Қазақтың ырым, тыйым сөздерін айту
Наурыз аруы сайысы
Наурыз — Шығыс халықтарының ұлттық мерекесіне айналған, бірлікті, татулықты, еңбекті, көктемді, ізгілікті дәріптейтін қастерлі күн. Бұл күні ақ тілек айтып, құттықтап, кешірім жасап, адамгершілік құндылықтарды ұлықтау — ұрпаққа үлгі болатын ізгі дәстүр.
«Наурыз» атауы парсы тіліндегі «нау» — жаңа және «руз» — күн сөздерінен шыққан, яғни «жаңа күн» деген мағына береді. Қазіргі күнтізбе бойынша Наурыз мерекесі 22 наурызға сәйкес келеді. Ұлыстың ұлы күні баршамызға құтты болсын, елімізге құт-береке әкелсін!
Мақсаты
- Наурыз мейрамын және қазақтың салт-дәстүрін оқушылар арасында кеңінен насихаттау.
- Қазақ қыздарына тән ұлттық құндылықтарды ерте жастан үйретіп, ұлтжанды, өнегелі, ибалы болуға тәрбиелеу.
- Өнерге деген қызығушылықты арттырып, дағдыны күнделікті өмірде қолдануға баулу.
Көрнекіліктер
Жүргізушінің құттықтау сөзі
Армысыздар, ардақты қауым! Жер-ананың тоң кеудесі жібіп, Самарқанның көк тасы еріген қасиетті Наурыз мерекесі құтты болсын! Наурыз — мыңдаған жылдар бойы Шығыс елдерінде жыл басы ретінде аталып өткен ерекше мереке.
Қазақ халқы да бұл мейрамды айрықша бағалап, жыл сайын тойлауды дәстүрге айналдырған. Наурыз — бірлік пен татулықтың, көктем мен жаңарудың, ізгілік пен бақыттың мерекесі. Бұл күні айтылған ізгі тілектер мен жасалған кешірім — кейінгі ұрпаққа қалатын өнеге.
Келді міне Наурыз,
Көптен күткен бәріміз.
Жер дүние жаңарып,
Нұрланады жанымыз.
Әсемдік пен әдемілік — қыздарымыздың жан-жақтылығын танытатын қасиет. Осы орайда «Наурыз аруы» сайысын ашық деп жариялаймыз.
Сайыс құрылымы: 6 бөлім
-
I бөлім
Таныстыру — «Ата-баба салты ғой…»
Әр қатысушы өзін таныстырады.
-
II бөлім
«Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез»
Салт-дәстүрге қатысты сұрақтарға жауап беру (оюланған конверттен сұрақ таңдау).
-
III бөлім
«Он саусағы майысқан — шебер болар ұрпақпыз»
Ұршық иіру шеберлігі.
-
IV бөлім
«Өнерліге — өріс кең»
Өз өнерін көрсету.
-
V бөлім
«Қыз қылығымен…»
- Табақ жасау түрлерін білу (тұрақты сөз тіркестерін табу).
- Сөз мағынасын ашу.
- Қазақтың ырым-тыйым сөздерін айту.
-
VI бөлім
«Ұлттық нақыш»
Матадан немесе түрлі-түсті қағаздан ою-өрнек ойып жасау.
Қатысушыларды шақыру және төрелік
Қыз жүрегі — бір арналы, бақыт — оның ізгі арманы. Өмір оты гүл жайнаған, қыз — өмірдің қызғалдағы. Ендеше, ортаға әдемі, әсем, аяулы аруларды шақырайық.
Қатысушылар қоржындағы нөмірленген асықтарды кезекпен алып, өз нөмірлерін таңдайды.
Әділдікті ту етіп, аруларды бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстырылады.
II бөлімге арналған сұрақтар (үлгі)
Оюланған конверттерге салынған сұрақтар ішінен қатысушы бір конвертті таңдап, екі сұраққа жауап береді.
№1
- Бесік жырын айтатын адам кім?
- «Бес дұшпанды» атаңыз.
№2
- Қазақтың ішекті аспабын атаңыз.
- Қыздардың бөркіне қадайтын құстың қауырсыны қалай аталады?
№3
- Жаңа киімге берілетін жоралғы қалай аталады?
- Ұясы жоқ құс.
№4
- Үш жұртты атаңыз.
- Мұсылманның бес парызын атаңыз.
№5
- Жеті атаға кімдер жатады?
- Сыбаға деген не?
№6
- Үш байлықты атаңыз.
- Төрт түліктің пірлерін атаңыз.
Дерек
Астана қаласы, №53 мектеп-лицейі. Жоғары санатты тарих пәні мұғалімі: Авдхалым Асия. «Наурыз аруы» сайысы материалы.