Құрылған жарлықтардың белгішелерін алмастырыңдар

Сабақ №9

Тақырыбы: Практикалық жұмыс — файлдар, бумалар, белгішелер

Бұл сабақта оқушылар Windows ортасындағы негізгі объектілермен жұмыс істеуді тәжірибе арқылы меңгереді: файл, бума және белгіше (жарлық).

Мақсаты

  • Білімділік

    Оқушыларды Windows ортасының объектілері — файл, бума және белгішелермен (жарлықтармен) жұмыс істей білуге үйрету, меңгерту.

  • Дамытушылық

    Оқушылардың компьютерде жұмыс істеу дағдыларын, логикалық және абстрактілі ойлау қабілеттерін дамыту.

  • Тәрбиелілік

    Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Практикалық сабақ.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа дайындық, құрал-жабдықтарды тексеру, қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.

II. Үй тапсырмасын сұрау

  • Windows объектілеріне нелер жатады?
  • Файл дегеніміз не?
  • Бума дегеніміз не?
  • Белгіше (жарлық) дегеніміз не?

III. Практикалық жұмыс

Тапсырмалар күрделілік деңгейі бойынша үш бөлімге бөлінеді: A, B, C. Әр деңгейде файлдар, бумалар және жарлықтармен жұмыс жасау дағдылары бекітіледі.

A деңгейі

  1. Кез келген файлдар үшін (өз қалауың бойынша) бума құр.
  2. Жұмыс үстеліндегі жарлықтарды 4 тәсілмен ретте.
  3. Құрылған жарлықтардың атауын өзгерте.
  4. Құрылған жарлықтардың белгішесін өзгерте.
  5. Құрылған бір жарлықты Қоржынға (Recycle Bin) апар.
  6. Қажетсіз жарлықтарды жой.

B деңгейі

  1. Бірінің ішіне бірі салынған бумалар құр.
  2. Бумалардың бірінде мәтіндік құжат құр.
  3. Жұмыс үстелінде өз бумаларың үшін жарлықтар құр.
  4. Құрылған жарлықтардың атауын өзгерте.
  5. Қажетсіз жарлықты жой.

C деңгейі

  1. Мәтіндік редакторда жарлық құрудың барлық мүмкін тәсілдерін сипатта.
  2. Құжатты «Жарлық құру» деп сақта.
  3. «Бума құру» деген екінші құжат құр.
  4. Екі файлды да өзің құрған бумаға сақта.
  5. Осы бума үшін жұмыс үстелінде жарлық құр.
  6. Буманың атауын «Жұмыс» деп өзгерт.
  7. «Жұмыс» бумасын жасырын (Hidden) етіп бапта.

Қайталау (бекіту сұрақтары)

1) Файл деген не?

2) Файл атауының ең үлкен ұзындығы қандай?

3) Бума деген не?

4) Жарлық деген не?

5) Жарлықты қалай құрамыз?

Бағалау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушылардың жұмысы бағаланады.

Үйге тапсырма

Тақырыптың толық нұсқасын қарап, негізгі ұғымдарды қайталау.