Қазақтың аспаптық музыкасы

Сабақ тақырыбы

Құрманғазы Сағырбаевтың өмірі мен шығармалары. Қазақтың аспаптық музыкасы. Х. Талғаровтың сөзіне жазылған И. Нүсіпбаевтың «Домбырасыз сән қайда» әнін үйрету.

Сабақ түрі

Кіріктірілген сабақ

Көрнекіліктер

Домбыра, баян, плакаттар, слайд, интерактивті тақта, музыкалық аспаптар

Оқу әрекеті

Тыңдау, талдау, орындау, қайталау

Сабақ мақсаттары

Білімділік

  • Қазақтың музыкалық аспаптарының түрлерімен таныстыру.
  • Құрманғазының өмірі мен шығармаларын түсіндіру.
  • «Домбырасыз сән қайда» әнінің мазмұнын ашып, орындауын үйрету.

Тәрбиелілік

Оқушыларды Отанын, ана тілін, халқының тарихын, мәдениетін және өнерін сүюге тәрбиелеу, эстетикалық талғамын қалыптастыру.

Дамытушылық

Ой-өрісін кеңейту, музыкалық ойлау қабілетін арттыру және оқу белсенділігін дамыту.

Сабақ жоспары

  1. I Ұйымдастыру кезеңі
  2. II Үй тапсырмасын қайталау
  3. III Жаңа тақырыпты өту
  4. IV Сабақты бекіту
  5. V Қорытындылау, бағалау, үй тапсырмасы

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

II. Үй тапсырмасын тексеру

  • Қ. Сыдықтың сөзіне жазылған А. Жайымовтың «Қазақстан» әнін хормен және жеке орындату.
  • Нота сауаты: нота түрлері. Плакаттағы нота түрлерін сұрау, өлшемдерді ажыратып айтқызу.

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Сабақ басында Құрманғазының «Сарыарқа» күйі ойналады. Бұл күй қазақтың табиғатын, салт-дәстүрін, ұлттық болмысын терең суреттейді.

Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаттары таныстырылады. Одан кейін қазақтың аспаптық музыкасы, Құрманғазы Сағырбаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы тарих пәнінің мұғалімі Анар Ахановна түсіндірме жүргізеді (интерактивті тақта арқылы слайд көрсетіледі).

Қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары — халқымыздың тұрмыс-тіршілігімен, салт-дәстүрімен, дүниетанымымен біте қайнасқан тарихи жәдігер әрі рухани-мәдени қазына. Олардың тарихы көне тас дәуірінен (б.з.д. XI–X мыңжылдықтар) бастап, орта ғасыр кезеңдерін (XV–XVIII ғғ.) қамтиды.

Дәстүрлі аспаптар тарихын зерделеуде тас мүсіндер, жартас таңбалары, үңгір қабырғаларындағы петроглифтер, археологиялық қазбалардан табылған түпнұсқа жәдігерлер негізгі дереккөз қызметін атқарады.

Аспаптар жіктелуі

Қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары дыбыс ерекшеліктеріне қарай төрт топқа жіктеледі:

  • Соқпалы-шаулы
  • Сылдырлы
  • Үрмелі және ыспалы
  • Ішекті-шертпелі

Топтар бойынша мысалдар

Соқпалы-шаулы

Дабыл, жорық дабылы, дауылпаз, даңғыра, шыңдауыл, қос дүңкілдек.

Сылдырлы

Асатаяқ, қоңырау, сылдырмақтар, дүңгіршек.

Үрмелі және ыспалы

Үскірік, бұғышақ, шаңқобыз, тоз сырнай, ұран, керней, сыбызғы, қылқобыз, нарқобыз.

Шертпелі, көп ішекті

Домбыра, шертер, керуіш, адырна, жетіген.

Құрманғазы Сағырбаев: өмірі мен мұрасы

Қазақтың музыкалық аспаптарында ойнайтын шебер күйшілер, қобызшылар, әнші-жыршылар көп болған. Солардың ішінде күй өнерінің аса ірі тұлғаларының бірі — Құрманғазы Сағырбаев.

Құрманғазы 1806 жылы Бөкей ордасындағы Жиделі деген жерде дүниеге келген. Бала кезінен-ақ музыкаға қабілетін танытып, өз бетімен көптеген күйлерді үйренген.

Ол өз күйлерінде қарапайым халықтың өмірін, тұрмыс-тіршілігін бейнелеп, әділетсіздік пен озбырлықты әшкереледі. Бүгінгі күнге сазгердің 60-қа жуық көркем, асқақ сезімге толы күйлері жеткен.

Құрманғазының алғашқы ұстаздары — Ұзақ және Ханбазар. Халық сүйіп тыңдайтын туындыларының қатарында: «Адай», «Балбырауын», «Сарыарқа», «Ақсақ киік», «Түрмеден қашқан», «Ертең кетем», «Кісен ашқан», «Қайран шешем», «Ақбай», «Көбік шашқан», «Аман бол, шешем» және т.б. бар.

«Кішкентай» күйі Бөкей ордасындағы халық-азаттық көтерілісінің жетекшісі Исатай Тайманұлына арналған.

IV–V кезеңдер (бекіту және қорытынды)

Сабақты бекіту кезінде оқушылар тыңдалған күй мен қарастырылған аспап түрлерін талдап, негізгі ұғымдарды қайталайды.

Қорытынды бөлімде бағалау жүргізіліп, үй тапсырмасы беріледі.