EXPO жастар көзіменҚазақстандық жастар EXPO 2017 көрмесін әр жақтан жетілдіру мақсатында мемлекетке жан - жақтан қолдау көрсетуде
EXPO жастар көзімен
Қазақстандық жастар EXPO 2017 көрмесін жан-жақты жетілдіру мақсатында мемлекетке әр бағытта қолдау көрсетуде. Осыған орай Қарағанды қаласында «Жасыл ел» бағдарламасы аясында көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Ал Жетісу жастары «EXPO – Жетісу» ұранымен өздерінің технологиялық идеяларын ұсынып келеді.
Көрме жастарға қандай мүмкіндік береді?
Көрмеде көптеген мамандандырылған салаларға ерекше назар аударылатындықтан, елімізде осы бағыттар бойынша қызмет ететін мамандар мен жас ғалымдардың қатары арта түседі.
Үш ай бойы өтетін көрмеге қатысатын шетелдік қонақтармен қарым-қатынас жасау жастардың тілдік қорын байытады. Нәтижесінде қазақстандықтар арасында шетел тілдерін меңгеруге қызығушылық күшейіп, оны меңгеру деңгейі де өседі.
Ең маңыздысы — көрменің негізгі жаңалықтары мен үздік технологиялары өз елімізде таныстырылып, олардың дүниеге келуін біз ең алғашқылардың бірі болып тамашалаймыз.
EXPO 2017 белгісінің мәні
Қуат
Жерден алынатын энергия.
Мөлдір
Судан алынатын энергия.
Сәуле
Күннен алынатын энергия.
Біз, қазақстандық жас ұрпақ, Қазақстанның басты энергия көзіне айналуымыз қажет!
Бұл — білімге ұмтылу, жаңа технологияны игеру және ел дамуына нақты үлес қосу арқылы жүзеге асатын ортақ мақсат.