Көңілді болу
Мақсаты
Оқушылар арасында жағымды қарым-қатынас орнату; бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен достық қарым-қатынас құруға үйрету. Коммуникативтік дағдыларды дамыту.
Отанға, туған жерге, анаға, досқа деген сүйіспеншілікті арттыру. Махаббат сезімін дұрыс түсінуге және бағалауға баулу.
Міндеттері
- Адам қарым-қатынасындағы достық және махаббат ұғымдары туралы нақты түсінік қалыптастыру.
- Сабақ мазмұнын меңгере отырып, жастар арасында достық пен махаббат сезімдерін шынайы өмірмен байланыстыра дамыту.
- Студенттерде патриоттық сезімді, Отанға сүйіспеншілікті арттыру; сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа және адалдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- 1 Оқушыларды өтетін материалдың мақсаты мен міндеттерімен таныстыру.
- 2 Сәлемдесу және топтармен танысу.
II. Шаттық шеңбері
Барлығымыз шаттық шеңберіне жиналайық. Бір-бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жылы тілектер айтайық.
Тапсырма: «Досыммен бірге» ойыны арқылы әрқайсыңыз бір-біріңізге бүгінгі күннің көңілді әрі мәнді өтуіне арналған тілегіңізді білдіріңіз.
Пікірталас ережелері
- Уақытында бастау.
- Бір-бірін сыйлау.
- Ұзақ сөйлемеу, нақты ой айту.
- Көңілді әрі қолдаушы орта қалыптастыру.
Танысу тренингі
Өз есіміңізге сын есім қосып танысыңыз. Мақсат — бір-бірімізді жақынырақ тану және жылы атмосфера құру.
Әдепті — Әлия
Үлпілдеген — Үміт
Жағымды — Жұлдызай
Мейірімді — Мәди
Нұрдай — Нұрлыбек
Аяулы — Ақсамал
Аққудай — Аружан
Оқымысты — Оңалбек
Ынталы — Ықылас
Ажарлы — Асыл
Айбатты — Аяжан
Айдай — Аружан
Жақсы — Жаңабек
Ғажайып — Ғасырбек
Айымдай — Аружан
Жайдарлы — Жалғас
Нұрлы — Нұржігіт
III. Кел, ойланайық, пікірлесейік
Балалар, енді төмендегі өлеңді тыңдап көрейік. Өлең достықтың жылуын, жанға медеу болатын адал ниетті бейнелейді.
Дос көп еді жүретін сыр ақтарып,
Жандарынан тұратын шуақ тамып.
Домбырамның үні де естіледі,
Достарымның сырлары сияқтанып.
Дос жүрегі қашанда аңсағаным,
Соларменен қосылып ән саламын.
Ақ пейілді аңсаған достарымды,
Қуанышпен күлімдеп қарсы аламын.
Талқылауға бағыттайтын сұрақтар
- Өлеңдегі «шуақ» сөзі достықты қалай сипаттайды?
- Адал достың қандай қасиеттерін ерекше атар едіңіз?
- Махаббат пен достықтың ортақ тұстары мен айырмашылықтары қандай?