Сұр қоян
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Мақсаты
- Балалардың жануарлардың ұзақ қыс алдындағы дайындығы туралы білімдерін бекіту.
- Жануарлардың өмірі мен қоршаған орта жағдайлары арасындағы байланысты анықтауды үйрету.
- Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Оқу қызметінің әдістері
Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.
Қажетті құрал-жабдықтар
Жануарлардың суреттері: түлкі, аю, қоян, қасқыр, тиін, жолбарыс, арыстан және т.б.
Билингвалдық компонент
Қыс
зима
Орман
лес
Түлкі
лиса
Аю
медведь
Қасқыр
волк
Қоян
заяц
Мотивациялық-қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Армысың, қайырымды аспан ата.
Армысың, мейірімді жер ана.
Армысың, шұғылалы алтын күн.
Қуанайық, шаттанайық бәріміз.
Қол ұстасып тұрайық.
Шаттық шеңбер құрайық.
Ұйымдастыру-іздестіру кезеңі
-
Қыс мезгілінің ерекшелігі
Қыс мезгілі жабайы жануарлар үшін өте қиын кезең. Олар азығын қардың арасынан табуға қиналады, сондықтан жиі аштыққа ұшырайды.
-
Ән орындау
«Аю, аю, тұршы» әнін айту.
-
Слайдпен жұмыс
Балаларға слайд көрсетіледі.
- Бұл суреттен нені көріп тұрсыңдар?
- Жабайы аңдарға қандай жануарлар жатады?
- Неліктен оларды «жабайы аңдар» деп атаймыз?
Тақпақтар
Қасқыр
Дәулет
Мен көкжал қасқырмын,
Малшыны састырдым.
Аш болсам, ұлимын,
Ауылды торимын.
Аю
Асылбек
Тауға шықсаң — қалың қар,
Сайға түссең — қалың қар,
Шырша үсті — қалың қар,
Байқаңдар, қар астында
Ұйықтап жатқан аю бар.
Сұр қоян
Диана
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің.
Келе жатқан томпаңдап,
Көжек екен өзінің.
Жолбарыс
Нұрқанат
Мен — жыртқыш жолбарыс,
Тұрағым — ну қамыс.
Түн демей, күн демей,
Жортамын жолда алыс.
Арыстан
Мейірбек
Мен — мықты арыстан,
Аңдардың патшасы.
Жауыммен алысқан,
Күл болған қаңқасы.
Тиін
Айзере
Мен тиінмін, тиінмін,
Қысқа жылы киіндім.
Қоймам толы жаңғаққа,
Іші толы үйімнің.
Қысқаша мәлімет
Жолбарыс туралы
Жолбарыс — ірі жыртқыш аң. Ол Қазақстанда кездеспейді; негізінен Суматра аралында кездеседі. Ну ормандарда мекендейді. Қыста өз азығын өзі тауып қоректенеді.
Ақләйлек
Қоян туралы
Қоян орманды және далалы жерлерде мекендейді. Салмағы 6 килограмға дейін жетеді. Түсі жыл мезгілдеріне байланысты өзгеріп отырады. Қыста қар астындағы шөптердің тамырымен және ағаштардың қабығымен қоректенеді.
Алдияр
Сергіту сәті
Қимыл-қозғалысқа арналған қысқа сергіту жаттығулары орындалады.
Жұмбақтар
-
1)
Өзі қу, жүрген жері айғай да шу.
-
2)
Жаздай қаңғиды, қыста қалғиды.
-
3)
Аузы бейне шалғы орақ, шөп емес, бірақ малды орады.
-
4)
Сылдырдан қорқады, шошынып жатады.
Суреттер бойынша әңгіме құрастыру
Берілген суреттерді негізге ала отырып, балалар жабайы жануарлардың қысқа дайындығы туралы қысқаша әңгіме құрастырады.
Материал: «Жабайы жануарлардың қысқа дайындығы».