Қасым хан ауылы

Сыныптан тыс шара: Қазақ хандығы

Бұл іс-шара Қазақ хандығының шығу тегін, қазақ хандарының мемлекет құрудағы мақсатын және ұстанған бағытын түсіндіре отырып, оқушыларды Отанды сүюге, ұлтжандылыққа, ел басына түскен қиын кезеңдерде мойымай, табандылық танытуға тәрбиелеуге бағытталған.

Сабақтың мақсаты

  • Қазақ хандығының құрылу алғышарттарын түсіндіру.
  • Хандардың тарихи рөлін, саяси ұстанымын таныту.
  • Патриоттық тәрбие мен азаматтық жауапкершілікті нығайту.

Көрнекіліктер

  • «Қазақ хандығына — 560 жыл!» тақырыбындағы плакат.
  • Керей, Жәнібек, Қасым, Есім, Тәуке, Әбілқайыр, Абылай, Кенесары хандарының суреттері.
  • Хандар өмірінен қысқаша мәлімет берілген буклеттер.

Іс-шараның барысы

Қатысушылар: 10-сынып оқушылары.

І бөлім. «Хандар ауылы» бойынша топқа бөлу

Оқушылар бес топқа бөлінеді. Әр топ өз хандығын таныстырып, тарихи тұрғыда «қорғау» форматында ұсынады.

1) Жәнібек пен Керей хандарының ауылы

Қазақ хандығының құрылу кезеңі.

2) Қасым хан ауылы

Мемлекеттің күшеюі, заң жолдары.

3) Әбілқайыр хан ауылы

Үш жүзді ұйыстыру, сыртқы саясат.

4) Абылай хан ауылы

Дипломатия және ел тұтастығы.

5) Кенесары хан ауылы

Тәуелсіздік жолындағы күрес.

ІІ бөлім. Білім сайысы

Әр хандыққа екі сұрақтан қойылады. Топтар кезекпен жауап береді.

ІІІ бөлім. «Ойлан, тап!»

Топтарға «Қазақстан», «Қасым», «Жәнібек» тақырыптары бойынша сөзжұмбақтар беріледі. Мақсат — мүмкіндігінше жылдам шешу.

IV бөлім. «Жедел жауап»

Әр топқа арналған конверт ішінде сұрақтар болады. Конверт ашылған сәттен бастап қысқа уақыт ішінде нақты жауап беру қажет.

V бөлім. Шағын драмалық көріністер

Әр ауыл өз ханына қатысты қысқа сахналық қойылым ұсынады:

  • Жәнібек пен Керей ауылы

    Құрылу кезеңіне қатысты көрініс.

  • Қасым хан ауылы

    Мемлекеттік нығаю тақырыбы.

  • Әбілқайыр хан ауылы

    Саяси шешімдер мен кезеңнің күрделілігі.

  • Абылай хан ауылы

    Ел бірлігі мен дипломатия.

  • Кенесары хан ауылы

    Азаттық идеясы мен күрес көрінісі.

Қорытынды

  1. 1 Жеңімпаз хандықты анықтау.
  2. 2 I, II, III орындарды белгілеу және марапаттау.
  3. 3 Әділқазылар алқасына сөз беріп, қатысушыларға алғыс айту.

Білім сайысына арналған сұрақтар мен жауаптар

Төмендегі материалды жүргізуші немесе әділқазылар сұрақ-жауап кезеңінде қолдана алады.

Жәнібек пен Керей ауылы

1) Қазақ хандығы қай хандықтан, қай жылы бөлінді?

Жауап: 1456 жылы Әбілқайыр хандығынан бөлінді (Амудария мен Сырдария аралығы).

2) Жәнібек пен Керей хандар Қазақ хандығын қай жерде құрды?

Жауап: Жетісу өңірінде, сол кездегі Моғолстан аумағында, Шу өзені бойындағы Қозыбас мекенінде құрды.

Қасым хан ауылы

1) Қасым хан тұсында Қазақ хандығының шекарасы қай аумақтарды қамтыды?

Жауап: Солтүстік-шығыста Ұлытау қыраттары мен Балқаш маңы, ал солтүстік-батыста Жайық өзеніне дейін жетті.

2) «Қасым ханның қасқа жолы» не үшін осылай аталды?

Жауап: Қасым хан тұсында Қазақ хандығының ішкі тәртібі мен құқықтық нормалары жүйеленіп, ел басқарудың айқын жолы қалыптасты. Сондай-ақ осы кезеңде Мәскеумен алғашқы дипломатиялық байланыстар орнады (князь Василий III билігі, 1505–1533).

Әбілқайыр хан ауылы

1) Әбілқайыр қай жылы үш жүздің ханы болып сайланды?

Жауап: 1726 жылы үш жүздің қазақтары қатысқан құрылтайда билер мен батырлар Әбілқайырды хан әрі әскер қолбасшысы етіп сайлады.

2) Кіші жүзді Ресей құрамына енгізу үшін елшілік жіберген хан кім, қай жылы?

Жауап: Әбілқайыр хан 1730 жылдың күзінде елшілік жібереді. 1731 жылы Кіші жүз Ресей билігін мойындайды.

Дайындаған

Шарипова А. А.