Қазақтың алғашқы ғарышкері кім

Сабақ жоспары (әдебиеттік оқу / ана тілі)

Сабақтың тақырыбы

Ғарышқа ұшу

Дереккөз

Ана тілі, Алматы: Атамұра, 2012

Көрнекіліктер

  • Слайд
  • Ғарышкерлердің суреттері
  • Таратпа парақшалар
  • Бейнематериал (Байқоңыр туралы)

Жалпы мақсат

Оқушылардың ғарышкерлер, аспан әлемі және Байқоңыр туралы білімін толықтыру; қазақ ғарышкерлерін танып, есінде сақтауға және оларды құрметтеуге баулу.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Аспанға қарап ай көрдім,

Төменге қарап жер көрдім.

Оңға, солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім.

2) Үй тапсырмасын тексеру

  • Қаныш Сәтбаев туралы қысқаша мағлұмат айту.
  • «Геолог» өлеңін мәнерлеп оқыту.
  • 157-жаттығуды орындағандарын тексеру.

3) Ой қозғау: сөзжұмбақ

Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін ғарыш тақырыбына арналған сөзжұмбақ шешіледі. Негізгі жауап: «Байқоңыр».

Сұрақтар

  1. Ғарышқа үш рет ұшқан қазақ ғарышкері.
  2. Қазақ геологы кім?
  3. Талғат ғарышта кімнің әнін айтты?
  4. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?
  5. Юрий ұшқан ғарыш кемесінің атауы.
  6. Н дыбысына ұқсас әріп.
  7. От шашады жалындап, қатты ұшқанда зымырап.
  8. Ең алғаш ғарышқа ұшқан Ресей азаматы.

Жауаптар

  1. Мұсабаев
  2. Қаныш
  3. Абай
  4. Тоқтар
  5. Восток
  6. Ң
  7. Зымыран
  8. Гагарин

4) Қызығушылықты ояту

  • Байқоңыр туралы қысқаша мәлімет беру.
  • Тақырыпқа байланысты бейнежазба көрсету.

5) Мағынаны тану

158-жаттығу: мәтінді оқыту, тақтаға жаздыру және дәптерге көшірту.

«Ғарышқа ұшу» мәтіні: оқылады, талданады.

Талқылау сұрағы

Мәтінде оқуға қиын болған сөздер кездесті ме? (Мысалы: 1961 ж.)

6) Топтастыру жұмысы

Оқушылар үш топқа бөлініп, үш ұшқыш туралы білетіндерін топтасып жазады.

1-топ

Ю. Гагарин

Өмірі, ерлігі, ғарышқа ұшуы туралы деректер.

2-топ

Т. Әубәкіров

Қазақстанның тұңғыш ғарышкері ретіндегі деректер.

3-топ

Т. Мұсабаев

Ғарышқа бірнеше рет ұшуы және жетістіктері.

7) Сергіту сәті

Оқушылар «Балапан» биін орындайды.

8) Топтық тапсырмалар

1-топ

«Байқоңыр» сөзіне дыбыстық талдау

Дыбыстарын анықтау, буынға бөлу, дауысты/дауыссызды ажырату.

2-топ

Тыныс белгілерін дұрыс қою

Тыныс белгісі қойылмаған мәтін беріледі; оқушылар дұрыс тыныс белгілерін қояды.

3-топ

Сөздерден сөйлем құрастыру

Шашылған сөздер ұсынылады; сөздерді реттеп, мағыналы сөйлем құрастырады.

9) Бекіту сұрақтары

  • Байқоңыр қай жылы салынған?
  • Біздің ғарышкерлеріміз кімдер?
  • Т. Әубәкіров ғарышқа алғаш рет қашан ұшты?
  • Т. Мұсабаев қай жылы дүниеге келген?

10) Үй тапсырмасы

«Кім болам?» тақырыбына шығарма жазып келу.

11) Бағалау

Топ мүшелері бір-бірін бағалайды (өзара бағалау).