Презентацияға дыбыстарды енгізу
Мақсаттар мен күтілетін нәтижелер
Негізгі мақсат
PowerPoint бағдарламасында слайдтарды безендіру, дыбыс пен анимация қосу арқылы толыққанды презентация жасай білу.
Білімділік
Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, информатика пәніне қызығушылығын арттыру, мамандық таңдауға бағдар беру.
Дамытушылық
Ой-өрісті, тіл байлығын және есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
Адамгершілікке, ізеттілікке және компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Кезекші арқылы оқушыларды түгендеу.
- Сынып тазалығына көңіл бөлу.
- Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
- Оқушының назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Тапсырма: PowerPoint бағдарламасында «Қазақ ертегілері» тақырыбында презентация құру.
Бағалау критерийлері (кесте бойынша):
- Тақырыбы.
- Презентация неше слайдтан тұрады?
- Безендіру элементтері.
- Фонды таңдаудың себебі.
- Анимация түрлері.
III. Жаңа сабақ: презентацияға дыбыс енгізу
Дыбыстық файлдарды презентацияға қосудың бірнеше тәсілі бар:
- Microsoft Office пакетінің кітапханасынан
- Жеке коллекциялардан
- Компакт-дисктен
- Микрофон көмегімен дыбыс жазу арқылы
- Бейнеклиптер енгізу арқылы
Осы тәсілдер бойынша мысал ретінде презентация үлгілері көрсетіледі.
Дыбыстық сүйемелдеудің рөлі
Егер презентация интернетте жарияланса, компьютерде автономды түрде көрсетілсе немесе электронды жариялым ретінде таратылса, оны дыбыстық көркемдеумен сүйемелдеуге болады. Бұл музыка, сөз және дыбыстық эффектілер болуы мүмкін.
Әдетте дыбыстық эффектілер жекелеген слайдтарға назар аударту үшін қолданылады, ал музыка шығармашылық тақырыпты ұсынуда баяндаманың дербес элементіне айналады. Сөз көбіне автономды қарауға арналған презентацияны түсіндіру үшін жазылады, сондай-ақ аудиториялық баяндамаға дайындықта да пайдалы.
Интернет арқылы дыбыс жіберу белгілі бір қиындықтар тудыруы мүмкін, себебі дыбыстық файлдардың көлемі үлкен болады. Сондықтан сапаны басқаруға мүмкіндік беретін, жоғары қысуды қамтамасыз ететін пішімдерді (мысалы, MP3) қолдану ұсынылады.
Ағымдағы слайдқа дыбыстық файл енгізу (қадамдар)
- Вставка → Фильмы и звук → Звук из файла мәзірін таңдаңыз.
- Вставка звука терезесінде компьютеріңізде сақталған қажетті дыбыстық файлға жолды көрсетіңіз.
Музыка, дыбыс және бейнеклиптерді енгізу
- Слайдтарға музыкалық сүйемелдеу, дыбыстық эффектілер және бейнеклиптер қосуға болады.
- Қажетті бейнеклип немесе дыбысты таңдап, Енгізу (Вставить) батырмасын басу арқылы слайдқа енгізіңіз.
Презентацияға дыбыс енгізу (нақты нұсқаулық)
- Вставка → Фильм и звук тармағын таңдаңыз.
- Звуки из файла (Файлдағы дыбыс) командасын қолданыңыз.
- Microsoft Clip Gallery сұхбат терезесінде тиісті Дыбыс ішкі беті ашылады.
- Қажетті файлды таңдап, Воспроизвести арқылы тексеріңіз.
- Барлығы дұрыс болса, Вставить батырмасын басыңыз.
IV. Жаңа сабақты бекіту: практикалық жұмыс
Жаңа тақырыпты бекіту үшін үй тапсырмасындағы презентацияға дыбыс кірістіреміз:
- Дайын дыбыстарды (әуендерді) қосу.
- Микрофон көмегімен ертегілерге арналған дыбыстарды жазу.
V. Сергіту кезеңі: ойын
Екі қатар болып жарысамыз. Ойынның атауы: «Кімнің процессоры жылдам жұмыс істейді?»
Ұқсастық арқылы түсіндіру
- Тарелка
- Дискета
- Су
- Ақпарат
- Стакан
- Компьютер жадысы
- Адам
- Процессор рөлі
Қасық арқылы «ақпаратты» «дискетадан» «компьютер жадысына» көшіреміз. Процессордың жылдамдығын және қанша көлемде ақпарат көшірілгенін бағалаймыз.
Дебат тапсырмасы
Жақтаушылар – көктем тақырыбындағы слайдты қорғайды.
Даттаушылар – көктем тақырыбындағы газетті қорғайды.
VI. Қорытынды бекіту
Дыбыспен берілетін тест сұрақтары арқылы қорытындылау.
VII. Үй тапсырмасы
- «Дыбыспен жұмыс» тақырыбын оқу.
- Шығармашылық жұмысты аяқтап, тапсыру.
VIII. Бағалау
Оқушылардың жұмысы тапсырмаларды орындау сапасына, практикалық бөлімнің нәтижесіне және талқылауға қатысу белсенділігіне сәйкес бағаланады.