Сіздердің жас ерекшеліктеріңізге қарамай сайысқа шақырғанбыз

Сыныптан тыс шара туралы

Тақырыбы: «Таң қалмаңыз».

Түрі: тәрбие сағаты (сыныпаралық).

Негізгі идеясы: «Шәкіртсіз ұстаз — тұл».

Мақсаты

  • Жас ұрпақ бойындағы жағымсыз қылықтардың алдын алу.
  • Оқушылардың өнері мен дарындылығын дамыту, шығармашылыққа баулу.
  • Ұстазды сыйлауға, құрметтеуге, үлкенге ізетті болуға тәрбиелеу.

Міндеттері

  • Икемділік, шеберлік және шығармашылық қабілетті дамыту.
  • Тіл мәдениетін, ұлттық сана-сезімді, әсемдік пен эстетикалық талғамды қалыптастыру.
  • Еңбек сүйгіштікке және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер мен ресурстар

Нақыл сөздер, суреттер, киім үлгілері, безендірілген сахна, қолөнер бұйымдары, үнтаспа және қосымша материалдар.

Бағдарлама құрылымы

I. Ұйымдастыру бөлімі

  • Кіріспе сөз, көрерменмен амандасу
  • Бағдарлама форматын таныстыру («Таң қалмаңыз» желісімен)

II. Негізгі бөлім

  • Дәм думан — тағам дайындау таныстырылымы
  • Би думан — би қойылымдары (твист, ұлттық/шетел биі)
  • Сән думан — заманауи сән үлгілері көрсетілімі
  • Зияткерлік ойын — анкета сұрақтары және сөз құрау

Жүрісі: сахналық сценарийдің ықшамдалған нұсқасы

Кіріспе

Мұғалім көрермендерді, ұстаздарды, ата-аналарды және оқушыларды қарсы алып, «Таң қалмаңыз» бағдарламасы форматына сай өтетін сыныпаралық тәрбие сағатын таныстырады. Тақырып: «Шәкіртсіз ұстаз — тұл».

Жүргізушілер

  • Сахиев Ыбырай
  • Жанжігітова Айдана

Сайыскерлер мен арнайы қонақтар

Жүргізушілер сайысқа қатысушыларды таныстырады: Бейбітқызы Гүлсезім (7 «Д») және Қарабаев Жазылбек (10 «Б»). Жас ерекшелігі әртүрлі болса да, мақсат бір: өнер мен білім арқылы шыңдалу.

Сахнаға арнайы қонақтар шақырылады: Бекбауов Нұрбек (оқушылар кеңесінің жетекшісі, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі) және Наурызбекова Райгүл (тәлімгер, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі).

Әділқазылар алқасы

  • Шамова А.
  • Амангелдиева Г.
  • Ізтілеуова М.
  • Жалғасбаева А.

1-бөлім: «Дәм думан»

Бұл бөлімде сайыскерлер мен ұстаздар өздері әзірлеген тағамдарын таныстырып, дайындалу жолын қысқаша түсіндіреді. Дайын тағамдар әділқазыларға ұсынылады.

Негізгі өлшемдер: ұқыптылық, дәм үйлесімі, таныстыру мәдениеті және шығармашылық көзқарас.

Өнер үзілісі

Көрермендерге 7 «В» сыныбының бишілер тобы «Рок-н-ролл» биін ұсынады. Бұл қойылым кештің динамикасын арттырып, сахнаға мерекелік көңіл-күй береді.

2-бөлім: «Би думан»

Бұл бөлімде әр буынға ортақ көңілді ырғақтар мен әртүрлі стильдегі билер көрсетіледі. Көрермендерге ерекше әсер сыйлайтын классикалық «Твист» және басқа да би композициялары ұсынылады.

Твист

Көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын, ескірмейтін би.

Көпшілікке арналған би нөмірлері

Жұптық және топтық композициялар арқылы сахналық мәдениет дамытылады.

3-бөлім: «Сән думан»

Бұл бөлімде оқушылар дайындаған киім үлгілері көрсетіледі. Ерекшелігі — тұрмыстық материалдарды креативті қолдану арқылы эстетикалық талғамды дамыту.

ХХІ ғасыр киім үлгілері (қатысушылар)

  • Әйгерім — 6 «А»
  • Ақнұр — 6 «Г»
  • Ақжарқын — 7 «А»
  • Ақбаян — 6 «Б»

Көрсетілімде пакет материалынан тігілген сән үлгілері ұсынылады.

Сонымен қатар көрермендер 8 «В» сыныбының өнерлі оқушысы Н. Кәмшат дайындаған сән үлгілерін тамашалайды.

4-бөлім: Зияткерлік ойын

Зияткерлік кезең екі турдан тұрады: анкета сұрақтары және сөз құрау. Ереже қарапайым: сұраққа кім бірінші дұрыс жауап берсе, сол ұпай алады.

Анкета сұрақтары (іріктелген тізім)

  1. 1) Мектепте жоқ ұстаз

    Райгүл • Темірхан • Қарлығаш • Қарашаш

  2. 2) Қай кино қазақ фильміне жатпайды?

    «Менің атым Қожа» • «Бандыны қуған Хамит» • «Махаббат үйі» • «Қыз Жібек»

  3. 3) Әлемде жоқ қала

    Орал • Тегеран • Бериван • Москва

  4. 4) Қай зат компьютер құрылғысына жатпайды?

    Жүйелік блок • Пернетақта • Тышқан • Монитор

  5. 5) Зергерлік бұйымға жатпайтын атауды тап

    Алқа • Сырғалым • Жүзік • Білезік

  6. 6) Елтаңбада жоқ белгі

    Шаңырақ • Бидай • Пырақ • Пышақ

Сөз құрау

Қатысушыларға «қалаймақан» сөзінен мүмкіндігінше көп сөз құрастыру тапсырмасы беріледі.

Ұлттық қолөнер таныстырылымы

Кеш барысында көрермендер ұлттық салт-дәстүрді дәріптейтін қолөнер бұйымдарымен танысады. Атап айтқанда, ауыл азаматы Жайлау ағамыздың саз балшық пен қалың шиден дайындаған бұйымдары ұсынылады.

Бұл бөлім оқушылардың ұлттық құндылықтарға құрметін арттырып, еңбектің қадірін сезіндіруге бағытталған.

Қорытынды

Әділқазылар сайыскерлердің өнерін саралап, ұпай қорытындысын шығарады. Жеңімпаз анықталып, қатысушыларға мақтау қағаздары тапсырылады.

Мұғалімнің қорытынды пікірі

«Таң қалмаңыз» атты сыныптан тыс тәрбиелік шара 4 бөлімнен тұрды. Белсенді әрі өнерлі оқушылар мен шығармашыл әріптестеріміз шараға жоғары ынта-ықыласпен қатысты. Әр бөлімдегі тапсырмалар ұйымшылдықпен орындалып, кеш мазмұнды, қызықты және тартымды өтті.