Кинематика негіздері
Сабақтың тақырыбы
Кинематика негіздері: I–III тарауды қайталау.
Мақсаты
- Кинематика негіздері және оны сипаттайтын шамалар туралы түсінікті тереңдету.
- Қозғалыс формулаларын қолданып, сапалық, мәтінді және эксперименттік есептер шығару дағдыларын дамыту.
- Қозғалыс түрлері бойынша бұрынғы теориялық білімді нығайту, жүйелеу және өмірмен байланыстыру.
Күтілетін нәтиже
- Теңайнымалы қозғалыс, көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы және айналмалы қозғалыс бойынша негізгі ұғымдарды терең меңгереді.
- Өз ойын еркін жеткізіп, танымдық белсенділігі артады.
- Алған білімін тәжірибеде қолданып, іскерлік қабілеттері дамиды.
- Алғырлыққа, жауапкершілікке және саналылыққа тәрбиеленеді.
Қолданылған әдістер мен тәсілдер
Сілтемелер
- Оқулық: В. И. Кем, Б. А. Кронгарт — Физика 10, Алматы: Мектеп, 2014.
- Есептер жинағы: Б. А. Кронгарт, 2013.
Сабақтың құрылымы
Ұйымдастыру кезеңі
3 минутПсихологиялық ахуал қалыптастыру: оқушыларға сәлемдесу, берілген стикерлердің түсіне сәйкес топтарға бөлу.
Мұғалім сабақ барысында орындалатын тапсырмалар мен бағалау түрлерімен таныстырады және оқушыларға бағалау критерийлерін бірлесіп құрастыруға мүмкіндік береді.
Білу
5 минутҮй тапсырмасы бойынша сәйкестендіру тесті таратылады. Уақыт белгіленіп, жауаптар интерактивті тақтада көрсетіледі.
Түсіну
5 минут«Формулалар сөйлейді» тапсырмасы арқылы негізгі қозғалыс формулалары талданып, қолданылу жағдайлары түсіндіріледі.
Автор туралы мәлімет
Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, №7 мектеп-лицейінің физика пәні мұғалімі — Женисхан Еркеш.