Сан құрамын табу
Сабақ туралы мәлімет
Жезқазған қаласы, №10 орта мектеп. Бастауыш сынып мұғалімі: Ершаева Калдыгүл Танатаровна. Сабақ тақырыбы: 7+2 түріндегі есептеу.
Мақсаты
7+2 қосу кестесін бекіту және жай есептердің мазмұны бойынша дұрыс амалды таңдай алу білігін жетілдіру.
Сабақ түрі
Саяхат сабақ.
Міндеттері
- Оқушылардың математикалық сөйлеу тілін, ой ұшқырлығын, тапқырлығын және өздігінен әрекеттенуін дамыту.
- Ауызша, шапшаң есептеу дағдысын қалыптастыру және пәнге қызығушылығын арттыру.
- Қоршаған ортамен ізгі қарым-қатынасқа, қамқорлыққа және достыққа тәрбиелеу.
Әдістері
- Сұрақ-жауап
- Көрнекілік
- Ойын
- Жұмбақ
Көрнекілігі және байланыс
Көрнекілігі
Орман бейнесі, аңдар суреті, санау материалы, кесте және цифрлар.
Пәнаралық байланыс
Ана тілі, дүниетану, музыка.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралдарын түгендеу, назарларын сабаққа аудару.
- Психологиялық дайындық.
Психологиялық әзірлік (өлең)
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Еш уайымды білмейміз.
II. Білімдерін жан-жақты тексеру
«Кім жылдам?» ойыны
- Сан құрамын табу.
- Жауабын ғана айт.
III. Жаңа сабақ
Сұрақ: Бір аптада неше күн бар?
Жауап: 7 күн.
Бүгін 7+2 түріндегі қосуды үйренеміз: түсіндіреміз, талдаймыз, қолданамыз.
Түсіндіру (жай есеп)
Қарындаш
7 тг
Қалам
2 тг қымбат
Шешуі
7+2=9 тг
Жауабы: қалам 9 теңге тұрады.
Тақтаға назар аударайық: нені көріп тұрсыңдар? Олар қайда тіршілік етеді? Аңдар орманнан адасып қалыпты — қане, оларға жол табуға көмектесейік.
1) №1 тапсырма
Сұрақ: Осы аңдардың ішіндегі ең күштісі қайсы аң деп ойлайсыңдар?
2) Қасқыр тапсырмасы: №2 (есеп құрастыру)
Өшіргіш
7 тг
Қарындаш
2 тг қымбат
Шешуі
7+2=9
Жауабы: қарындаш 9 теңге тұрады.
Қосымша сұрақ: Қай жылды қарсы алдық?
IV. Сергіту сәті
«Сұр қоян» әні.
3) Қоян тапсырмасы: №3 (өрнек құру)
Жұмбақ
Бұтақтан бұтаққа
Секіріп қояды,
Кейде жаңғақ кеміріп,
Жоғары өрлеп кетеді.
Жауабы: тиін.
4) Тиін тапсырмасы: №6 (геометрия)
- Геометриялық фигураларды ата.
- «Кесінді» дегеніміз не?
- Өлше, сыз, жаз.
5) Аю тапсырмасы: №7 (тақтамен жұмыс)
Сұрақ: Жай ұйқыға кететін аң қайсы? Жауап: аю.
«Кім білгір?» ойыны