Алаш қайраткерлерін қуғындау

Сабақтың тақырыбы

1937–1938 жылдардағы жаппай жазалау шаралары (слайд материалдарымен).

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Әдісі

Интерактивті

Көрнекіліктер

Карта, сызба

Сабақтың мақсаты

  • Оқушыларға жаппай жазалау (репрессия), лагерьлер жүйесі, «халық жауы», тоталитарлық, казармалық социализм ұғымдарын түсіндіру.
  • Тарихи санасы қалыптасқан, әлемдік мәдениетпен сусындаған, ұлттық рухы жоғары, шығармашыл тұлға тәрбиелеу.
  • Шығармашылық жұмысқа мүмкіндік бере отырып, білім алуға деген құлшыныс пен қызығушылықты арттыру.

Сабақтың құрылымы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпты сабаққа дайындау, назарын шоғырландыру, топтық жұмыс ережесін нақтылау.

II. Ой қозғау

Хронологиялық журнал арқылы негізгі кезеңдерді еске түсіру:

  • 1920 ж. 26 тамыз
  • 1921 ж.
  • 1925 ж.
  • 1931–1933 жж.
  • 1936 ж.
  • 1937–1938 жж.

Топтық жұмыс

Оқушылар тақырыптың қырларын ашу үшін топтарға бөлінеді. Әр топ өз бағыты бойынша дерек, тұлға және қорытынды ой ұсынады.

1-топ: «Тарих»

Бағыты: 1920–30 жж. қоғамдық өмір

2-топ: «Алдаспан»

Бағыты: Алаш қайраткерлерін қуғындау

3-топ: «Талап»

Бағыты: Әдебиет өкілдерін қуғындау

4-топ: «Ғалымдар»

Бағыты: Қазақ ғалымдарын қуғындау

5-топ: «Ұрпақтар»

Бағыты: Қазақстан — лагерьлер өлкесі

6-топ: «Ақиқат»

Бағыты: Сталиндік қуғын-сүргіннің шындығы

III. Жаңа сабақ

Сабақ жоспары

  1. 1. Сталиндік казармалық социализм.
  2. 2. Зиялы қауымды жаппай жазалау: Алаш қайраткерлері, ақын-жазушылар, ғалымдар.
  3. 3. «Халық жауларын» жазалау тетіктері.
  4. 4. Қуғындауға қарсылық және азаматтық ұстаным.
  5. 5. Қазақстандағы лагерьлер жүйесі: ГУЛАГ, Степлаг, АЛЖИР.

Талқылау сұрақтары

  • 1930 жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі қандай сипат алды?
  • «Социализм тоталитарлық, казармалық сипат алды» дегенді қалай түсінесіңдер?
  • Жеке адам құқықтарының тарылуы қандай әрекеттер арқылы көрінді (қамау, жер аудару, еңбекпен түзеу лагерлері)?

Қуғын-сүргін және геноцид саясатының кезеңдері

I кезең

1929–1933 жж.

II кезең

1937–1938 жж.

III кезең

1947–1953 жж.

Тарихи ой-толғау

Қазақ тарихына үңілсек, әлі де толық ашылмаған, бұрмаланған беттер аз емес. «Кім батыр, кім сатқын? Кім халық үшін қызмет етті, кім жеке басының қамын ойлады?» деген сұрақтарға бірден жауап беру оңай емес.

«Ұлы тұлғаларды білмейінше, бірде-бір дәуірді дұрыс тану мүмкін емес.»

Тарихымызды «ақтаңдақтардан» арылту — бүгінгі күннің маңызды міндеті. Уақыт шаң басқан парақтарға жаңаша көзқараспен қарап, сол кезеңдердің орны толмас қасіретін бағалау арқылы біз тарихта із қалдырған тұлғалардың ұрпақ алдындағы жауапкершілігін де естен шығармауымыз қажет.

