Майлықожа Сұлтанқожаұлы Ілімге толса көкірек Негізгі түйінді идея
Қазақ әдебиеті • 8-сынып
Майлықожа Сұлтанқожаұлы: «Ілімге толса көкірек»
Бұл сабақ Майлықожа Сұлтанқожаұлының өмір жолы мен шығармашылығын танытуға, сондай-ақ «Ілімге толса көкірек» толғауының мазмұнын оқып, талдауға бағытталады. Негізгі мақсат — оқушылардың сыни ойлауын дамыту және адам бойындағы қасиеттерді танып-білуіне ықпал ету.
Негізгі түйінді идея
Сыни тұрғыдан ойлауды дамыта отырып, адам қасиеттерін танып-білу, білім мен парасаттың құндылығын түсіндіру.
Оқу мақсаты
- Майлықожа Сұлтанқожаұлының өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік қалыптастыру.
- «Ілімге толса көкірек» толғауының мазмұнын меңгерту, тақырыбы мен идеясын анықтау.
Ұйымдастыру кезеңі
- Сыныптағы көңіл күй мен ахуалды анықтау, туындаған қиындықтарды жеңу жолдарын бірге қарастыру.
- Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
- Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасы: «Зымыран сұрақтар»
Өткен тақырыпты (Шортанбай Қанайұлы және «Зар заман» поэзиясы) шолу үшін қысқа, нақты сұрақтар арқылы білімді бекіту ұсынылады.
Сұрақтар (1-бөлік)
- Шортанбай Қанайұлы кім?
- Шортанбай өмір сүрген кезеңде қазақ қоғамына қандай өзгерістер енді?
- Шортанбай шығармаларын атаңдар.
- Шортанбай шығармаларының басты тақырыбы қандай?
- «Зар заман» ақындары кімдер?
- «Зар заман ақындары» деген атауды кім енгізді?
Сұрақтар (2-бөлік)
- Қиянат пен әділетсіздік өріс алған заманды Шортанбай жырлары арқылы сипаттаңдар.
- «Зар заман» өлеңінде ақын неліктен өз дәуіріне көңілі толмайды?
- Ақын кедейдің басындағы ауыртпалықты қалай суреттейді?
- Ақын адам бойындағы оғаш қылықтарды қалай мінейді?
- «Зар заман» мен бүгінгі заман белгілерін салыстырыңдар.
Кіріспе: ой шақыру
Сабақ басында Майлықожаның термесін тыңдатып, төмендегі сұрақтар арқылы ой қозғауға болады:
- Нені тыңдадыңдар?
- Терме сендерге қандай ой салды?
Бүгінгі сабақ Майлықожа ақынның өмірі мен шығармашылығына арналады. «Ілімге толса көкірек» толғауын оқып, талдаймыз.
Түсіндіру
Ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстыру (слайд, дерек, қысқа мәтін арқылы).
Оқу және талдау
Толғауды тізбектей оқып, мазмұнын ашатын сұрақтар қою арқылы талдау жасау.
Мазмұнды ашатын бағыттаушы сұрақтар
- «Ілімге толса көкірек», — дейді ақын. «Көкірек» ұғымын қалай түсінесіңдер?
- «Ілім» сөзі қандай мағына береді?
- Көкірек неге ілімге толуы керек?
- Өлеңде қандай мәселелер көтеріледі?
- Толғаудың тақырыбы мен идеясы қандай?
Негізгі бөлім
Дәйексөздермен жұмыс
Толғау ішінен нақылға айналған сөздерді тауып, мағынасын ашу. Оқушы өз ойымен дәлелдеп, қазіргі өмірмен байланыстырады.
Топтық тапсырмалар
Төмендегі тақырыптарды Майлықожа толғауындағы жолдармен салыстырып, бүгінгі өмірмен байланыстыра отырып пікір білдіру:
1-топ
Жігіттің көркі — өнері.
2-топ
Жақсының жолы — жарық күн.
3-топ
Сабыр — ақылдың серігі.
Салыстыру: «Бес асыл іс»
Майлықожа мен Абай шығармаларындағы адамгершілік қағидаларын салыстырып, ортақ ұстаным мен айырмашылықты анықтау.
| Тақырып | Майлықожа | Абай |
|---|---|---|
| Асыл қасиеттер | Толғаудан дәлел келтіріп, өнеге-өсиет мәнін ашу | «Бес асыл іс» ұғымымен сабақтастыру, тұжырым жасау |
| Қазіргі өмірмен байланыс | Оқушы пікірін дәлелмен айту | Құндылықтарды бүгінгі күнмен салыстыру |
Өлеңді сатылай кешенді талдау
Мазмұндық талдау
- Авторы
- Майлықожа Сұлтанқожаұлы
- Тақырыбы
- Ілім-білімнің, парасаттың адам өміріндегі орны
- Жанр түрі
- Толғау
- Идеясы
- Адамды кемелдендіретін күш — ілім, өнеге, сабыр мен өнер
Құрылыстық талдау
- Шумақ
- Мәтін бойынша анықтау
- Тармақ
- Мәтін бойынша анықтау
- Бунақ
- Мәтін бойынша анықтау
- Буын
- Мәтін бойынша анықтау
- Ұйқас түрі
- Мәтін бойынша анықтау
Әдеби-теориялық ұғымдар
- Жыр
- Жыршы
- Жырау
- Толғау
Дерек
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, №24 лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі — Баймұхамбетова Динара Бақытовна.