Айналайын тобының орындауында Астана әні
Арайлы таңдай — сұлу Астана!
Бастауыш сынып оқушыларына арналған ертеңгілік. Музыка залы әсем безендіріліп, теледидарда Астана туралы бейнеролик көрсетіліп тұрады.
Кіріспе сөз
Жүргізуші:
Келіңдер, кешікпеңдер бүгін тойға, бәрі де,
Аямас өнерпаздар ән мен жырын, сәнімен.
Келіңдер шілде айында той тойлайық,
Билейік, жырлайық, ән салайық.
Қала тойы — көңіл тойы, шілде тойы,
Жақсылық болса дейтін өмір бойы.
Жылда осылай елімізде той көбейсін,
Елдегі бақыт, байлық, бақ көбейсін.
Екі тілдегі құттықтау
Ведущий
В Казахстане мы живем,
Есть у каждого свой дом.
Есть работа, есть друзья —
Мама, папа, ты и я!
Ведущая
В Казахстане очень много красивых городов: Алматы, Капшагай, Шымкент, Тараз.
А вы, дети, знаете, как называется самый главный город в Казахстане?
(Жауап: балалар.)
Жүргізуші:
Қала күні құтты болсын ағаларға,
Қала күні құтты болсын аналарға.
Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи,
Қала күні құтты болсын баршаңызға!
Балалардың өнері
Жүргізуші: Келесі кезекті балалардың тақпақтарына берейік. «Айналайын» тобының орындауында — «Астана» әні.
-
1-бала
Астанамыз сүйкімді,
Гүлдей жайнап, құлпырды.
Қызықты болып барады,
Бір күннен — бір күні. -
2-бала
Здравствуй, здравствуй, моя Астана,
Здравствуй, здравствуй, столица родная.
Здравствуй, здравствуй, народ и страна —
Процветания всем вам я желаю. -
3-бала
Әлемдегі дара бір
Әсем сәндік қала бұл.
Есіл арбаты, жаңа үй —
Бүкіл әлем көріп тұр. -
4-бала
Інжу тастан өріп бір,
Салған ғажап көрік бұл.
Салтанатын, сәулетін —
Жаңа Астанамыз жайнап тұр. -
5-бала
Как я люблю тебя, тебя,
Моя столица — Астана.
Цвети всегда, всегда ты —
Астана и вся страна!
Қорытынды
Бұл ертеңгілік балалардың туған елге деген сүйіспеншілігін арттырып, елорда — Астана туралы білімін кеңейтуге, өнерге деген қызығушылығын оятуға бағытталған.