Шекарашы сөзін сөз құрамына талдау

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Орналасқан жері

Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Т. Рысқұлов атындағы орта мектебі

Пән

Қазақ тілі

Мұғалім

Бастауыш сынып мұғалімі: Серикова Б. Д.

Тақырып

Сөйлем

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға сөйлем туралы ұғым қалыптастыру, сөйлемнің аяқталған ойды білдіретінін және тыныс белгілерінің қызметін түсіндіру.

Білімділік міндеті

Түрлі тапсырмалар арқылы сөйлем туралы білімін кеңейту және бекіту.

Дамытушылық міндеті

Нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер негізінде пікірталас, ойтолғау, шығармашылық жұмысқа жағдай жасау.

Сабақ түрі

Жаңа білімді меңгерту

Әдістер

  • Сұрақ-жауап
  • Көрнекілік пайдалану
  • Іздену

Технология

Сатылай кешенді оқыту

Оқыту формалары

  • Жеке
  • Жұптық
  • Топтық
  • Ұжымдық

Пәнаралық байланыс

Ана тілі, дүниетану

Техникалық құралдар

Интерактивті тақта, компьютер

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа бағыттау және психологиялық дайындық жүргізіледі. Оқушылар суреттер арқылы 3 топқа бөлінеді: нүкте, леп белгісі, сұрау белгісі.

II. Өткен материалды еске түсіру

Мақсаты — жаңа білімді бұрынғы біліммен байланыстыра отырып, материалды жеңіл әрі түсінікті меңгерту.

Негіз болатын тапсырма

«қарын», «тойғызар», «қанағат» сөздерін қатыстырып қанатты сөздер мен мақал-мәтелдер құрастыру.

Мысал

Қанағат — қарын тойғызар.

Осы сөйлем негізінде айтылым әрекеті арқылы ойтолғау жасалады.

III. Жаңа білімді меңгеру

Мақсаты — оқушылардың дербес әрекетін ұйымдастыру және ережені өздері шығара алатындай жағдай жасау.

Оқулықпен жұмыс (164-жаттығу)

Сөздерді салыстырып оқиды: шекара, шекарашы, ел, қорғайды, күзет, олар, тұрады.

Шекарашылар күзетте тұрады.

Олар еліміздің шекарасын қорғайды.

Ереже

  • Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.
  • Сөйлем соңына нүкте (.), сұрау белгісі (?) немесе леп белгісі (!) қойылады.

Топтық тапсырма: көңіл күйді бейнелейтін суреттер

Оқушыларға көңіл күйді білдіретін суреттер таратылады. Төмендегі сөйлемге сүйене отырып, айтылым және тыңдалым әрекеттері арқылы ойтолғау жасалады және синтаксистік талдау орындалады:

Дәйексөз

Қазақ тілі — ғажап тіл. (Н. Назарбаев)

Синтаксистік талдау (негізгі ой)

  • Сөйлемде екі тыныс белгісі бар: нүкте және сызықша.
  • Нүкте ойды аяқтап, сөйлемді тиянақтайды.
  • Сызықша бастауыш пен баяндауыш есім сөздерден болғандықтан, бастауыштан кейін қойылады.

Тілдесім әрекеті

«Үйретуші — үйренуші» үлгісі бойынша қысқа диалог құрастырылады.

Дәптермен жұмыс

  • Ш, ш әрпі мен дыбысын көркемдеп жазу.
  • «Шекарашы» сөзін сөз құрамына талдау.

«Шекарашы» сөзін талдау

  1. Құрамы: шекара + -шы.
  2. Тұлғасына қарай: шекара — негізгі түбір; шекарашы — туынды түбір (жұрнақ арқылы жасалған).
  3. Құрылысына қарай: дара.
  4. Сөз табы: «кім?» сұрағына жауап береді — зат есім.
  5. Мағынасына қарай: жалпы есім; жанды; деректі; нақты.

165-жаттығу (тақтада)

Жақшадағы сөздерді мазмұнына қарай өзгертіп жазады.

Сергіту сәті

Слайд арқылы қимыл-қозғалыс жаттығулары орындалады.

166-жаттығу (жеке жұмыс)

Берілген сөздерден сөйлем құрап жазады. Жазылым, айтылым, тыңдалым әрекеттері қатар жүзеге асырылады.

Топтық талдау

  • 1-топ: бірінші сөйлемге синтаксистік талдау
  • 2-топ: екінші сөйлемге синтаксистік талдау
  • 3-топ: үшінші сөйлемге синтаксистік талдау

Топтар бірін-бірі бағалайды.

167-жаттығу (ауызша)

Сөйлемдерді соңындағы тыныс белгісіне сай ырғақпен оқиды. Оқушылар сөйлемдердің айтылу мақсаты әртүрлі екенін дәлелдейді.

IV. Сабақты бекіту

Оқушылар өтілген материал бойынша ойтолғайды, пікірлеседі, талқылайды. Осы әрекеттер арқылы ізденіп, зерттеп, шығармашылықпен өзіне қажетті білімді құрастырады.

Шығармашылық тапсырма (жеке жұмыс)

  1. Экрандағы суреттерді қатыстырып сөйлем құрастыру.
  2. Құрастырылған сөйлемге айтылым және тыңдалым әрекеттері арқылы синтаксистік талдау жасау.

Рефлексия сұрақтары

  • Сабақ сізге ұнады ма?
  • Не үйрендіңіз?
  • Не қиын болды? Неге?
  • Өзіңізге қандай баға бересіз?

Бағалау

Өзін-өзі бағалау және өзара бағалау арқылы қорытындыланады.

Үй тапсырмасы

  • 168-жаттығу: әңгіме құрау.
  • Кез келген сөзге дыбыстық талдау жасау.
  • Кез келген сөзге сөз құрамына талдау жасау.
  • Кез келген сөйлемге синтаксистік талдау жасау.