6. III жақтың жіктік жалғауын көрсетіңдер.

  • А) –мын, –мін
  • В) –сыздар, –сіздер
  • С) –пыз, –піз
  • Д) жалғауы жоқ

7. Берілген сөзге тәуелдік жалғауының қайсысы жалғанады? Құрбы...

  • А) –ың
  • В) –м
  • С) –дарыңыз
  • Д) –ім

8. Берілген сөзге қандай сұрақ қойылады? Жолдасың

  • А) –нең?
  • В) кіміңіз?
  • С) кімім?
  • Д) кімің?

9. Берілген сөзге қай септік жалғауы жалғанған? Досын

  • А) барыс септігі
  • В) жатыс септігі
  • С) табыс септігі
  • Д) шығыс септігі

10. Берілген сөз жіктіктің қай жағында тұр? Достастық

  • А) I жақ, көпше
  • В) I жақ, жекеше
  • С) II жақ, көпше
  • Д) III жақ, жекеше