Тіл өркениет пен мәдениеттің даму жолы
Ұлағатты сөздер
Төмендегі нақылдар адам болмысының өзегін — рух пен дененің тұтастығын, мақсат пен мінездің маңызын, ұжым мен қоғамдағы жауапкершілікті, ой мен тілдің қуатын, арман мен шығармашылықтың талабын, сезім мен ерік-жігердің тәрбиесін, борыш пен отаншылдықтың мәнін қамтиды. Әр бөлімде ойды айқындау үшін қысқа, нұсқа дәйексөздер топтастырылды.
Дене мен рух
Дене мен рух — жеке-жеке нәрселер болумен қатар, адамның өмірінде соншама үйлескен: біреуіндегі ақау екіншісіне де әсер етеді.
Өзінің ішкі сарайына көз жүгірте білетін әрбір адам — психологияның дайын тәжірибешісі.
«Жан сыры» деп аталатын пән — психология.
Мақсат және өзін-өзі жетілдіру
Әрекет етудегі мақсатқа адам әуелі өзін-өзі жетілдіру, содан кейін бір үйде не бір қалада тұратын өзгелерді жетілдіру арқылы жетеді.
Егер мақсатың болмаса, түк тындыра алмайсың; ал мақсатың мардымсыз болса, көрнекті нәрсе де тындыра алмайсың.
Күшіне сенген адам ғана мақсатына жете алады.
Адамдарды алдына қойған мақсатына қарай бағалау керек.
Ұжым, қоғам және қарым-қатынас
Адам тек басқалар арасында ғана адам бола алады.
Ұжым — күрделі оркестр: онда әркімнің өз аспабы бар, сол аспабымен ойнайды.
Дүниеде жалғыз қалған адам — рухани тұрғыдан өлген адам.
Жеке адам өз ақыл-ойының толысқаны үшін қоғамға қарыздар.
Ұжым әрқашан адамды көтеріп, оны аяғынан нық тұрғызады.
Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе — оның басқа адамдармен қарым-қатынасы.
Мінез-құлық және әдет
Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші біріккенде — адамшылық қасиет қалыптасады.
Адам бақытының тұрақтылығы жақсы мінез-құлыққа байланысты.
Мінез — әркімнің өз кейпін көрсететін айна.
Сенім әдетке айналғанда ғана мінез болып қалыптасады. Адам мінезін әдет арқылы қалыптастырып, ойын іске айналдырады.
Өзгермейтін, түзелмейтін мінез болмайды. Жарамсыз қылықты ақтау үшін «мінезім сондай» деу — бос сөз. Адам өз мінезіне өзі жауапты.
Қабілет те бұлшық ет тәрізді: жаттығумен жетіледі.
Зиянды әдеттің қиындығы — оның мысқалдап, ұзақ уақыт ішінде сіңетіндігінде; одан арылу үшін де соншалықты ұзақ күрес керек.
Түйсік, зейін және ес
Түйсік пен қабылдау неғұрлым нәзік болған сайын, рухани мәдениетті сипаттайтын эмоциялық ауқым кеңейе түседі.
Тән сезіп, көзбен көрмек, мұрын иіс, тіл дәмнен хабар бермек. Бесеуінен ой хабар алып, жақсы-жаман әр істі сол тексермек.
Зейін — адамның жан дүниесіне енетіннің барлығы өтетін бірден-бір есік.
Егер ес болмаса, түйсіктер мен қабылдаулар пайда болған бетте із-түссіз жоғалар еді; адам мәңгі бала күйінде қалар еді.
Ес болмаса, адам өмір бойы жиналған рухани байлықты меңгере алмас еді; ғылым, тарих, өнер — мәдениет атаулының өсіп-өркендеуі де мүмкін болмас еді.
Есін дамытқысы келетін әр адам өзін жүйелі, ұйымдасқан түрде есте сақтауға және қайта жаңғыртуға үйретуі керек.
Ой, сөз және тіл мәдениеті
Ой көрігінен сомдалып шыққан сөздің шынайысы да, жалғаны да болады.
Әр сөздің айтылуына қарай мың мағынасы бар.
Тіл — ішкі сырды сыртқа шығаратын құрал.
Сөз көмескілігі — ой пікір көмескілігінің айнымас белгісі.
Құнды сөз құнарлы ойдан туады.
Сөйлеу мәдениеті өспейінше, жоғары ақыл мәдениетіне жету қиын.
Тіл — ұлттың жаны. Тіл — идеяның, сезімнің, ойдың жанды көрінісі.
Ойланбай айтқан сөзден сақтан.
Тілдің міндеті — ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түйін түйгенінше айтуға жарау.
Тіріні көрге салар да — сөз, өліні тірілте алар да — сөз.
Сөзіне қарап кісіні ал, кісіге қарап сөз алма. Шын сөз қайсы — біле алмай, әр нәрседен құр қалма.
Қиял, арман, шабыт және творчество
Қиял — мұңсыз ақын да, философ та, тіпті адам болу да мүмкін емес.
Арман — жарық жұлдыз: онсыз айқын бағдар жоқ; бағдар болмаса, алға басу да жоқ.
Арманмен ойнау қауіпті: күйреген арман өмірді бақытсыздыққа душар етуі мүмкін.
Шабыт — тек іздеген адамға ғана келетін қонақ. Жалқауға шабыт жоламайды.
Шабыт келмесе де, бәрібір жұмыс істей бер. Келмейді екен деп тоқтау — шығармашылықты тоқтату.
Творчество — өте зор, тұрақты және берік жігермен істелетін еңбек.
