Астана - арман қала
Сынып сағаты
Сабақтың тақырыбы
Астана – арман қала.
Сабақтың мақсаты
- Оқушыларға Астана туралы мәлімет беріп, түсініктерін нақтылау.
- Ой-өрісін және танымын дамыту, оқуға деген қызығушылығын арттыру.
- Астана қаласына, еліне және Елбасына деген құрмет сезімін тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі
- Слайд
- Суреттер
- Мемлекеттік рәміздер
- Қазақстан картасы
Сабақтың барысы
1) Кіріспе бөлімі
- Ұйымдастыру жұмысы.
- Сабақтың мақсатымен таныстыру.
2) Негізгі бөлім
Сұрақ-жауап
- Біз қай елде өмір сүреміз?
- Қазақстанда.
- Қазақстан қандай ел?
- Тәуелсіз ел.
- «Тәуелсіз ел» дегенді қалай түсінесіңдер?
- Бұл — өз алдына дербес мемлекет. Яғни оның өз әнұраны, елтаңбасы, туы және астанасы болады.
- Біздің астанамыз қай қала?
- Астана қаласы.
Қазақстан Республикасының жер көлемімен танысу, картадан Астана қаласының орналасуын көрсету.
Әнұран орындау.
3) Астана тарихы
Астананың тарихы 1830 жылдан бастау алады. Сол кезеңде бұл қала патша әскерінің бекінісі болып, Ақмола бекінісі деп аталды.
- 1863 жылғы 16 шілдеден бастап Ақмола округтік қала мәртебесін алды. Ол кезде қала халқы шамамен 2000 адам болды.
- 1893 жылы қала халқы 6428 адамға жетті. Қалада 3 шіркеу, 5 мектеп, 1 училище және 3 зауыт жұмыс істеді.
- 1960 жылы тың игеру кезеңінде қала тың игерудің орталығына айналды.
- 1961 жылы Ақмоланың атауы Целиноград болып өзгертіліп, қала облыс орталығына айналды.
- Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, 1992 жылы қалаға тарихи қазақша атауы қайтарылып, Ақмола атанды.
Ақмола өңірі еліміздің ірі астықты аймақтарының бірі әрі ауылшаруашылық машина жасау орталығы ретінде танылды. Жер қойнауы алтын, уран, боксит, сурьма, мыс және кварц құмдары сияқты пайдалы қазбаларға бай.
Елбасының шешімімен 1997 жылдан бастап астананы осы өңірге көшіру қабылданып, қала атауы Астана болып өзгертілді.
Қысқа уақыт ішінде жеделдетілген құрылыс жұмыстары жүргізіліп, әсем де айбынды жаңа қала бой көтерді. 1998 жылы негізгі құрылыс нысандары аяқталып, пайдалануға берілді. Сол себепті 1998 жылғы 6 шілде Астана қаласының туған күні ретінде белгіленді.
4) «Астана — төрі елімнің» (өлең)
Астана — төрі елімнің, Тұғыры туған елімнің. Жетелер алға арманды, Жемісі сенсің сенімнің. Астана — үміт қаласы, Бас болған елдің данасы. Мақтана оған қарайды, Қазақтың барлық баласы.
Жайнап өсті Астана, Бәйтерегі көк тіреп. Болды Астана бас қала, Іске асты көп тілек.
Әсем үйлер самсаған, Көшелері көсілген. Ағады ерке Есілі, Астанадан нәр алып. Кеткен қала есімі, Жер шарына таралып — Бабалардың көзіндей, Даналардың сөзіндей.
Ұлы дала тұрғызды, Ұлы қала — өзіндей. Отанымның төрінде, Сарыарқаның өрінде. Ту ұстаған Астанам, Әсем қалам, бас қалам.
Маған қымбат бұл елімнің Шешек атқан әр гүлі. Аялайды бәрімізді Азаттықтың таң нұры. Тәуелсіздік — ұлы күнім, Тұрсын жайнап төбемде. Сен жасай бер мәңгі бақи, Қуанышқа бөлен де.