Жұптық есептер шығару
Сабақтың мазмұны
Бұл материал 6-сыныпқа арналған: функция туралы ұғымды қалыптастыру және функцияның формула арқылы берілуін түсіндіру.
Сабақтың мақсаты
Оқушыларда функция туралы ұғымды қалыптастыру; алғырлыққа баулу; алған білімді қорытындылап, тәжірибеде қолдана білуге және шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
Түсіндірмелі (жаңа сабақ).
Сабақтың әдісі
Блум таксономиясы.
Көрнекі құралдар
- Парақшалар
- Тапсырмалар
Сабақ жоспары
- 1Ұйымдастыру кезеңі
- 2Үй тапсырмасын тексеру
- 3Жаңа сабақ
- 4Жаңа сабақты бекіту (талдау)
- 5Қолдану (жұптық есептер шығару)
- 6Үй тапсырмасы
- 7Қорытындылау
- 8Бағалау
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімнің кіріспе сұрақтары:
- Сәлеметсіздер ме, оқушылар?
- Бүгін кім кезекші? Орныңнан тұра қой.
- Сыныпта кім жоқ?
- Сабаққа дайындаламыз. Сабақты бастаймыз.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Өткен тақырып бойынша орындалған тапсырмалар тексеріледі, қателер талданады.
3) Жаңа сабақ: Функция ұғымы
Анықтама: Бірінші жиынның әрбір элементіне екінші жиынның бір ғана элементі сәйкес келетін екі жиын арасындағы сәйкестік функция деп аталады.
Мысал есеп
Квадраттың қабырғасы a см болса, оның периметрін табыңдар. Мұнда a = 2.
Шешуі: Егер a = 2 болса, онда P = 4 · 2 = 8 см.
Формула арқылы берілуі
Берілген есепте бірінші және екінші жиын арасындағы сәйкестік:
P = 4a, мұнда a > 0
Мұндағы a — тәуелсіз айнымалы (аргумент), ал P — тәуелді айнымалы (функция). Яғни, тәуелсіз айнымалы аргумент, ал тәуелді айнымалы функция деп аталады.
Негізгі деректер
- «Функция» сөзі латынның functio сөзінен шыққан, қазақша мағынасы — орындау, атқару.
- Функция терминін математикаға 1694 жылы алғаш енгізген неміс физигі әрі математигі Готфрид Вильгельм Лейбниц.
- Функционалдық тәуелділік формуламен, кестемен немесе графикпен беріледі.
- Аргументтің берілген мәніне сәйкес функцияның мәні табылады.
Анықталу аймағы
Аргумент қабылдайтын мәндер жиыны функцияның анықталу аймағы деп аталады. Белгіленуі: D(f) немесе D(y).
Мысал
f(x) = 3/(x − 4) функциясының анықталу аймағы — 4 санынан басқа барлық сандар.
D(f) = (−∞; 4) ∪ (4; +∞)
Мәндер аймағы
Функцияның қабылдай алатын мәндерінің жиыны функцияның мәндер аймағы деп аталады.
4) Жаңа сабақты бекіту (талдау)
№1257 есеп тақтада орындалады. Есеп шығарылғаннан кейін түсіндірмелі талдау жұмысы жүргізіледі.
5) Қолдану: жұптық есептер
Оқушылар қасындағы оқушымен жұптасып, есептерді шығарады:
- №1259
- №1261
6) Үй тапсырмасы
№1264 есеп.
7) Қорытындылау
«БҮҮ» стратегиясы бойынша сабақ қорытындыланады.
8) Бағалау
Оқушылардың жұмысы бағаланады.
Автор туралы мәлімет
Өңірі: Қостанай облысы, Амангелді ауданы
Мектебі: Құмкешу жалпы білім беретін орта мектебі
Пәні: Математика
Мұғалім: Зайкенова Бекзада Жұмаділқызы