Қазақ даласы дәрілік өсімдіктерге өте бай өлке
Кіріспе бөлім
Арша — тұрмыста кең қолданылатын, пайдалы әрі өзіне тән ерекшеліктері бар дәрілік өсімдік. Соған қарамастан Қазақстанда дайындалатын өсімдік дәрілерін өндіретін отандық кәсіпорындарда дәрілік шикізаттың небәрі шамамен 20 тоннасы ғана өңделеді. Бұл — жалпы жиналған дәрілік шөп мөлшерінің 3 пайызынан да аз. Қалған бөлігі жартылай өңделген немесе мүлде өңделмеген күйінде экспортқа шығарылып келеді.
1980 жылдан бері ұзақ уақыт бойы жыл сайын 30 тоннаға дейін әртүрлі дәрілік шөп пен таушымылдық тамырлары тұнба жасау үшін Батуми зауытына жөнелтілгені де белгілі. Мұның салдарынан республика экономикасы шығынға ұшырайды: шетелде өңделіп, дайын дәрі-дәрмек түрінде қайта әкелінетін өнім бастапқы өсімдік шикізатынан 7–10 есе қымбат болып, импорт ретінде елге қайтып келеді.
Негізгі ой
Дәрілік өсімдіктерді жинау ғана емес, оларды ел ішінде өңдеу, ғылыми және халықтық тәжірибені ұштастыру, сондай-ақ тиімді қолдануды кеңейту — экономикалық та, әлеуметтік те маңызы бар мәселе.
Бұрынғы қазақ халық емшілері адыраспан, тамыр дәрі, күшәлә, жусан, қарандыз, шайқурай, у қорғасын, арша секілді көптеген шөптерден жұртшылыққа қажетті дәрілерді өздері дайындағаны белгілі. Бұл тәжірибені жаңғыртып, бүгінгі медицинамен байланыстыра отырып, қауіпсіз әрі жүйелі түрде кеңінен қолдануға болады.
Мақсаты
Бектауата маңындағы өсімдіктердің бірі — аршаның түрлерін, ерекшеліктерін зерттеп, оқып-үйрену.
Міндеттері
-
Арша өсімдігіне қатысты кітаптармен, оқулықтармен және зерттеулермен танысу.
-
Аршаның түрлері мен ерекшеліктері жөніндегі білімді тереңдету, халық медицинасындағы дәрілік өсімдік ретіндегі маңызын және бүгінгі күнге дейін өзектілігін көрсету.
-
Аршаның шипалы, емдік қасиеттері туралы нақты әрі түсінікті мағлұмат беру.
Нәтижесі
Аршаны күнделікті тұрмыста әртүрлі жағдайда тиімді пайдалануды кеңінен насихаттау, халық арасында арша өсімдігін аурулардың алдын алу тұрғысынан түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру.
Ұсыныс
Арша туралы көбірек оқып-біліп, бұл өсімдіктің қыр-сырын ашуға ықпал ету және көгалдандыру мақсатында мектеп ауласына аршаны көбірек отырғызуды ұйымдастыру.