Өсімдік топтарын ажыратып жапсырып беру

Сабақ туралы мәлімет

Мектеп

Астана қаласы №64 мектеп-лицейі

Мұғалім

Бастауыш сынып мұғалімі Арыстанова Қарлығаш Ақылбекқызы

Сынып

1-сынып

Сабақ тақырыбы

Өсімдіктердің көбеюі

Сабақ типі

Аралас сабақ

Сабақ түрі

Жаңа сабақ

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Өсімдіктер дүниесінің құпиясы мен қызығы мол екенін түсіндіру, сайыс түрінде көбею жолдарымен таныстыру.
  • Өсімдіктер тіршілігіндегі өзгерістерді байқату.
  • Өсімдіктердің тірі табиғатқа жататынын дәлелдету.

Дамытушылық

  • Ағаштар, бұталар және шөптесін өсімдіктердің айырмашылықтары туралы білімді тиянақтау.

Тәрбиелік

  • Өсімдіктерді қорғауға, баптауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.
  • Өздігінен ізденуге, ұйымшылдыққа, мейірімділікке және қамқорлыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер, құрал-жабдық және байланыс

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс, бақылау күнделігімен жұмыс, ассоциация әдісі.

Сабақтың жабдығы

Суреттер, топтық тапсырмалар, Қазақстан картасы.

Пәнаралық байланыс

Ана тілі.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, жұмысқа дайындау.

Ел тәуелсіздігі мен жетістіктері туралы қысқаша әңгіме жүргізіледі. Оқушылардың жауапкершілігі біліммен үлес қосу екені атап көрсетіледі.

2) Топқа бөлу және сайыс ережесі

Сыныпта бес топ құрылады: қызылдар, сарылар, жасылдар, көктер, күлгіндер.

Көрнекілік идеясы

Әр топтың алдында өз түсіне сәйкес гүлдер болады. Дұрыс жауап берген сайын топ өз гүлін алып, картадағы Қазақстан жерін «гүлдендіреді».

Қорытындылау

Сабақ соңында қай топ көбірек гүл жинағаны саналып, жеңімпаз анықталады.

3) Тақырыпқа кіріспе: жыл мезгілі мен ауа райы

Тақырыпқа өтпес бұрын оқушылармен күз мезгілі, айлары және ауа райы белгілері бойынша әңгіме жүргізіледі.

Бұлттар төніп, жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып, өңі тайып,
Дала сұры қашады.

Бой жаза алмай, ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады.
Жерде сыз, өзенге қатты мұз…

Жауап: Күз Айы: Қараша Күз айлары: Қыркүйек, Қазан, Қараша

4) Өткен сабақты пысықтау: топтық тапсырмалар

Оқушылар музыка тыңдай отырып, тапсырмаларды орындайды. Соңында әр топ өз жұмысын қорғап, нәтижесін түсіндіреді.

Қызылдар

Тірі және өлі табиғат нысандарын ажыратып, дұрыс топтастырып жапсыру.

Жасылдар

Өсімдік топтарын ажыратып, жапсырып көрсету.

Сарылар

Өсімдік мүшелерінің атауларын өз орнына дұрыс орналастыру.

Көктер

Бақшаның достары мен зиянкестерін ажыратып көрсету.

Күлгіндер

Жеміс, жидек және көкөністерді ажыратып, топтастыру.

5) Сергіту сәті

Аппақ болып таң атып,
Түтін тіке шығады.
Қарлығаштар қанатын,
Самғап биік ұшады.

Қоюланып қара бұлт,
Жаңбыр жауды себелеп.
Жапырақтың астына,
Тығылып қалды көбелек.

Талқылау сұрағы

Жаттығуда қандай табиғат құбылыстары байқалды?

Жауап: жел соқты, күн шықты, жаңбыр жауды.

6) Жаңа тақырып: өсімдіктер қалай көбейеді?

Зерттеу жұмыстары

Бірнеше күн бұрын оқушыларға шағын зерттеу тапсырмалары берілген. Нәтижелер талқыланып, ортақ қорытынды жасалады.

Қорытынды: өсімдіктер өскіннен пайда болады; кейбір өсімдіктер тамыр арқылы да көбейеді.

Мектеп тәжірибесі

Мектеп ішіндегі гүлдерді күтіп-баптау еңбегі туралы сұхбат жүргізіледі. Қонақ ретінде Бибісара апай шақырылып, өсімдіктерді көбейту жолдары жөнінде әңгімелейді.

Ертегі арқылы түсіндіру: тұқымнан көбею

Далада бір гүл өсіп тұрады. Ол жаз бойы жайқалып, әдемі гүлдейді. Күз келгенде өсімдіктер сарғайып, қурайды. Қатты жел тұрып, гүлдің қураған басы жерге салбырайды. Сол сәтте одан бірнеше тұқым жерге шашылады. Тұқымдар топырақпен араласып жата береді. Қыста қар басады. Көктемде қар еріп, жер жылынғанда тұқым өніп, одан өскін шығады. Сөйтіп жаңа гүл қайта өседі.

Тұқым Топырақ Көктемгі жылу Өскін

7) Оқулықпен және жұмыс дәптерімен жұмыс

Оқулық

Мәтінмен танысу, негізгі ойды анықтау, сұрақтарға жауап беру.

Жұмыс дәптері

Суреттерді сәйкестендіру тапсырмасын орындау.

8) Қорытынды

Бүгін біз өсімдіктердің тұқымнан, тамырдан және қалемшеден көбейетінін білдік.

Қазақстан картасына назар аударып, топтардың «гүлдендіру» нәтижесі бағаланады: карта әдемі, гүлді, көрікті күйге енеді.

Рефлексия

  • Бүгін қандай тапсырмалар орындадық?
  • Қай тапсырма қызықты болды?

Үй тапсырмасы

54–55-беттер: оқу, мазмұндау.

Бағалау: сабақ соңында жеңімпаз топ анықталып, қорытынды баға қойылады.