Тақтаға шығарып орындату
Сабақтың тақырыбы
Менің Отаным — Қазақстан
Пәнаралық байланыс
География, әдебиет, тарих
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Әңгімелеу
- Диалог оқыту
- Мәнерлеп оқу
- Кластер құру
Көрнекіліктер
- ҚР мемлекеттік рәміздері
- Астана көріністері
- Интерактивті тақта, слайдтар
- Кеспе қағаздар, кластер
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушылардың Отан туралы түсінігін кеңейту; мемлекеттік рәміздермен, Президентпен және Астана қаласымен таныстыру.
Түзету-дамытушылық
Оқушылардың сөздік қорын молайту; сауатты оқу, жазу және сөйлеу дағдыларын түзете отырып дамыту.
Тәрбиелік
Оқушының еліне деген сүйіспеншілігін, құрмет сезімін тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сабақ басында оқушылармен сәлемдесу жүргізіліп, сыныптың сабаққа дайындығы тексеріледі.
А) Сәлемдесу
Сәлем, маған,
Сәлем, саған,
Сәлем-сәлем бүкіл әлем!
Ә) Тілдесу және даярлық
- Сәлеметсіздер ме, балалар?
- Бүгін нешесі? Аптаның қай күні?
- Қазір қай мезгіл? Күз айларын кім атайды?
- Ауа райы қандай? Жерде не жатыр?
II. Үй тапсырмасын тексеру және сөздерді қайталау
Тапсырмалар
- «Жеті ұл» тақпағын тақтаға шығарып, бүкіл сыныпты қатыстыра отырып қайталау.
- Өткен сабақта танысқан сөздерді еске түсіру және тақтада орындау.
Сөздік (қайталау)
- Уақыт
- время
- Таңертең
- утро
- Күн тәртібі
- режим дня
- Ояндым
- проснулся
- Жуындым
- умылся
- Киіндім
- оделся
- Тамақтандым
- покушал
III. Жаңа сабақ
Сабақ сұрақтан басталады: «Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?» Оқушылар: «Қазақстан» деп жауап береді.
Кластер: «Қазақстан» дегенде ойыңа не келеді?
Оқушылардың жауаптары тыңдалып, тақтаға ілінеді. Төмендегі сөздер негізгі ұғымдарды айқындайды:
Кіріспе бөлім
Қазақстан — бәріміздің Отанымыз. Әр адамның өз туып-өскен жері бар. Сондықтан әрбір азамат өз Отанын, туған жерін, ата-мекенін қорғауы тиіс.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Қазақстан — біздің Отанымыз». Сабақ барысында сөздік қорымызды байытып, туған жеріміз туралы мағлұмат алып, ойымызды еркін жеткізіп, ауызша сөйлеуге үйренеміз.
Келесі қадам
Алдымен жаңа сөздермен танысамыз және оларды сөйлеуде қолдануға жаттығамыз.
Ескерту: Бұл сабақ жоспары ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған №2 Қостанай арнайы мектеп-интернаты (КММ) тәжірибесіне негізделген.
Автор туралы
Өткізген
Қазақ тілі пәні мұғалімі: Жусупова Гүлнар Даурханқызы
Материал
Тақырып: «Менің Отаным — Қазақстан»