Балалардың құқықтары

Балалардың құқықтары: негізгі ұғымдар мен қағидалар

Бала дүниеге келген сәттен бастап оның өмірі, денсаулығы және қауіпсіздігі мемлекет тарапынан қорғалады. Қазақстан Республикасының Конституциясы — барлық заңдардың негізгі, басты құжаты. Сонымен қатар, балалардың құқықтарын тікелей қорғайтын халықаралық құжат — 1989 жылғы 20 қарашада қабылданған «Балалар құқықтары туралы конвенция». Қазақстан бұл конвенцияға 1995 жылдың желтоқсанында қол қойды.

Декларация

Тараптар мақұлдаған жалпы принциптер мен мақсаттарды қалыптастыратын салтанатты акт.

Міндет

Адамдар бұлжытпай орындауға тиіс тәртіп пен қарым-қатынасқа қойылатын талап.

Құқық

Қоғамдағы адамдардың өзара қарым-қатынасын реттейтін, мемлекет белгілеп қорғайтын нормалар мен ережелер жиынтығы, сондай-ақ осы нормаларды зерттейтін ғылым.

Конституция

Конституциялық құрылысты бекітетін, адам мен азаматтың құқықтары мен еркіндіктерін айқындайтын, мемлекеттік биліктің федералдық органдарын белгілейтін негізгі құрылтайшы саяси-құқықтық акт.

Мораль

Адамның іс-әрекетін қайырымдылық пен зұлымдық, әділдік пен әділетсіздік және басқа да өлшемдер тұрғысынан реттейтін нормалар мен принциптер жүйесі.

Баланың негізгі құқықтары

  • Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы.

  • Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.

  • Әрбір бала өз отбасында, ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы.

  • Бала міндетті түрде алғашқы білімін тегін алуға құқылы.

  • Бала денсаулығын сақтауға және емделуге құқылы.

Қазақстан оқушысының міндеттері

1) Заңды сақтау

Әрбір оқушы ҚР Конституциясы мен заңдарын сақтауға міндетті.

2) Өзгенің құқығын құрметтеу

Басқа адамның құқықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін сақтауға міндетті.

3) Табиғатты қорғау

Табиғатты қорғауға міндетті.

4) Мәдени мұраны сақтау

Тарихи-мәдени мұраларды сақтауға міндетті.