Күрделі сөздер қандай сөздер
«Қазақ тілін терең білгіштер» танымдық сайысы
Мақсаты
- Қазақ тілінен алған білімдерін пысықтау.
- Ойлау қабілетін және сөйлеу мәдениетін дамыту.
- Ұйымшылдыққа және шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Кіріспе
«Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп» демекші, 4-сыныптар арасында өтетін «Қазақ тілін терең білгіштер» танымдық сайысына қош келдіңіздер! Сайыс алты кезеңнен тұрады.
Сайыс құрылымы (6 кезең)
1-кезең: «Білгенге маржан»
30 секунд6 ұяшықтың бірін таңдап, сұраққа уақыт ішінде жауап беру. Жауап болмаса, сұрақ басқа топқа ұсынылады.
2-кезең: «Кім шапшаң?» (жалпыдан жалқыға көшу)
1 минутБерілген кестені толтыру: кино атаулары, кітап атаулары, қала атаулары, өзен/су атаулары, тау атаулары.
3-кезең: «Әріп сыры»
1 минутЖеребе арқылы тапсырма таңдалып, барлығына ортақ «С» әрпінен басталатын етістік, зат есім және сын есім сөздер жазылады.
4-кезең: «Жүйрік болсаң, шауып көр»
30 секунд7 септіктің сұрақтарын уақыт ішінде жазып шығу.
5-кезең: «Ойы жүйріктің – тілі жүйрік»
1 минут«Оқушылар» сөзінен мүмкіндігінше көп сөз құрастыру.
6-кезең: «Ойтолғаныс»
2 минут«Қазақ тілін терең білу мен үшін…» тақырыбында шағын эссе жазу.
Жүргізілу барысы
- Қатысушыларға сәттілік тілеп, сайысты бастау.
- Әр топ өз командасын таныстырады.
- Кезеңдер ретімен тапсырмаларды орындау.
1-кезең сұрақтары («Білгенге маржан»)
Әр дұрыс жауап үшін 1 ұпай беріледі.
1 ұяшық
Сөз тіркесі дегеніміз не?
2 ұяшық
Қандай сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз?
3 ұяшық
Бірыңғай мүшелер дегеніміз не?
4 ұяшық
Қыстырма сөздер деп қандай сөздерді айтамыз?
5 ұяшық
Күрделі сөздер дегеніміз қандай сөздер?
6 ұяшық
Біріккен сөздер деп қандай сөздерді айтамыз?
Қорытынды
Қорытынды бөлімде төреші сөз алып, ұпайларды қорытындылап, жеңімпаздарды анықтайды. Сайысқа қатысушылардың жауаптарын тыңдап, төрелік ететін бастауыш сыныптар кафедрасының жетекшісі Тлеулиева Гулайым Шыңғызовнаға қошемет көрсетейік.