Орнын тап

«Зерде» интеллектуалды ойыны

Бұл зияткерлік-танымдық сайыс балалардың алған білімдерін бекітуге, бұрынғы оқу іс-әрекеттерінде өткен тақырыптарды еске түсіруге бағытталған. Барлық білім беру салаларын қамту арқылы сөздік қорды байытып, ой-өрісті кеңейтеді, логикалық ойлау мен есте сақтау қабілетін дамытады. Сонымен қатар ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, отансүйгіштікке және ана тілін құрметтеуге тәрбиелейді.

Мақсаты

  • Білімді тиянақтау, өткен тақырыптарды еске түсіру.
  • Сөздік қорды байыту, ой-өрісті кеңейту.
  • Логикалық ойлау мен есте сақтау қабілетін дамыту.
  • Ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, отансүйгіштікке, тілге құрметке тәрбиелеу.

Әдістері

Түсіндіру Сұрақ-жауап Мнемокесте Ойын

Көрнекілігі

  • Интерактивті тақта
  • Сайысқа қажетті құрал-жабдықтар

Ұйымдастыру кезеңі

Армысыздар, құрметті әріптестер, қадірлі қонақтар және ойынға қатысушы сайыскерлер! «Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін, ең алдымен азаматтық пен білім қажет», — деп Ш. Уәлиханов айтқандай, еліміздің болашағы — осы бүлдіршіндер екені сөзсіз. Осы мақсатпен, балаларымыздың қатысуымен өтетін «Зерде» зияткерлік-танымдық сайысына қош келдіңіздер!

Балалардың сәлемдесуі

Сәлем бердік, туған елім,

Тал бесігім, туған жерім.

Сәлем бердік бәріңізге,

Өскен ортам, еркін далам.

Әділқазылар

Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, жеңімпазды анықтайтын әділқазылар алқасымен танысыңыздар. (Әділқазы мүшелері таныстырылады.)

Ереже:

Сайыста кім жеңсе, сол сыйлыққа ие болады.

Сайыс кезеңдері

Ойын 6 кезеңнен тұрады. Ал, ендеше, тұрмайық — сайысымызды бастайық. Не үйрендік, не білдік — соны ортаға салайық!

  1. 1-кезең

    Таныстыру

  2. 2-кезең

    Кім жылдам?

  3. 3-кезең

    Мозайка

  4. 4-кезең

    Ненің дауысы?

  5. 5-кезең

    Орнын тап

  6. 6-кезең

    Жылдам жауаптар

1-кезең: Таныстыру

Бүгінгі сайысқа 3 топ қатысады. Ендеше, әр топтың мүшелерімен танысып алайық.

2-кезең: Кім жылдам?

Бұл кезеңде топтарға сұрақтар қойылады. Ең бірінші болып жауап берген топ 1 ұпай алады.

Сұрақтар

  • 1) Қазақстан Республикасының Президенті кім?

    Жауабы: Н. Ә. Назарбаев.

  • 2) Төртбұрыштың бір бұрышын алып тастасақ, неше бұрыш қалады?

    Жауабы: 3.

  • 3) Жыл мезгілдерін ата.

    Жауабы: қыс, көктем, жаз, күз.

  • 4) «С» дыбысынан басталатын сөздерді ата.

    Жауабы: сағат, сиыр, сырға, сыр.

  • 5) Сиырдың төлі қалай аталады?

    Жауабы: бұзау.

  • 6) Жұмбақ: «Тікірейіп құлағы, менен бұрын тұрады. Бойын жазып керіліп, беті-қолын жуады.»

    Жауабы: мысық.

  • 7) Түсіп қалған сөзді орыс және ағылшын тілдеріне аудар.

    «Жеті жұрттың тілін біл — жеті түрлі білім біл.»
    Жауабы: жеті — семь — seven.

  • 8) Жыл қайыру бойынша бұл жыл қандай жыл?

    Жауабы: қой.

  • 9) Әкеңнің әкесі саған кім болады?

    Жауабы: ата.

  • 10) Алма, алмұрт, апельсин, лимон — бір сөзбен қалай аталады?

    Жауабы: жемістер.

  • 11) Аспанда қанша күн бар?

    Жауабы: бір.

  • 12) Онға дейін тура және кері сана.

    Тапсырма: 1-ден 10-ға дейін және 10-нан 1-ге дейін санау.

3-кезең: Мозайка

Мұнда 3 конверт беріледі. Әр конверттің ішінде қиылған сурет бар. Суретті құрастырып, соған байланысты тақпақ немесе өлең шумағын құрастырыңдар.

4-кезең: Ненің дауысы?

Қазір әртүрлі мультфильмдерден дыбыстар тыңдатылады. Сендер сол дыбыс қай мультфильмге тиесілі екенін табуларың керек.

5-кезең: Орнын тап

Бұл кезеңде топ басшылары сынға түседі. Алдарыңдағы ертегі және мультфильм кейіпкерлеріне мұқият қарап алыңдар. Көздерің байланып тұрған кезде кейіпкерлердің орындары ауыстырылады, ал сендер олардың бастапқы тұрған орындарын дәл тауып беру керексіңдер.