Астана - қазағымның бас қаласы, Арқада бой көтерген жас қаласы

Тақырып

Астана – мерейім, мәртебем, беделім.

Мақсаты

Астананың бейбітшілік пен достықтың қаласы екенін көрсету, Тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен елордамыздың сәулеті мен әсемдігі туралы шетелдіктердің жылы лебізі арқылы оқушылардың бойына мақтаныш сезімін ұялату.

Дамытушылық

Оқушыларды логикалық тұрғыдан терең ойлауға, саяси сананы шыңдауға, өзін-өзі саяси мәдениет тұрғысынан басқаруға, көпшілік алдында еркін сөйлеуге, өз ойын дәлелді әрі еркін жеткізуге үйрету.

Тәрбиелік

Оқушыларды саяси мәдениеттілікке, отансүйгіштікке, парасаттылыққа, елжандылыққа және елге адал қызмет етуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі

  • Интербелсенді тақта
  • Слайдтар
  • Қанатты сөздер
  • Буклеттер
  • Бәйтерек макеті
  • Плакаттар және т.б.

Пәнаралық байланыс

Тарих Саясаттану Орыс тілі Ағылшын тілі

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы – «Астана – мерейім, мәртебем, беделім».

Астана қаласы Қазақстанның жаһандық брендіне айналып, әлемге әсем әрі жас қала ретінде танылып келеді. Астана – Тәуелсіздіктің перзенті, жаңа дәуірдегі Қазақстанның жарқын бейнесі.

Бүгінде еліміздің жас астанасы туралы шет мемлекеттер де жақсы біледі. Олар елордамыздың даму қарқынына, келбетіне тәнті. Тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен елордамыз жайлы шетелдіктердің жылы лебізі жүрегімізге елге деген мақтаныш сезімін ұялатады.

Сондықтан Тәуелсіз Қазақстанға, елордамызға деген шетелдік көзқарас пен пікірлерді таныстыратын баспасөз конференциямызды бастау үшін 8 «А» сынып оқушыларына сөз беремін.

Тікелей эфир: корреспондент Мәди

Сәлеметсіздер ме, құрметті телекөрермендер және қонақтар! Біз сіздермен тікелей эфирдеміз. Бүгін Қазақстан Республикасының бас қаласы, елордасы Астананың туған күні. Осыған орай Бейбітшілік сарайында мерекелік іс-шаралар және баспасөз конференциясы өтіп жатыр.

Ендеше, осындай тамаша сәттің куәсі болайық. Сіздерді Қазақстан ұлттық телеарнасының журналистері үнемі хабардар етіп отырады. Бізбен бірге болыңыздар!

Мерекелік көңіл күй

Астана — бейбітшілік пен достықты дәріптейтін, жаңашылдық пен бірлікті тоғыстырған қала. Бұл мереке — ел жүрегінің соғуын, елдің ертеңге сенімін сезіндіретін күн.

Бірлік Достық Тәуелсіздік Сәулет

Жүргізушілер сөзі

1-жүргізуші (қазақша)

Киелі менің Елордам, арудай сұлу таралған,
Береке-бірлік, достықтың тұнығынан нәр алған.
Сәулеңді шаш еліңе, нұрыңды төк жеріңе,
Киелі менің Елордам, бақ болсын қонған жеріңе!

Жайнай бер, жаңа Астана, ертегідей ғажап бас қалам!
Ынтымақтың тербеп бесігін, тәуелсіз ел көшін бастаған.

Қайырлы күн, құрметті қонақтар! Астананың туған күніне арналған «Астана – мерейім, мәртебем, беделім» мерекелік бағдарламамызға және баспасөз конференциясына қош келдіңіздер!

2-жүргізуші (орысша)

Добрый день, уважаемые гости и делегаты! Мы рады приветствовать вас на праздничной программе и пресс-конференции, посвященной дню рождения города Астана.

Астана, Астана! Красота новых улиц, дворцов.
Астана, Астана! Небывалая смелость творцов.
Астана, Астана! Новостройки здесь всюду видны.
Астана, Астана! Город мира и сердца страны.

Ортақ үн

Ел болдық, ерік алдық — Астаналы!
Енді кімнен қазағым жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі
Нұрсұлтанның атымен басталады.

Астана кеше ғана басқа қала,
Айналды Бәйтеректі Астанаға.

Оқушылардың ой-толғауы

Бұл бөлімде оқушылар Астананың тарихы, мәні мен бүгінгі бейнесі туралы өз ойларын поэзия тілімен жеткізеді. Әр жолда — ел рухы, әр теңеуде — жас қаланың жаңарған келбеті бар.

1-оқушы

Қалалардың тарихынан сыр тартамын,
Ақмоланың дамуымен сырласамын.
Бүгінгі ұрпақтарға тарту етіп,
Жас Астана сынды шаһармен таныстырамын.

Астана — заман аманаты,
Жасадың сан биікке жаңа саты.
Өзіңсің ерке Есіл аялаған,
Әлемнің сегізінші ғаламаты.

2-оқушы

Астана — қазағымның бас қаласы,
Арқада бой көтерген жас қаласы.
Елордамызды орталыққа көшіру —
Елбасы Нұрсұлтанның бастамасы.

3-оқушы

Арманның асқарындай Астанамыз —
Елорда, алтын орда — бас қаламыз.
Жыл сайын жеткен жеңіс, асқан асу —
Ерен ерлік үлгісі, дастан-аңыз.

4-оқушы

Астана — айбынды орда қазағыма,
Іліккен талай елдің назарына.
Есілдің етегінде бой көтерген,
Тамсанып қарайды ел ажарына.

Тамсанбай кете алмас сенен ешкім,
Бәйтерегім — көз тоймас бір белессің.
Лондон, Париж, Вашингтон, Мәскеуден де,
Дубайдан да артықсың, кем емессің.

Қорытынды ой

Астана — елдің мерейі, мемлекет мәртебесі, халық беделі. Ол — тәуелсіздіктің тұғыры, бірліктің айғағы, бейбітшілік пен достықтың ордасы.