Қазақстан тарихында сталиндік зұлматтың құрбаны болған, халық жадында жарқын жұлдыздай сақталған Алаш қайраткерлері, ақын-жазушылар, ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің есімдері ерекше аталады.

Негізгі сұрақ

Қазақ зиялыларының озық тобы неліктен қуғындауға ұшырады?

Алаш қайраткерлері

Ұлттық мемлекеттілік идеялары мен саяси белсенділік үшін нысанаға алынды.

Ақын-жазушылар

Еркін ой, қоғам сыны және ұлттық рухты көтергені үшін қысым көрді.

Ғалымдар

Ғылыми дербестік пен тарихи шындыққа ұмтылыс күдік тудырды.

Қуғынға ұшыраған тұлғалар (мысалдар)

С. Сейфуллин, С. Садуақасов, Т. Жүргенов, С. Қожанов және басқа да қайраткерлер.

Қазақстан — лагерьлер өлкесі

1936 жылы сталиндік КСРО Конституциясы жарияланғаннан кейін бюрократиялық орталықтандыру күшейді. Республикалар іс жүзінде толық егемендікке қол жеткізе алмады. Әлеуметтік жүйе барған сайын тоталитарлық әрі казармалық сипат алды. Осы жағдайдың салдары ретінде Қазақстан аумағында жазалау лагерлерінің желісі қалыптасты.

Карлаг (Қарағанды еңбекпен түзеу лагері)

  • 1930 жылы құрылды.
  • 1930 жылдардың басында тұтқындар саны 37 мыңға жуық болды.
  • Қамауға алынғандардың 4 жасқа дейінгі 980 баласы лагерьдегі балалар үйінде тәрбиеленді.
  • Ұлы Отан соғысы қарсаңында тұтқындар саны 50 мыңға жетті.

АЛЖИР (Ақмола лагері)

«Отанын сатқандардың әйелдері» ұсталған лагерь ретінде белгілі. Мұнда әртүрлі ұлт өкілдерінің әйелдері, оның ішінде қазақ зиялыларының жұбайлары қамауда болды.

Дерек

Ақмола лагерінде 30 мыңға жуық әйел болғаны айтылады.

Акмолинский лагерь жен изменников Родины (АЛЖИР).

Степлаг (№4 ерекше лагерь)

  • 1940 жылдардың басында Жезқазған құрылысы НКВД-ның ГУЛАГ жүйесіне берілді.
  • 1947 жылы №4 ерекше лагерь — Степлаг аталды.
  • 1940 жылдың соңына қарай шамамен 7 мың тұтқын жиналды; оның 10%-ы қылмыскерлер, қалғаны «халық жауы» ретінде айыпталғандар болды.
  • Негізгі міндеті — қысқа мерзімде мыс балқыту комбинатын салу.
  • Соғыс аяқталар тұста әскери тұтқындар әкелінді: неміс, жапон, қытай, венгр, румын, поляк және т.б.
  • Сталин қайтыс болғаннан кейін наразылық күшейіп, ГУЛАГ жүйесін дүр сілкіндірген Кеңгір көтерілісіне ұласты.
  • 1954–1956 жылдары шамамен 8 мың тұтқын ақталды.
  • 1957 жылы Степлаг толық жабылды.

IV. Бекіту және ойын элементтері

«Сандар сөйлейді»

Берілген жылдар мен сандарға сәйкес келетін тарихи оқиғаларды анықтау.

«Тұлғаны таны»

Көрсетілген тарихи тұлғаны анықтап, оның тарихтағы орнын сипаттау.

«Білімге жорық»

Командалық сұрақ-жауап арқылы тақырыпты қорытындылау және дәлелді пікір айту.

V. Қорытынды ой (РАФТ)

Енді бізге қайта оралды заңғарлар — сталиндік тозақта жанғандар.

Бұл тақырыпты оқу — өткеннің қасіретін тану ғана емес, әділеттің құнын, адам құқығының маңызын және тарихи жадының жауапкершілігін сезіну.