Сезім, ерік-жігер және өзін басқару
Ашуға берілу — өзгенің кінәсі үшін өзіңді-өзің жазалаумен тең.
Біздің жеке басымыз — бақ, ал біздің ерік-жігеріміз — оның бағбаны.
Ерік-жігер — тек бір нәрсені қалап, соған жету ғана емес; қажет болса, одан бас тарта білу.
Ерік бұлшық ет сияқты: ол әрекет арқылы шыңдалып, үнемі жетіліп отырады.
Өзіңді-өзің тәрбиелеу үшін алдымен өзіңді-өзің қатал әрі әділ сотқа тарта білуің керек.
Адамның өзін-өзі тексеруі — жан дүниесінің өркендеуіне, түзу жолға түсуіне бірінші шарт.
Борыш, адамгершілік, тәрбие
Борыш сезімі нұрландырмаған өмірдің шын мәнінде ешқандай бағасы болмас еді.
Өзіңнің борышыңды орындауға тырыс: сонда өзіңнің неге тұратыныңды дереу білесің.
Адамның адамшылығы — ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.
Адамдық борыш — барша адамзат қамы үшін еңбек етуге серт беру.
Адамгершілік кімде болса, соны ер деп есепте.
Қызы анадан үйренбей өнеге алмас; ұл атадан үйренбей сапар шекпес.
Отан, ұлттық рух, намыс
Адал адам Отанын сүйеді. Адал, ақ жүрекке Отан — анадай. Отанның дегенін істеу — қуаныш, мақтаныш.
Адам жүрексіз өмір сүре алмайды; Отансыз да өмір сүре алмайды.
Отансыз бақыт жоқ: әркімнің тамыр жаяр топырағы — туған жері.
Ұлттық мақтаныш — жеке адам мен ұлт үшін бұлжымас заң. Өз ұлтын құрметтемеген, мақтан тұтпаған адам — рухани жүдеу жан.
Өз ұлтын сүйген адам өз ұлтының бақыты үшін өз бақытын құрбан етеді.
Дүниеде туған еліңнен артық ел де, жер де жоқ.
Жастық, білім, үлкен жоспар
Жастық — арман, сенім, ерлікке құштарлық. Бұл әрі лирика, әрі романтика. Бұл — болашақ туралы үлкен жоспарлар, перспектива бастауы.
Жастық адамға бір-ақ рет беріледі: оның ерекшелігі — әсемдік атаулы мен асқақ мұратқа бір табан жақындығы.
Ақыл-ой болмысының негіздері балаң жаста қаланады.
Бүгінгі жастарға ізгілік, парасат, жалындаған жігер тән. Олардың көкірегі ояу, көңілі сергек.
Отбасы, махаббат, жауапкершілік
Сүюге үйрету, махаббатты тануға үйрету, бақытты болуға үйрету — өзіңді құрметтеуге, адам бойындағы жақсы қасиетті дамытуға үйрету.
Үйлену — өз құқығыңның жартысын азайтып, міндетіңді екі есе көбейту.
Сүйіп үйлену ғана қызық; тек сыртқы әдемілікке қызығып үйлену — базардан керексіз затты «жақсы екен» деп сатып алғанмен бірдей.
Егер ерлі-зайыптылар отау құрмай тұрып бір-бірінің құлқын, әдеті мен мінезін танып-білмесе, некенің бақытты болуы қиын.
Әйелің жақсы болса — бірінші иманың, екінші жиғаның, үшінші ырысыңның тұрағы.
«Шешесін көр, қызын ал» деген сөз бар — белгісі сол.
Бала сүйгісі келу — табиғи. Бала болмаса, адам мен адамның табиғи байланысы да әлсірейді.
Өзін-өзі есепке алу және тәртіп
Егер естілердің қатарында болғың келсе, күніне бір мәрте (болмаса — аптасына бір, ең болмаса — айына бір) өзіңнен-өзің есеп ал: соңғы есептен бері өміріңді қалай өткіздің? Өкінбестей қылықпен өткіздің бе?
Істі тиянақтаудың қағидалары
1) Нені тез орындау көзделсе, қандай жағдай кездеспесін — орында.
2) Орындайтын ісіңді жақсылап орында.
3) Ұмытып қалғаныңды кітаптан бірден іздей берме: алдымен өзің еске түсіруге тырыс.
4) Ақыл-ойыңды бар күш-жігеріңмен іске жұмсай біл.
Өзіңді-өзің бағындыруға, өзіңе-өзің билік жүргізуге кішкентайыңнан үйрен. Қажетті, бірақ құлқың соқпайтын істі орындауға өзіңді көндіре біл. Тиістіні тындыру — ерік-қайраттың алғашқы қайнар көзі.
Адам өзіне-өзі бағынып, өз шешімдеріне бой ұсынуға үйренуі тиіс.
Қазақ болмысы туралы байқаулар
Қазақ — меймандос халық: ең жақсы төсенішін қонағының астына төсеп, асының дәмдісін соның аузына тосады.
Бала күнінен ат құлағында ойнау — қазақтың тұңғыш гимнастикасы.
Қазақтар сөз өнеріне жетік: бұл қасиет оқығанға да, қарапайымға да, байға да, жарлыға да тән.
Қазақ халқы — әнқұмар халық: бірде-бір жиын, бірде-бір ойын-сауық өлеңсіз өтпейді.
Киіз үйді мекен еткен қазақтардың поэзияға бейімділігі Париж бен Лондондағы оқымыстылардан кем емес.
Қазақ баласын үлкенді сыйлауға кішкентайынан үйретеді.