Әжеңнің аты кім

Сабақ жоспары 5-сынып Тәуелдік жалғау Отбасы тақырыбы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сабақтың басында мұғалім оқушылармен амандасып, сыныптың дайындығын тексереді: «Сыныпта кім кезекші? Кім жоқ? Қазір қандай сабақ? Қазақ тілі нешінші сабақ? Қазақ тілі сабағында не істейміз? Не үйреніп жүрміз?»

ІІ. Тіл дамыту

Оқушылардың сөйлеу дағдысын диалог және монолог арқылы дамыту ұсынылады. Тақырыпты кеңейту үшін маусымдық сұрақтар қойылады:

  • Қазір қай мезгіл?
  • Көктемде ауа райы мен табиғат қандай болады?
  • Көктемгі еңбек туралы не білесің?
  • Көктемнің алғашқы гүлдерін ата.
  • Көктем мезгілі бәріне бірдей ұнай ма? Пікіріңді дәлелде.
  • Көктем мерекелерін ата.
  • Суреттер бойынша әңгімеле.
  • Күзде күн қандай болады?

ІІІ. Үй жұмысын тексеру

Үй тапсырмасы: «Өзім туралы» тақырыбында монолог айту және кластер құрастыру.

Кластер үлгісі

Танысу Туған жылы, айы, күні Туған жері Мекенжайы Ұлты Оқитын мектебі, сыныбы Бос уақыты Ермегі

IV. Жаңа тақырып: «Менің отбасым»

Сабақ тақырыбын ашу үшін өлең жолдары оқылады. Оқушылар тыңдап, мәтіннің не туралы екенін анықтайды.

Әкем мен анам бар.

Әкемнің әкесі — ақ басты атам бар.

Әкемнің шешесі — ақ шашты әжем бар.

Ұлдардың үлкені — бір туған ағам бар,

Қыздардың үлкені — бір туған әпкем бар.

Ұлдардың кішісі — бір туған інім бар,

Қыздардың кішісі — бір туған қарындасым бар.

Әпкеге — сіңлі бар.

Өлең арқылы тақырыпты анықтау

Глоссарий

Отбасы — жанұя — семья

Онша үлкен емес — не очень большая

Бала — ребенок

Ұл — сын, Қыз — дочь

Тату-тәтті — дружно

Жігіт — парень

Үйленбеген — неженат

Тұрмыста емес — незамужем, Тұрмыста — замужем

Сұрақ-жауап жұмысы

Тақтадағы сұрақтарды оқушылар жұппен орындайды: бір оқушы сұрақты оқиды, екіншісі жауап береді.

Сенің отбасың бар ма?
Сенің отбасың қай көшеде тұрады?
Отбасыңда неше адам бар?
Сенің атаң мен әжең бар ма? Әжеңнің аты кім?
Әкең қайда жұмыс істейді?
Отбасың қандай? Сипаттап бер.
Отбасың қай қалада тұрады?
Сенің әпкең, ағаң бар ма?
Шешең неше жаста?

Сипаттама үлгісі

Үлгі: Менің шешем сұлу, елгезек әйел. Ол ақылды, білікті маман. Ол жұмсақ мінезді, қайырымды адам, бірақ қажет кезде қатал. Ол — әділ адам.

Сөздер банкі (қолдау сөздері)

Төмендегі сөздерді пайдаланып, сөйлемдер құрастырыңыздар және өз отбасыңыз туралы қысқаша әңгімелеңіздер (1–2 оқушы монолог айтады).

әке шеше ұлты ата әже іні сіңлі қарындас келін немере жиен жұмысшы зейнеткер оқушы ауыл қала тұрады құрметтейді

Орысша тірек сөздер

семья, дедушка, бабушка, папа, мама, дружно живут, рабочий, дом, уважает, деревня, брат, пенсионер, ученик

Жаттығу жұмыстары: тәуелдік жалғаулар

Мәтіннен тәуелдік жалғаулы сөздерді табыңыз:

  • Атам диванда отыр.
  • Әжем қолғап тоқып отыр.
  • Әкем мен шешем теледидар көріп отыр.
  • Біздің отбасымыз тату-тәтті тұрады.

Тәрбиелік бағыт: үлкендерді құрметтеу, сыпайылық сақтау, отбасы құндылықтарын бағалау.

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

Оқушылар білетін мақал-мәтелдерін айтады, мағынасын талқылайды.

  • Өз жұрттың — күншіл, нағашы жұрттың — сыншыл, қайың жұрттың міншіл келеді.
  • Қартың болса, жазып қойған хатпен тең.
  • Немере етін жеп, сүйегін қалдырады.
  • Өз балаңды өскенше бағасың, немереңді өлгенше бағасың.
  • Тату үйдің тамағы тәтті.
  • Ана — бәйтерек, бала — жапырақ.
  • Әдепті бала — арлы бала, әдепсіз бала — сорлы бала.
  • Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар.
  • Ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол; қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол.
  • Қонақ асына емес, қабақ-қасыңа риза.
  • Қонақ жаман болса, үй иесі қыдырады; үй иесі жаман болса, қонақ қыдырады.
  • Келінің жаман болса, ұлыңнан көр; күйеуің жаман болса, қызыңнан көр.

V. Қорытынды

  1. 1 Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болды?
  2. 2 Сабақта қандай жұмыстар орындадық?
  3. 3 Үлкен кісілерге қалай қарау керек? (Құрметтеу, сыйлау.)

VI. Үйге тапсырма

Тапсырма: «Отбасы» тақырыбы бойынша шағын эссе жазу.

Қысқа ескерту (әдістемелік)

Сабақ бойында оқушылардың жауаптарын қолдап, қате айтылған сөздерді жұмсақ түрде түзетіп отыру ұсынылады. Негізгі мақсат — отбасы тақырыбында еркін сөйлеуге жағдай жасау және тәуелдік жалғауларды мәтін ішінде танып, дұрыс қолдандыру.